- Ғылыми-зерттеу әдісі ұғымы.
“Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретіндеде түсіндіріледі. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігіне назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсету.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.
Педагогикалық методологияның мәні әр түрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясыныңпәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педагогика пәні, педогогиканың категориялары , педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:
тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;
ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теорияларды;
зерттеу нысанасын, талдамаларды үйлестіре біледі;
мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ), нысана, зерттеу пәнін анықтай алады.
Болмысты ғылыми танудың әр түрлі әдістері.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты – ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты – ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады. К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың ғылыми – зерттеу бағдарламаларының концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, ғылымның неопозитивистік мақсатын сынға алады.
Қазіргі ғылыми – педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зертттеулер әр түрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез – келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады.
Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше коипоненттерден тұрады: а) фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.
Зерттеудің эксперименталды –эмпирикалық әдістері.
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды –эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empieria — тәжірибе).
- Бақылап – зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап – зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап – зерттеу шарттары, сондай- ақ бақылап – зертттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап құралдар мен өлшеу құрал – саймандары.
Зерттеу барысында бақылап – зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:
— тікелей бақылап – зерттеу, мұғалім зерттеуші оқу – тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелейкуәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалімнің зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілерретінде кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
— жанама бақылап – зерттеу, ол тікелеу бақылап — зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
— жасырын немесе елеусіз бақылап зерттеу тұйық теледидар және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.
Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кездегі мінез – құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған мінез – құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
— үздіксіз бақылап – зерттеу оқыту процесін, екі – үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу – тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез – құлқын зерттеу үшін қолданылады;
— дискретті бақылап – зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап – зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап – зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
— монографиялық бақылап – зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
— бір затты бақылап – зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап – зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде, қолданылады;
— бақылап – зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.
- Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.
Педагогиканы зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.
- Сұрақ – жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект — субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ – жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
а) әңгіме – сұхбат,
ә) сұхбат — әңгіме,
б) анкета.
- Мұғалімдердің, жаңашыл – педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз – педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық – педагогикалық іс — әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик – мұғалімнің тәжірибелілігі.
- Эмпирикалық әдіс әдіс ретінде дәрігерлік – педагогикалық тексеру медикалық – педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.
- Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу — зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды – даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі.
- Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу — әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.
Теориялық деңгей әдістері
Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
Әдебиет көздерін зерттеу;
Талдау мен синтез;
Абстракциялау (дерексіздендіру) екі түрі бар:
а) талдап қорыту,
ә) жекелеп бөлу.
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері;
Ұқсастыру әдісі;
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі.
Болжау әдісі.
Математикалық және статистикалық әдіс;
Негізгі ұғымдар: зерттеу әдістері, ғылымдар әдіснамасы.