Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс

философия, әлеуметтік психология, әлеуметтану, мәдениеттану.

Мектептегі әдістемелік жұмыс- педагогттардың кәсіби шеберлігі мен мамандығын жоғарылатудың негізі. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру- оның әдістемелік жұмысының сапасын арттырудың кепілі. Ғылыми жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжрибелерді ендірудегі негізгі жұмыс түрлері. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы-әдістемелік жетілдірудің негізі.

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау- мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау. Мұғалімдерді атестациялау , аттестацияланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін сараптау үшін мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдану, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін диагностикалау әдістемесі. Сараптаудың мазмұны,ұйымдастырылуы, өткізілуі.

Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты.

Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиді. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп , педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып , кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институтарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс.

Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.

Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Ал аттестация өткізудің негізгі принциптері еріктілік, алқалық оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.

Қазіргі ереже бойьнша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал, білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады.

Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялау комиссияның негізгі шешімі — біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, жоғарғы санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, екінші санатты-мектеп аттестациялау комиссиясы береді.

Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілік санат сұраған арызы арқылы бес жылда бір рет өткізіледі. Кейде аттестация мүғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педкеңестің шешімімен, басқару өкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін.

Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімнің аттестациялауды аудандық білімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.

Тәжірибесі көрсетіп отырғандай аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскер тілеулестік көңіл-күйдің қалыптасуына тәуелді. Жалпы айтқанда, мүғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.

Дербес формалары:

Тұтас педагогикалық процестің сапасы мұғалімнің жалпы дайындығына, педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.

  1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемаларды өз еркімен таңдап алады, өйткені қай пролемалардың өте қажет екендігі оған белгілі.
  2. Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік оқу құралдарын жасау, оқу–тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста, республикада өткізілетін ғылыми–практикалық конференцияларға, “Педагогикалық оқулықтарға” белсенді қатысу.
  3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу.

Дербес педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ішінде түрлі сайыстар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында жыл сайын “Жыл мұғалімі” сайыстарын өткізу дәстүрге айналды. Сайыстарға қатысушы әрбір мұғалім балаларға білім және тәрбие саласында, өзінің білімін, іскерлегін көрсетуге оқытудың, тәрбиенің теориясы мен практикасына сүйеніп дәлелдеуге тырысады.

Мұханова “Информатик және білім беру” Халықаралық ЮНЕСКО конгресінің мәліметтерінен сәтті компьютерлік бағдарламалардың жоқтығын байқады. Осы жағдайды ескеріп 1990 жылы қыркүйек айынан бастап, өз мектебінде “Информатика негіздері және есептеу техникасы” курсын IX және X сыныптарда және “Бағдарламалау” курсын XI – сыныпта зерттеу үшін эксперимент бастады. Экспериментті ҚУВТ – 86 машиналарымен жабдықталған кабинетте өткізді. Осындай жемісті істің нәтижесінде С. Мұхановтың “Компьютер в школе” “Дань мод. Или необходимость” атты шығармашылық жұмысы пайда болды.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – балаларды ақпаратты жөндеуге, есептер шығаруға, адамдармен қарым–қатынас жасауға, қоғамда болып жатқан өзгерістердің мәніне түсінуге үйрету қажет болады.

Мұндай жұмыстар мұғалімнің ғылыми – педагогикалық деңгейін көтереді, шығармашылық шеберлігін арттырады және өз бетімен білім алуының құрамды бөлігі болады.

Педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формалары:

Мектептің педагогикалық кеңесі.

Мектептің әдістемелік кеңесі.

Мұғалімдердің әдістемелік пен бірлестіктері.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.

Кіші шығармашылық топтар.

Психологиялық–педагогикалық семинарлар.

Практикумдар – семинарлар.

Ғылыми – практикалық конференциялар.

Педагогикалық оқулар.

Негізгі ұғымдар: әдістемелік жұмыс, әдістемелік жұмыс түрлері, мғалімдердің өздігінен білім Алу, педагогикалық іс-әрекеттерді диагностикалау, педагогикалық іс-әрекеттерді