Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды шикі заттық бағыты бар елден индустриалдық-дамыған мемлекетке айландырып, әлемнің бесекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру тапсырмасын қойды.соынмен қатар инновациялық индустрияландыру мәселесін ұлттық идеялар деңгейіне дейін көтеру керек деді Бүгінде барша қазақстандықтар Үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламасына үлкен үмітпен болашаққа жоспар жасауда. Ел экономикасын қанаттандырған бағдарламалар Қазақстанның әр облысында өз жұмысын бастап кетті. 2003-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік стратегияның мақсаты-шикізат бағытынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. 2003 ж. Елбасы Жолдауында индустриялық-инновациялық стратегияны іске асырудың жоспары белгіленген болатын. Онда президент инвестициялық ахуалды жақсарту үшін:
- Туындап келе жатқан бизнесті қолдау. Ғылыми зерттеулермен, жаңа технологияларды жасап және енгізумен белсенді айналысып жүрген компанияларды ынталандырып отырған жөн.
- Салықтық преференцияларды ұсыну- ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыруды қамтамасыз етіп, жобалардың қайтарым мерзімін үйлестірулері тиіс.
- Өндірісті жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру жағдайларын жақсарту туралы міндеттерді жүктеген [1,6б].
Сонымен қатар осындай бағдарламаны жүзеге асыруда тағы да бірнеше жоспарлар орын алуда, ол Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес таза техникалық және кәсіптік білім берудің 2008-2012 жылдарға арналған даму бағдарламасы болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мақсаты- экономиканың шикізаттық емес секторындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс орныдарын құру. Индустриялық-инновациялық стратегияны енгізудің тиімді тәсілдердің бірі-бұл аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңберінде өзара технологиялық байланысқа ие болған кәсіп орындардың интеграциялануы мен кооперациялануы. 2010-2014 жылдарына арналған ҚР үдемелі индустрия-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламада электрондық қызмет және «электронды үкіметті» дамыту жоспарланды. Бизнес және халықтың қамтамасыз ету, мемлекеттік органның жұмысын жеңілдету және оңтайландыру үшін «электронды үкіметтің» архитектурасы құрылып кеден одағы шеңберінде мәліметтермен алмасу үшін инфокоммуникациялық инфрақұрылым және де электронды лицензияның электронды нотариаттың және электронды атып алудың ақпараттық жүйесі енгізілетін болады. Сондай-ақ «Е-лицензиялау» мәліметтер базасы –автоматтандырылған құрылымы қабылданды [2,3б]. Шетел инвесторлары кеңесінің 18-ші отырысында өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі ұлттық орталықты құрып, оны «Жасыл даму» өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешендік басқару жөніндегі орталықты құру жоспарланды. Қазіргі уақытта «Мақсатты трансферттер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1,5 млрд тг 4 инвестициялық жоба іске асырылуда [3,3б].
Еліміздің мәшине жасау саласын дамытудың 2010-2014 жылдарына арналған жобасының өңірінде ішкі рыноктың сұранысын арттыру және қосымша құны жоғары болып келетін мәшине жасау саласы өнімдерінің өндірісін ынталандыру, бірте-бірте олардың экспортын қалыптастырып, дамыту жөнінде қарастырылған еді [4,3б]. Шығыс Қазақстанда 2010 жылғы қаңтар-маусым аралығында машина жасауда кабель өнімінің өндірісі 13,7%-ға, конденсаторлар 44,6%-ға, ауыл және орман шарушылығына арналған тракторлар және шынжыр табанды тартқыштар өндірісі 3,5 есе артты [5,1б].
