- Ғылыми журнал мен жинақтардағы жарияланымдар зерттеушінің ғылыми ізденістері, оның ұзақ эксперименттері, қойылған міндеттердің жаңа шешім ізденісі, соны идея табудың логика қорытындысы болып қабылданады. Жарияланымда ғалымның мәселе шешудегі жаңа табыстары сауатты да түсінікті баяндалып, нәтижелері көрсетілуі қажет. Онда зертеуші өзінің жетістіктерін баяндайды, тәжірибемен бөліседі, қателіктерден сақтандыралды, ғылыми ортада оған абырой жинайды немсе оның жалғандығын әшекерелейді. Жарияланым ғалымның белгілі бір мәселеде табысқа бірінші болып жеткенін тіркейді, оның приоритетін басып көрестеді. Бұған қосатынымыз, мақала өз бетінше зерттеушінің ғылыми қисындылығының өлшемі емес, мақаланың негізгі көрсеткіші берілген ақпараттың сапасы. Сондықтан кейбір мемелекеттерде, мысалға АҚШ – та, ғалымның іс- әрекетінің бағалануы оның мақалалар мен баяндамаларын саны арқылы ғана емес, осы зерттеушіге басқалардың еңбектерінде келтірілген сілтеме жасау жиілігі арқылы есептелінеді. Егер басқа зерттеушілер ғылымның мақаласында берілген мәліметтерге сілтеме жасаса, онда алынған материялдардың құндылығы, нақтылығы, пайдалылығы анық екенін көрестеді. Керісінше, ғалым мақаласына жасалған сілтемелер жоқтың қасы болса, онда жарияланымның сапасы төмен, жаңашылдық деңгейі пәс, тақырыбы жалған, жаңа идея жоқ деп нақты айтуға болады.
- Кез келген ғылыми жарияланымда бұған дейін ешкім байқамаған бірегей сонылық нышаны болу керек, мейлі ол кішкене ғана, кезең аралық жетістік болсын, бірақ ол міндетті түрде зерттеушінің дара өзі немесе бір топ ғалымдар тапқан жаңа сипатта көрінуі қажет.
Жиі басылатын жарияланымдар арасынан ғылыми мақаланы атауға болады. Бұл шағын ғана, көлемі 5-8 бет машинкамен басылған кезең аралық нәтиже туралы хабарлама. Мақалада міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер болуы керек, себебі ол арқылы бұған дейін не болғанын және автор қандай жаңалық енгізгенін көрсетеді.
- Мақала жазудың айтарлықтай қатаң тәртібі жоқ. Әркім өз түсінігінше, мүмкіндігінше жазады. Дегенмен, мақала баянадауының қалыпты бір рет – тәртібі бар екенін есте ұстап, жадыда сақтаған жөн.
- Мақаланың аты жарияланым мазмұнын анық көрсетуі керек. Он сөзден артық ұзын ат беруге болмайды. Себебі мұндай ұзақ сөйлемді оқырман қабылдамайды, тым қысқа, да ат қоюға болмайды, себебі онда мазмұн айқындалмай қалады.
- Мақала әдетте алынған нәтижелерді қай салада қолдануға болатынын бірден ашып хабарлайды.
- Келесі кезеңде мәсленің қазіргі жағдайын ашады. Қазір мәселе шешудегі бар тәсілдері немесе құрылғылар туралы ақпарат беріледі, қайсысы теорияда бар немесе жүзеге асты соны ажырата отыру керек. Шешімдерді баяндаған соң, қойылған міндеттерді шешуде олардың жағымды қасиеттері туралы шолу беріліп, осы шешімдерді кейбір жағдайда пайдалануға жол бермейтін кемшіліктерге сынды талдау жүргізіледі.
- Мақалада міндет қойылады. Қолдағы бар құралдары мен туындаған мәселені шешу қиын немесе мүмкіндігі жоқ немесе көп қаржы шығыны кезедсетіні және т.б. айқындалады.
- Ұсынылып отырған жаңа шешеімге түсіндірме беріледі, оның қолданбалылығы мен өміршеңділігі дәлелденеді.
- Егер жаңа құрылғы ұсынылып отырса, оның негізгі бөлшнктері мен қызметтері сипатталады. Егер жаңа технология ұсынылса, оның негізгі кезеңдері қызметтері мен олардың бірізділігі беріледі.
- Егер қажеті бар болса, негізгі формулалар мен есептемелер клтіріледі.
- Мақалада негізгі қорытындылар баяндалады.: негізгі ғылыми жетістік туралы, ұсынылған жаңа идеяның жағымды тиімділігі, оны пайдаланудың негізгі саласы, оның болашақтағы берер пайдасы және келесі зерттеулердің жүргізілетін бағыттары.
- Ең соңында пайдаланылған әдебиеттің тізімі басылады.