Басқа пәндермен байланысы:, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, тарих,құқық.
Білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізеді. Аз ғана уақыт аралығында елдегі сауатсыздық жойылып, жалпы білңм беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып, жалпыға бірдей оқу ісі жүргізіледі. X x ғасырдың 60- жылдарындағы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші орынды иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша Кеңес Одағының тәжрибесін сақтап қалу тиімді, ол ұлттық енгіздегі білім беру жүйесі, осы тәжрибеге сүйену керек. Бірақ, айта кететін бір жәйт, кеңестік білім беру саласында оның дамуына кедергі келтірген кемшіліктер де болады. Әсіресе, білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияандыруы, өмірден және әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедагогикалық құндылықтарды ескермеу, оқу орындары мен білім мазмұнының қатаң әрі біркелкі болуы т.б.
Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда, жүгізіліп жатқан реформалар, бұрынғы қол жеткізген жетіктіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда, егемендіктің алғашқы жылдарында бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті орта білім беру ісі өзгерістерге ұшырап, батыстық үлгіге көшуге талпыныс жасалды. Енідгі жерде білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжрибеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. 1992 ж 1999 жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді.
Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата заңы) бойынша, (30бап):
-азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында ақысызорта білім алуға кепілдік береді, орта білім міндетті:
— мемлекет жалпыға міндетті білім стандарттарын белгілейді, кез- келген оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес болуы керек.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикаының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
- ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
- Әрбір азамат үшін интелектуалдық даму мен психофизиолгиялық және жеке басткрының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
- Білімнің зайырлығы.
- Жеке тұлғаның білімнің және дарынның дамуына жағдай жасау.
- Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білм алу жүйесінің үздіксіздігі.
- Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
- Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
- Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
- Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
- Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
- білім беру саласының информатикаландырылуы.
Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде (мемлекеті білім беру заңына сәйкес) орта кәсіптік ақысыз білім алуға кепілдік береді, егер азмат осы деңгейлердің әрқайсысын бірінші рет білім алса. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар енгізіндебілім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі оқыту орындарынданемесе отбасында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке немесе отбасында5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүгізілуі тиіс. Орта білім-жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды.
Қазақстан Республикасның Конституциясындағы білім беру мәселелері.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы (1997ж.). Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік ақпараттары туралы ереже. Базалық оқу жоспары, варианттық оқу жоспарлар, оқу бағдарламалары.
Мектеп түрлері, олардың сипаттамсы, ондағы оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: нормативтік құжат, білім беру стандарты, әртүрлі үлгідегі мектептер.