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының басымдығы (ҮИИДБ) еліміздің жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн. теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік беретін маңызды құжат болып саналады. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында ІЖӨ өсу деңгейі 7,6 % көрсеткішті береді, дағдарыстан кейінгі жақсы көрсеткіш деп есептелелінеді. Алдағы экономиканың өсу жағдайы қажетті 5 басым бағытты қолдау міндеті тұр: қаржы саласын тұрақтандыруға, жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешуге, щағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, индустриялық-инновациялық жобалардан ұлттық қордан 1трлн. 200 млрд. теңге бөлінген [6,172]. Бағдарлама мынадай екі мәселеге барынша басымырақ назар аударуды көздейді, біріншісі – дәстүрлі экспорттық сектордың өнімдерінің алуан түрлілігін қамтамасыз ету болса, екіншісі – инновациялық өнеркәсіпті дамытуға ден қою. Бесжылдықтағы жедел индустриялды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын. Олар агроөнеркәсіп кешені, құрылыс саласы, мұнай өңдеу, металлургия, химия өнеркәсібі және фармацевтика, энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту. Индустриялды-инновациялық бағдарламаны іске асыру үшін ауқымды жұмыстардың басым бөлігі өңірлерде іске асырылады [7, 22б.]. Экономика саласының құрамдас бөлігі болған бұл бағдарлама Шығыс өңіріндеде қарқынды дамуда. Индустриалды аймақ жаңа инновациялық өндірісті жүзеге асыруға жол ашады әрі жаңа жұмыс орындары пайда болады, осы аймаққа енген кәсіпорындар арқасында қаланың экологиясы да жақсарады деп ойлаймын. Сонымен қоса оны дамытуға жастар күшіде орны алды. «Бизнестің жол картасы – 2020» жобасымен, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі даму жолдары Шығыс Қазақстан облысы түсті металлургия және машина жасау орталығы, өнеркәсіп кешені дамыған өңір ретінде Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады [8]. «Жеделдете индустриялық-инновациялық даму» жоспары облыс аймағында жүргізілуі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрияландыру картасына 22 жоба енгізілді. Оның ішінде 8 жоба Республикалық картаға және 14 жоба Өңірлік картаға енді.
22 жобаның қатарынан 2010 жылы 12 жобаны іске асыру жоспарланған және қазіргі уақытта «Қуатты және бақылау кәбілдерін өндіретін цехты дамыту» жобасы (Жобаның бастамашысы «East Industry Company Ltd» ЖШС) іске асырылды. Шығыс жерінде жол мәселесінде биылғы жылда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 6406 млн. теңге қаражат бөлінген. Шығыс Қазақстан облысында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 2793,030 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, 95 жобаланған жоба бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сонымен қатар қалалар мен елді мекендер көшелерін қайта жаңарту, күрделі, орташа және жөндеу нысандары бойынша жұмыстарды орындауға шарттар бекітілді. Шығыс Қазақстан өңіріндегі мемлекеттік университеттерінде соңғы жылдары тау-кен металлургия саласына арналған зертханалар ашылып, шетелдік осы заманғы жабдықтар орнатылған және бизнеске үйрету орталықтары ашылған. «Алтай» технопаркі мен орталықтарда жергілікті ғалымдар бірқатар жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде [9].
«Шығыс Қазақстан облысының 2007-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу бойынша тұжырымдамасы» (бірінші кезеңі 2007-2010 жж.) ) кешенді болып табылады, ол Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен және «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210-І Заңымен тұтастай үйлескен. Тұжырымдама облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге және оны жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін экономикалық және құқықтық әдістерді құруға бағытталған. Бұл Тұжырымдаманы жүзеге асыру отын-энергетикалық кешен обьектілеріне салмақ түсуді төмендетуге және әлеуметтік мәселелердің шешілуін жеңілдетуге жағдай туғызады. Тұтынушыларды есептеу құралдары және жүйелерімен қамтамасыздандыру және коммуналдық-тұрмыстық секторында энергия үнемдеуді жүзеге асырумен бірге бір уақытта энергия таратушылардың шығынын реттеу – энергетикалық ресурстарға қажеттілікті қысқарта алады.
