Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы және тарихи даму кезеңдер

  1. Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі.

Адам баласы әу бастан өз ұрпағынөмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгеше де адамзат тәрбите ісімен айналысып бақты.

Халықтық педагогика салт –дәстүр, жол –жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою -өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып ауыл –аймақ, ел- жұрт, ру –тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым –қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс -әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.

Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны- табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы , халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; тәрбие тәжірибесінің ғексырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрде берілуі деп саралай саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп халықтың тәрбие құралдары арқылы іске асыруға құрылса, ал зтнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді» .

Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да енді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілгмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүзгізуді уағыздайды. Біртіндеп келе оқу –білім дамып ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVIII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайын чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу –тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие -әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, өсіп қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс.

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінен басталуы керек. Баланың дұниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әріқарай жалғастырылуы шарт » — деген қағиданы ұсынды.

Ал әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы –жаман дәстүрлерінен іздестіру керек» — деді. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе –тең келетін бірде — бір құрал жоқ» — деген еді.

Кеңістік дәуірдің 1970-1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың погрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, зерттеу ісі біртіндеп қолға алына бастады.

Халық педагогикасын кеңістік дәуірде ғылыми –теориялық, методологиялық жағынан жан –жақты тұңғыш зерттеуші академик Г.Н.Волков болды.

  1. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII – XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой –пікірлері мен салт –дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С. Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л. Зеланд т.б) жолжазбалары десек,

екінші – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарын да бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең – 35 –40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі /ХІХ ғ. 2- жартысы/, оның белсенді қайраткерлері. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі /1920 –1930/ және ол кездегі қайраткерлер Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі

/1970-2000/

1. Қазақ демократ

ағартушылары:

Ш.Уәлиханов

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев

 

 

2. Орыс, батас саяхатшы

ғалымдары:

П.С. Паллас

Э.С. Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Янушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л. Зеланд

В.Радлов

Қазақтың зиялы оқымыстылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

Х.Досмұхаметов

Н.Құлжанова

М.Әуезов

С.Сейфуллин

М.Ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлімбаев

Қ.Жарықбаева

С.Қалиев

Ә.Табылдиев

С.Ұзақбаева

М.Балтабаева

М.Бөлеев

З.Ахметова

М.Құрсабаева

М.Смайылова

М.Оразаев

К.Қожахметова, т.б.

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ — ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты.