- Этнопедагогикалық түсініктемелерге ғылыми анықтамалар.
Тарихи –педагогикалық әдебиеттерде «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшылық төрт тұрғыдан қарастырып жүр . олардың біріншілер халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса ,екіншілері әрі халықтың педагогикалық тәжірибесі , ал үшіншілері халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі , төртіншілері халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды .
Халықпедагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп , ал «дәстүрлі педагогиканы –белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады .
Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып , «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптады .
Г. Н. Волков тұңғыш рет « этнопедагогика» деген ұғымды енгізді .
«Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжрибесі туралы, олардың педагогикалық көз қарастары туралы ғылым . Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді… Халық педагогикасы –халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде ,ырымдарында , балалар ойындары мен оцыншықтарында мәнгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы “дей келе “ бұл білім мен мағұлматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі- адам, тұлға – дейді Г.Н.Волков (16,16).
Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филоновтың анықтамасы бойынша: Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұоар ұрпақтан –ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжрибенің , мінез –құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің қоғамдық дәстүрлердіңбелгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: “Халық педагогикасы дегеніміз –ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырғасозылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау прцесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбисі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру ”- деген анықтама берілген. Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.
Ал академик А.К. Конның басшылығымен 1983 ж. Педагогикабаспасынан шыққан этикалық сөздіктеәдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез –құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Ал дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайдак кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған , топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне прцесс. Ол м ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге атанып кеткеншеқұндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр үшінөткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс- әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет.
Философия ғылымының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің «әдет-ғұрып , дәстұр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде (73) әдет-ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына , атқаратын қызметінефилософиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер кіреді »- дейді.
Екіншіден дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ салтанатты түрде қолданылаиын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ао ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз.Дәстүр –тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.Дінменбайланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік мәннің болғанын, оның халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен, өзін қоршаған ортаға эмпристіккөзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным сенімнің елесі екенін жасыруға болмайды.
- Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтыңболмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территоиясы мен экономикалық өмірінің , тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психолдогиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫ
Салт |
Дәстүр |
Кәделер |
ғылымда |
әдебиетте |
өнерде |
әскерде |
Жол-жора |
Ырым |
|
|||||
Ұлттық психологиялық құрылымерекшелігі адамдардың әулеттікқарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады. Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілеріболып табылады.
Ұлттық сезім –дегеніміз- адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік экономикалық, мәдени жәнежаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы.
Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық өнертүрлерін: ән-күй, зергерлік қол өнері, ұлттық ойын мен спорттың түрлерін, ұлттық тағамды, киімді, мерекелерді, тарихи ескерткіштерді т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып , сұрыпталған әдет –ғұрыптар, жол жоралар,көзқарас түсініктер жатады.
Ұлттық мінез адам мінезінен іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі.
- Қазақ этнопедагогикасының өзіндік белгілері.
Ұшы –қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің санғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік –экономикалық жағдайына , мәдениетіне , тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тіліктерін дүниеге әкелді.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі ,тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай –ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни –наным сеніміне, әдет-ғұрпына, салт-сансы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Қазақ халқының психологиялық ой толғанысының бірінші ерекшелігі ол- тұспалдап, мақалдап, тақпақтап, сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты- өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл- аймақ, Отанның ар- намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.
Ақын-жыраулардың дүниетанымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: “Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз”. Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе- адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы “Ердің құны жүз жылқы”, “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс өлтіреді” деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпенен , ар –ожданменен өлшеу ұғымынан көп жоғары.
Қазақтың ұлттық философиясының екінші гносеологиялық танымдық ерекшелігі- ата мекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Мәдениетті деп саналатын кейбір жұрт өкілдері туған жерін отаным деп есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың “Кіндік қаным тамған жерім — ауылым” деп әндетуінде “Отан — оттан ыстық”, “Отансыз ер — бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр.
Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тілінее, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. “Өнер алды қызыл тіл” деп ұққан ата- бабамыз “от тілді, орақ ауызды” ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал- мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу- сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақтың ұлттық филисофиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт- дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат- мүдделері, негізгі қағидалары бар.