Сонымен қатар, зауыттың территориясында арнайы жабдықтармен жабдықталған ағаш өңдейтін, ағаш өңдеу, механикалық цехтар салынған және жұмыс істеуде. Өлкемізде жоба барысында дәл мерзімде атқарып жатқан шағын және орта бизнес кәсіпорындары бар: «БИПЭК АВТО»; «Айтас»; «ЛИК»; «Титан»; ІТ-Рейтинг Компаниясы; «ДСК-1» ЖШС; «Азия-Авто» АҚ; «Востокмашзавод» АҚтіркелген. «Востокмашзавод» АҚөндірілетін өнімі: пішінді болат құймалар, болат, соның ішінде, қалыпталған, соғылмалар, химиялық жабдық, мамандандырылған технологиялық жабдық, бұрғылау құралы, тау-шахта жабдықтары [10] «Титан» фирмасының және Шығыс-Қазақстан облысының мақтанышы — 1999 жылы Винное ауылында салынған, ат фермасы және ипподромы бар спорттық-ат комплексі. «Титан» компаниялар тобы — құм және тас қосындысын өндіретін ұнтақтау-іріктеу комплексі іске қосылды. Бұл комплекске өнім, комплекстің өз карьерінен алынады. Соңғы бес жылда қазба байлықты пайдалануға инвестиция тарту үш есе өсіп, 1 миллиард АҚШ долларына артты. Сала кәсіпорындары жоғары қарқынды қамтамасыз еткен жаңа өндірістерді енгізуде.«Казцинк» мыс балқыту электролиз заводының құрылысын жүргізуде, Өскемен титан-магний комбинаты титан құймалары мен балқымаларын өндіру жобаларын жүзеге асыруда, ҮМЗ-де «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы аясында жоғары технологиялық тантал өнімінің өндірісі құрылды. «Қазақмыс» корпорациясы ТМД-дағы ең ірі Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысы жобасын іске асыруда. Бұл өндірістерде төрт мыңдай жұмысшы жұмысқа орналасатын болады.Кен-металлургия саласы машина жасауды дамытуға негіз қалайды, соңғы бес жылда оның үлесі екі есе өсті. «Востокмашзаводта» вакуумдық-пленкалық жоба өндіріске енгізілуде. Бұл өнімді жеткізуге байланысты Қазақстан вагон жасау компаниясымен 7,6 миллиард теңгенің келісім-шартына қол қойылды. Өскемен арматура заводы 800 миллион теңгенің тапсырысын алды, бұл өндірістік қуаттың 16 пайызын құрайды. Сондай-ақ, өнімді Ресейге экспорттауға байланысты 2,2 миллиард теңгеге келісім-шарт жасалды.Машина жасау саласының 11 пайызын автомобиль құрастыру құрайды. Кәсіпорын қалалық автобустар мен «Беларус» маркалы тракторларды құрастырудан бастады. «ҚазАгро» бір миллиардтан астам теңгеге тракторларды лизинг бойынша сатып алуды қаржыландырады. Кеңінен тараған пайдалы қазба байлықтар қорының молдығы құрылыс материалдары өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Өңірде төмен өзіндік құнмен қуаты бір миллион тонна цемент шығаратын цемент заводының жобасы жүзеге асырылуда. «Эскор» компаниясы 50 миллион дана керамикалық кірпіш өндіретін жобаны қолға алды. «Альтрейд» ЖШС базасына «Алтай» технопаркінің жобасы бойынша бериллий тотығы негізінде керамикалық материал өндірісі қалыптасты. Металлургия өнеркәсібінде 117,7 млрд. теңге өнімі өндірілді. НКИ өткен жылдың сәйкес кезеңінде 119,9%-ды құрады. Легирленген электр болат өндірісі13,8%-ға өсті, сонымен қатар 2010 жылғы 6 ай ішінде негізгі асыл және түсті металдар өндірісінде аффинаждалған алтын өндірісі 1,7%-ға ұлғайды, күміс21,1%-ға азайды. «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамында гидроизолляциялық төбе жабу материалдарын өндіру жобасы басталды. Қазақстандық үлес бойынша жұмыс аясында «Силикат» ЖШС, «Восток-Универсал» «Самұрық-Қазына» жүйесі арқылы Астана құрылысына екі миллиардтан астам теңгенің кірпіші мен минералваталық өнімін, Бұқтырма цемент компаниясы, 3,1 миллиард теңгенің өнімін жеткізуге келісім-шартқа отырды. 2010 жылдың бірінші шілдесіне облыста кенді пайдалану 231 объектілер бойынша, соның ішінде 196 – қатты пайдалы қазбалар бойынша (оның 123–ОПИ бойынша) жүзеге асырылған. 2010 жылдың басынан жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша лицензиялық-шарттық міндеттерді орындамаған кен пайдаланушылармен 26 келісім және қатты пайдалы қазбалар бойынша бір келісім үзілді. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауындағы кенді игерудегі инвестиция 819,4 млн. доллар, ал барлау бойынша 26,2 млн. доллар құрап отыр [11].
