- Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау
Мектептерде педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан – жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлік пен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салстырады, тиісті қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте – бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық перспективалық жоспар оқушылардың жазба бақылау жайын және кестелік жұмстарын, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие жұмысының жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құүжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүзеге келтіріп жинақтайды. Әрине, мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп – оңай жұмыс емес. Оған ең кемінде бір немесе екі жылдай мерзім керек.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оның мектеп мұғалімдерінің ғылыми – практикалық конференцияснда талқылайды, құнды деп тапса, аудандық “Педагогикалық оқуларға” ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте – бірте облыстық, Республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін – өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесі зерттеп, жинақтау – озат тәжірибенің кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу жіне бақылау этаптарынан өтеді:
- Іс – тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзі мен сабақ беретін сыныптарындағы сынып жетекшілері мен оқушлрдың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңгіме жасалады, зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
- Оқу – тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі — үш жылдардың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, рефераттары, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасалған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары мен басқа еңбектері.
- Алдын ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.
- Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс – нәтижелері тәжірибесі зертелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.
- Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу институтының жазба пікірі бойынша “Педагогикалық оқуларға”, егер көлемді болса, баспаларда жариялануға ұсынылады.
- Педагогикалық озат тәжірибені енгізу
Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізудің кейбір жолдары:
- Оқыту және тәрбие сласындағы жаңа педагогикадық әдістер, жақсы тәжірибелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми – әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
- Педагогикалық озат тәжірибені терең зерттеу және оқу – тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне (бір – екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір – екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогиклық кеңесте бекітіледі.
- Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.
- Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу – тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.
- Озат тәжірибе педагогикалық практикада өз орнын берік алғаннан кейін, оқу – тәрбие процесіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талдауынан өткізу қажет.