20-30 — жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық советтік психологиядағы (оның қалыптасу кезеңінде) бірқатар зерттеулерде де болды. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен, А.С.Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологтары (этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда «табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмірмен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларынан болатын не екенін анықтау үшін қарадүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа аралындағыжеткіншектердізерттегенМ.Миджеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым, жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз балада жыныстық толысудың басталуы, біріншіден, оның өзі үшін төтенше субъективтік маңызы болмауы және мүлдем дерлік еленбей өтіп кетуі мүмкін екенін және, екіншіден, қыз баланың өмірінде оның әр түрлі маңызы болуы мүмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның праволары мен міндеттері ғана өзгереді.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларды «Эдип комплексінің» міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролі жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарың орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады — ресми кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына: 1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2) дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3) балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бүл зерттеулерден фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады.
Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К.Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті.
Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д.Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады.
Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.
Адамның психикалық қасиеттерін зерттеп, оның қыр-сырына түсінуге қызығушылық адам өмірінде барлық уақытта үлкен орын алады. Адам өзі өмір сүретін ортаның қасиеттерін, тірі табиғат қасиеттерін, жеке тұлға ерекшеліктерін зерттеуді ежелде басталған. Қазіргі кезде жер бетінде өмірдің пайда болуы, олардың эволюциялық дамуы заңдылықтарын түсінгеніне сүйене отырып,өсімдіктерменжануарлардыңкөптегентабиғатта жоқжаңа қасиеттері бар түрлерін адамдар жасап шығарып жатыр. Дегенмен адам өзінің, психикалық ерекшеліктерін әлі де болса терең және жан-жақты танып біліп алуға шамасы келген жоқ.
Психофизиологиялылық зерттеулер нәтижесінде барлық жекелік қасиеттердің көптеген ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан толық бағалауға, сол қасиеттердің дамуы нормада, немесе одан ауытқуы бар екенін бағалауға мүмкіндік жасалған. Жеке тұлға, оның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу және оны анықтау әдістемелерін жасау 19 ғасырдың ортасынан басталып қазірге дейін жетілдіруде. Осы зерттеулер нәтижесінде жеке тұлға анықтамалары, адамдардың жекелік ерекшеліктеріне байланысты оларды типологиялау, әр адамның жан дүниесінің профилін жасау т.б. өте күрделі зерттеу жүргізуге арналған әдістемелер қалыптасты.
Типологиялық зерттеулер 20 ғасырдың басында Кречмер, Шелдон зерттеулерінен басталды. Бұл ғалымдар адамның мінез ерекшеліктерінің дене құрылысымен байланысты деп болжамдап, осы болжамды дәлелдеу үшін көптеген зерттеулер жүргізді. Кречмер Еуропе елдері мен АҚШ-тағы психоз ауруға ұшырағандарды зерттеу барысында адамның дене құрылысы мен оның психикалық ауруының түрі арасында корреляциялық байланыс бар екенін анықтады. Осы байланыстың заңдылықтарын зерттей отырып ол адамдар мінездерінің типологиясын жасады.