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту міндеті тұр. Биыл егіс көлемі алты пайыз ұлғайтылды, бұл 650 мың тонна астық алуға мүмкіндік береді. Облыста республика бойынша ең көп көлемде сүт, күнбағыс, ет өндіріледі. Сонымен бірге, өнімнің – 10-12 пайызы ғана қайта өңделеді. Электр құрал-жабдықтар өндірісінде 4042,4 млн. теңге өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 47,6 есе көп, басқа категорияларға қосылмаған машина және құрал-жабдықтар өндірісінде 5970,2 теңге өнімі өндірілді. 2010 жылғы қаңтар-маусым аралығында тоқыма бұйымдар өндірісінде 175,8 млн. теңге өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен шын көрсеткіш бойынша 72,3%-ға көп. 2010 жылғы 6 ай ішінде тері және оған қатысты өнімдер өндірісінде 148,9 млн. теңге өнімі өндірілді, нақты көлемнің индексі 995,2% құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Семей былғары-тон комбинаты» ЖШС қайта өңдеу кәсіпорынның өндірісті жаңартуға байланысты уақытша тоқтап қалуынан ірі қара мал және жылқы тұқымдас малдарынан жүнсіз тері өндіру 37,0%-ға төмендеді. Ал ағаш өңдеу және ағаш бұйымдар өндірісінде өндіріс көлемі 41,7%-ға төмендеді. 2010 жылғы 6 ай ішінде өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 13,8 млрд. теңге өнімі шығарылды, нақты көлемнің индексі 2009 жылдың деңгейі 144,5%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы салаларындағы экономикалық өсім негізінен өнім өндірудің жалпы көлемінде үлесі басым шаруашылықтардың дамуына, сондай-ақ қаржылық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерге де байланысты. Ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігі шаруашылықтың үш санатының: кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының және жұртшылық шаруашылықтарының дамуына мүмкіндік береді. Сүт бағытындағы мал шаруашылығында өнім өндіру көлемі артуының экстенсивті әдісі анықталған, яғни өнімнің түсімі сандық көрсеткіштерге байланысты. Осы кезеңде союға өткізілген ірі қара малдың бір басының орташа салмағы 304-305 кг-ды, шошқа – 99-100 кг-ды, жылқы – 312-313 кг-ды құрады, қой мен ешкі салмағы өзгерген жоқ (39 кг); бір бас қойдан орташа қырқылған жүн 2,5 кг-ға сәйкес келді. Облыстағы құс басының төрттен үш бөлігі құс фабрикаларында ұсталды. Соңғы бес жылда шаруашылықтың осы санатында құс саны үштен бірге, құс етін өндіру – 1,5 есеге, өнімді мекиеннің жұмыртқалағыштығы – 10,9%-ға артты.
2010 жылғы 1 қаңтарға Шығыс Қазақстанның шағын кәсіпкерлігі өзіне заңды тұлғалардың 7%-ын, жеке кәсіпкерлердің 71%-ын, шаруа (фермер) қожалықтарының 22%-ын біріктірген белсенді түрде жұмыс істеп тұрған, шаруашылық жүргізуші 71 мың субъектіден тұрады. 2009 жылдың сәйкес күнінің деректерімен салыстырғанда олардың жалпы саны 5%-ға арттып отыр. Республиканың шағын бизнесінде Шығыс Қазақстан облысы субъектілерінің үлесі 10%-ды құрады [11]. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы бұгінгі күннің басты мәселесі болып отыр Облыстың ауыл шаруашылығының даму болашағы ауыл шаруашылығы салаларындағы экономикалық өсім негізінен өнім өндірудің жалпы көлемінде үлесі басым шаруашылықтардың дамуына, сондай-ақ қаржылық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерге де байланысты. Ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігі шаруашылықтың үш санатының: кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының және жұртшылық шаруашылықтарының дамуына мүмкіндік береді. Мал шаруашылығы саласы даму болашағының алғышарты – облыста орта және ірі тауарлы өндірістерді қалыптастыру болып табылады.
Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатын қамтамасыз ету үшін қосымша 24 сою цехын, 29 мал бордақылау алаңын және 8 сүт-товарлы ферма ашу керек. Президент тапсырмасына сәйкес, фармацевтиканы дамытуды жоспарлауда. Мәселен, ядролық технологиялар паркінде ғылымды және жоғары технологияны қажет ететін фармацевтикалық препараттар өндірісі жобаланып, жасалуда.
