Педагогикалық процестің заңдылықтары

Басқа пәндермен байланысы: философия, психология, саясаттану, әлеуметтану.

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:

-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;

-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге асады;

-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процестесолардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасев В. П., Блауберг И. В., Садовский В. Н. және т.б) қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметті атқаруы тиімділік сипат әкеледі; жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компаненттерден) бөліктерден тұрады; жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуімен тұрақтылықты қамтамасыз етеді; жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен байланысын көрсетеді; жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті; жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттарға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және “ұстаздар- оқушылар” жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.

Процесс (латынның processus- қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс”деген ұғымның мағынасын“ұстаздар- оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстармен және мұғалімнің педагогикалық процестіңбөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтармен байланысты. Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин,Ю.К.Бабанский,В.И.Загвязинский).Кейбір жұмыстарда ұжымның қарама-қайшылығы (Л.И.Новикова) тәрбие процесінің (И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді. М.А.Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлік нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:-қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестің жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:

-қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс-әрекетін педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;

-қарама-қайшылықтар жүесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К.Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:

-жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы;

-жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;

-тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;

-жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;

-дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;

Негізгі ұғымдар: біртұтас педагогикалық процесс бөліктері, заңдар, заңдылықтар, құрылымы, принциптер, жобалау, моделдеу.

Бақылау сұрақтары:

1.Неге мұғалім педагогикалық процесті ұйымдастырудың заңдарын, заңдылықтарын принциптерін білуі керек?

2.Ұстаздар мен оқушылардың іс-әрекетін педагогикалық процестің қай бөліктері көрсетеді?

3.Педагогикалық процестің тәрбилеуші тетіктеріне сипатама беріңіз.