1Қазақ халқы – шешен халық.
Шешендік сөздер – ел құралып, халық қөалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған жанышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткіройшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады.
Арнау шешендік сөздер: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.
Шешендік толғау: Өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы.
Жиын –тойда, мәжілісте, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау етіп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс.
Қазақтың халық педагогикасында ақыл –ой тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз әңгімелер арқылы да іске асырылады.
- Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.
Жырдың үлгі -өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталады. Термеде жырау өмір –тәжірибесінен алынған философиялық ой шешімдерін айтады: адамгершілік қарым –қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді, адамгершілік пен әділетті, әсемділік пен әуездікті уағыздайды.
Терме – жастарды өнерге баулудың , адамгершілікке тәрбиелеудің қуаитты құралы.
Ертегілердің тәрбиелік мәні. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесміне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер (ақ қасқыр, шопан ата, Шек- шек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба т.б.), қиял – ғажайып ертегілер (Ұшқыш кілем), тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер («Күн астындағы күнекей қыз», «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»), күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
- Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.
Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.
Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.
Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.
Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.
Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу. «Өнер — өрге бастырады» деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, «ақын – елдің еркесі», «шебердің- қолы ортақ», «күйші – қиялды, биші -зиялы» — деп, өнер адамдарын ардақтайды.
Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні. Қазақ хаолқының өзінің тұрмыс –тіршілігіне, әдет –ғұрпына, салт –санасына байланысты тұрмыс –салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет –ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.