Облыс экономикасын әртараптандырудың маңызды құрамдас бөлігі энергетикалық қауіпсіздік болып табылады. Электр қуатын өндірудің зәрулік жағдайында біз энергия көздерін жаңартып, Бұлақ ГЭС-і, Күршім ГЭС-і каскадтары құрылысын, Өскемен ЖЭО-на құбыр генератор орнату, жылу насостары мен жел генераторларын іске қосу сияқты жұмыстарды қолға алмақ. Бұл электр энергиясын өндіруді 9,3 миллиард квт/сағатқа дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қай мемлекеттің болмасын өсіп-өркендеу жолында жастардың атқарар жұмысы мен міндеттері көп-ақ. Шығыс жерінде жастарды тәрбиелеу күнтәртібінің басты мәселесі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 14 жастан 29 жас аралығындағы жастар саны 392 мың адамды құрайды, соның ішінде қалада – 206199 адам, ауылдық жерлерде – 186550 адам тұрады. Облыстың 10 жоғарғы оқу орнында 47541 студент, соның ішінде күндізгі бөлімдерінде – 23097, ал 24444 адам сырттай оқиды. Жалпы контингенті 28045 адамнан тұратын 53 колледж жұмыс істейді. 2010 жылы түлектер саны 60 740 адам, оның ішінде жоғарғы оқу орнының түлектері – 12923, орта арнаулы оқу орындарының – 60740. 2010 жылдың 1 маусымында «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында жоғарғы оқу орындарының 287 түлегі, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша – 822 адам жұмысқа орналастырылды. «Дипломмен ауылға» жобасының аясында 2010 жылы ауылдық жерлерге 16 жас маман келді. Жазғы маусымында жастарды жұмыспен қамтудың негізі түрі студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» жасақтары болып қалып отыр. Олардың қызметтерін қолдауға облыстық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жыл басынан бері облыстың оқу орындарының студенттерінен СҚЖЕЖ мен «Жасыл Ел» қатарында жұмыс істеуге 3 мыңнан астам өтініш түсіп, 840 адам жұмысқа орналастырылды; 190 адам су тасқынынан зардап шеккен аудандардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, тұрғын үйлерді қалпына келтіруге жіберілді.
Мемлекеттік билік органдары әлеуметтік мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің әлеуетін пайдалануда, бұл мақсатта олармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Облыста 119 жастар бірлестігі тіркелген, оның 90 астамы белсенді жұмыстар жүргізеді. Өскемен және Семей қалаларында «ШҚО балалары мен жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ және «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ базаларында облыстың жастар ұйымдары мен жастарына арналған ресурстық орталықтары құрылып, жұмыс істейді. 16 әлеуметтік-маңызды жобалар мен 14 әлеуметтік жобалар іске асырылуда.
Патриоттық тәрбие мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың серіктестері «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, студенттік құрылыс және еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» жасақтары жұмыс атқарады. Ауылдағы жастар бастамаларын қолдау мен дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Есептік кезеңде қалалар мен аудандар көлемінде 3 жастар Форумы, ауыл жастарының көшбасшыларына арналған 5 семинар-тренинг, патриоттық тәрбиеге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және нашақорлыққа қарсы насихаттауға бағытталған 200-ден астам іс-шаралар өткізілді. Жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы әлеуметтік серіктестік қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүддесін қорғау, студенттік қозғалысты дамыту тәрізді бағыттарда оңды нәтижелер беруде.
Осыдан белгіленген жоспарлардың тиімділігі мен экономиканы одан әрі әртараптандыру көп жағдайда инновациялық технологияларды пайдалануға, ғылым мен өндірістің тікелей байланысын қамтамасыз ететініне көзіміз жетеді. Бірақ жоспардың жүзеге асырылуы біраз жылғы атқарылған істердің нәтижелерін күттіреді. Мемлекетіміздің индустриялық-инновациялық дамуының басты бағыттарын Шығыс өлкедеде атұару, сыртқы экономиканың дамуымен тығыз байланыстырады. Бүгінде Қазақстан ішкі өнімін алға жылжыту бағдарламаларын қткізу үшін жастар саясатын, жастар мәселесін қарастыруда. Үкімет жастардың жүргізу саясатын заңды тұұрғыда бекітуде. Тәуелсіз елдің экономикасы мен дамуы да еркін жүру керек. Сондықтан берілген бағдарлама жастар үшін басты міндет.