Басқа пәндермен байланысы:философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.
Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің ,ғылымның негіздерін және мінез –құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагоагы К.Д Ушинский «Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылырдың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»- деп жазды.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемелекеттік оқу және тәрбие оларды оқушыларға түсіндіру мемелекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Оларда оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған. Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері.Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның әртүрлі бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психолгоиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.
Оқушылардыңд үниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзін жеткізу, оқытудың әдістері мен формаларының, мазмұнының ролі; оқушыларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы көзқарасымен қазіргі әлеуметтік жағдайаттарға талдау жасау; әртүрлі іс-әрекеттер түрлерінеоқушыларды қатыстыру; оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеб пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті.
Ғылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл-ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл-ой мәдениетіндегі алатын орны. Оқушылардың өзіндік білім алуға дайындығын қалыптастыру
Негізгі ұғымдар:дүниетаным, әлемді тану, әлеуметтік орта, дүниетаным компоенттері, әлеуметтендіру, тұлғаны дараландыру, дүниетанымды қалыптастырудың құралдары.
Бақылау сұрақтары.
1.«Дүниетаным» ұғымының мазмұнын ашыңыз.
2.Дүниетаным құрылымы қандай?
3.Дүниетаным құрлымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.