Жеткіншектерде кездесетін мінез акцентуациясы

Мектеп жасындағы жеткіншектік кезең аса айқын, қиын, және өзгерісі көп қауіпті кезең. Бұл кезеңнің қиындығы баланың денсаулығына бұрын қалыптасып қалауымен байланысты. Егер жеткіншектің денсаулығына қатынас бірыңғай, барабар болмаса, ол өтпелі кезеңде жағдай асқынып кетеді. Ағзаның маңызды жүйелерінің қайта құрылуы жеткіншектің өзіне де елеусіз өтпейді, әр жеткіншек жаңа және ылғи сүйкімді бола бермейтін өзгерістерге дайын емес. Көбінесе бұл бас айналу, әлсіреу жүрек ауруы арқылы білінеді т.б. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың белгілі бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болады, бірақ жас ерекшелігінің заңдылығы сондай, онда кісі аралық қатынастар сонша жаңа қиындықтарды қосады. Әсіресе, жеткіншектік кезеңдегі мектеп неврозы мен дидактогендіневроз бір-бірімен өте байланысты. Мектеп неврозы себепсізагрессиялықтан,мектепке баруға қорқудан, сабаққа қатынасудан, тақтаға шығып жауап беруге бас тартудан көрінеді яғни дезадаптивті мінез-құлықтан көрінеді. Мектеп мазасыздығы жиі байқалады, мұның себептері көп жекебасының отбасында дұрыс тәрбиеленуінен т.б.

Дезадаптациялық процестер, акцентуация көрінісі баланың жеке басының невродцы жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы қатынасының бұзылуынан болады. Бұл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз айтылған сөзден оқушылардың жүйкесінің бұзылуына себепшісі болатынын сезбейді. Мұндай көңіл-күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естіген балалар тап болады.

Акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві оқу ісінде басты болудан қалады. Құндылықтарды бағалау, өзін — өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде невротикалық бұзылуы мүмкін. Невроз -тұлғалық дамудың ауруы. Бір патогендік жағдай невротикалық бұзылуға алып келмейді. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударса, адаптациялық бөгеттерді тұрақты етуге ол кісінің психогендік дамуын тоқтатуға болады. Сонымен мектептің неврозына профилактика, коррекция жасауға көмектесетін шаралар қажет. Оның ішінде баланың дамуына ерте диагностика жүргізу, оның мүмкіндіктерін ескерту және ата-аналармен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жұмыс істеу қажет.

1.2. Жеткіншектерде кездесетін мінез акцентуациясы және оның орын алу себептері.

Жеткіншек жас кезеңінде балалармен, өз қатарларымен, қоршаған ортамен қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы үлкен орын алады.

Жеткіншектің жаңа праволарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға, т. б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген правосынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған (баланың ересектермен қатынасындағы тең правосыздық жағдайын бейнелейтін) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің праволарың шектейді де, өз праволарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең праволылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары — ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типтің жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағыправоларының мүлдем жаңа проблемасын туғызады.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым- қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары — жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.

Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:

  • жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі; ол мектеп оқушысы болған, әлі де сол қалпында қала бермек;
  • оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер ролін атқарады;
  • ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті (қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын);
  • әсіресе бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы. Осының бәрі ересек адамға жеткіншекті бағуға, тіл алуға тиісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің праволары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық, тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс. уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен праволардыұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерге іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді. Жеткіншек пен ересектердің тартыс-таласының себептері. Жеткіншек кезеңінің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігімен оның жаңа праволарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас-тартыстар мен қиыншылықтар жеткіншектің праволары мен дербестігініңсипаты туралы олардың түсініктерінің үйлеспеушілігінен келіп шығады.

Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпесе, онда жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы бола бастайды. Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады; ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересектік» қатынастарды таңады. Талас-тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік негіз болады. Осындай негізде ересек адамның талаптарын, бағалары мен көзқарастарын енді әдейі қабылдамау келіп шығуы мүмкін, сөйтіп жеке адамның моральдық және әлеуметтік бағдарлары қалыптасатын осындай жауапты кезеңде жеткіншекке ықпал жасау мүмкіндігінен мүлдем айрылып қалуы мүмкін. Жеткіншек ересектердің қарым-қатынасына неғұрлым көбірек наразы болса, оған жолдастары соғұрлым керек, олардың бұған ықпалы соғұрлым күштірек болады.

Талас-тартыс — ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке адамның дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығыныңсалдары.

Жеткіншектердіңересектермен қатынастарындағыдербестігіментең праволылығы проблемасы-олардың қарым-қатынасындағы және жалпыалғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең күрделі әрі шұғыл проблема.Жеткіншектің мүмкіндіктеріне, оған қойылатын қоғамдық талаптарға сай келетіндей және ересек адамға оны бағыттауға, оған ықпал жасауға мүмкіндік беретіндей дербестік дәрежесін табу қажет.

Егер ересек пен жеткіншектің арасындағы қарым-қатынас ересектер қарым-қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтар болмауы мүмкін. Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет. Олардың өмірінің ортақтығы түрлі мазмұнда құрылуы, ал ынтымақ іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде өрістеуі мүмкін, бірақ бұлардың екеуі де бірдей мөлшерде қажет. Ынтымақ процесінде жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдері қалыптасады, олар моральдық-этикалық мазмұны жеткіншектің әлеуметтік ересектігін дамыту міндетіне және ересектермен қарым-қатынастың сипатына, оның қоятын жаңа талаптарына сай келеді. Нақ осы ынтымақ ересек адамға жеткіншекті әр түрлі істер мен кәсіптерде өзінің көмекшісі және жолдасы жағдайында қоюға, ал өзіне оған үлгі-өнеге әрі дос болуға мүмкіндік береді. Нақ осындай қарым-қатынастар жеткіншекке субъективті тұрғыдан, ал оны тәрбиелеуге объективті тұрғыда қажет.

Ересек адам мен жеткіншектің жеке қатынастарындағы сәттіліктің олардың арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі мынадан: жеткіншектік кезеңнің басталуында баланың ересектермен және жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалады. Мұның бірінші себебі — баланың осы екі жүйеде принципті тұрғыдан жағдайының әр түрлі болуы. Ересектермен қарым-қатынаста ол балаларға арналған тіл алу моралында тіркелген тең праволы емес жағдайда болады. Жолдастарымен — құрдастарымен -қатынаста ол принципті теңдік жағдайында болады, мұның өзі, бір жағынан, ересек адамның ересектер дүниесіндегі болашақ жағдайында тең, ал екінші жағынан, ол балалардың іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі ынтымағы элементтерінің көзі болып табылады.