Еңбек әрекеті міндеттерін талдау

  1. Жұмыс орындарындағы еңбек сипаты жайындағы ақпарат жүйені жобалауға және кадрларды іріктеуде, қызметкерлер құрылымының тренингі және еңбек тапсырмасының орындалуын бағалау сияқты мәселелерді шешу үшін өте маңызды.

Еңбек әрекетін талдау тәсілі сияқты, оның нақты міндеттерін де талдау тәсілдерінің көп саны бар. Олар талдау жүргізудің бастапқы нүктесіндегі айырмашылықтары негізінде жіктеледі.

Оларды жіктеудің төрт аспекті бар:

ақпаратты тип — тапсырманың маңызы, жұмыс орындалу тәсілі, еңбек белсенділігінің түрлері бойынша талдау;

ақпараттарды көрсету тәсілі — сандық немесе спалық;

мәліметтерді жинау әдістері — бақылау, интервью, сұрақ-жауап;

әрекет туралы мәліметтерді жинау барысында қолданылатын «ақпарат көзі», — тапсырманы тікелей орындаушы немесе тағы басқа біреу.

Еңбек әрекетінің міндеттерін талдауға жандасудың мынадай түрлері бар:

мінез-құлықты суреттеу;

мінез-құлық талаптарына талдау;

қабілеттіліктердің табылуы;

міндеттің сипаттарының бөлінуі.

Мінез-құлықты суреттеу — талдау міндеті атқарушылардың кейбір жұмыстардың орындалуы барысында дәйекті түрде істеуіне негізделеді.

Өлшеуге, хронометриялауға мүмкін болған байқау үшін оңай қол жеткізуге болатын ішкі мінез-құлық формаларына көбірек көңіл бөлінеді.

Ең көп тараған мұндай талдау жүргізудің үлгісі болып «Операцияларды талдау анкетасы» (Position Analysis Questionnaire, қысқаша PAQ; Mc Cormick, 1976) табылады.

PAQ анкетасына міндеттерінің орындалуының 187 сипатты элементтері енгізілген.

Олар мынадай топтарға бөлінген:

кіріспе ақпарат;

ойлау процестері;

ішкі өнімді іс-әрекет;

айналадағылармен өзара әрекет;

тапсырма орындалуының мәтін мәні;

қосымша міндеттердің сипаттамасы.

Жандасуды іске асыру мәселелері:

міндеттердің арасындағы айырмашылықтар көбінесе көзден жасырын болады — бір тапсырманың орындаушысы әр түрлі әрекет формаларын көрсетуі мүмкін және керісінше әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында ұқсас реакцияларды көру мүмкін.

Орындалу нәтижелерін бағалау барысында мінез-құлық деңгейі бойынша тәуелдіге (мінез-құлықтың өзі) қарағанда, басқа мағынадағы тәуелсіз ауыспалы сипаттамаларды (міндеттің сипаттары) суреттеу қажет.

  1. 2. Мінез-құлық талаптарына талдау — табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін жүргізу қажет болған жауап реакцияларының бөлінуіне негізделген.

Жандасудың кемшіліктері:

мұнда ауыспалы стимулдың ерекшеліктері есепке алынбайды;

бұл жандасуда түсініктер бір ғана мағынада берілмейді;

қолданыстағы ауыспалыларсандық бағаларға өте қиын жағдайда ауысады.

Қабілеттіліктерді білу — міндет өзінің орындалуы үшін қажет болған ішкі тәсілдер немесе «қабілеттіліктер» бойынша талданады.

Жандасудың кемшіліктері:

  • бөлінетін қабілеттіліктер толық болмауы мүмкін. Оны зерттеушілер үнемі жаңа қабілеттіліктермен толықтырып отыруға деген ұмтылыспен қуаттап отырулары керек;
  • кейбір қабілеттіліктердің маңыздануы немесе оған қажеттіліктердің болуы басқаларының қатысуына жол бермейді. Бұл қабілеттіліктердің базалық құрылымының пайда болуын қиындатады.
  • әр түрлі тапсырмаларда жауап әрекетінің тұрақты қайталануы негізінде қабілеттіліктердің эмпириялы мүшелерге бөлінуі себепті. Олардың бөлінуі зерттеушілер арқылы субъективті іске асырылады және тапсырмалардың сәйкістіктерін анықтаушы жалпы факторлардың болуы жайындағы түйсіктен (ойдан) келіп шығады.

Міндеттің сипаттамаларының бөлінуі орындау үшін берілетін кейбір алдын ала ұйғарылатын шарттар тобы ретінде қарастырылады.

Тапсырмаларды бейнелеу сипаттамалар терминдерінде беріледі:

  • іске асырылуы тиіс болған жауап әрекеттеріне байланыссыз тапсырманың өзіне тән болған мінез-құлық талаптары;
  • шын мәнісінде жүзеге асырылатын — мінез-құлықты сипаттау;
  • тапсырманың орындалуы үшін қажет болған қабілеттіліктер арқылы жүзеге асырылған — қабілеттіліктерге қоылатын талаптар;

Тапсырмалар төмендгілерді өз ішіне алады:

  • ішкі көрсетілген мақсаттар, процедуралар, стимулдар;
  • жауап реакциялары;
  • жауап реакциялары мен стимулдар арасындағы ара қатынас.
  1. Кәсіби өмірге жаңа технологиялар енгізу — өндірістік процестерде автоматтандыру барысында компьютерлерді пайдалану. Бұл адам және машина іске асыратын міндеттерге маңызды әсер ете алады.

Автоматтандыруәдетте технологиялық процестерді іске асыру барысында толық өзіндік басқару үшін дамыған техникалық құралдарды пайдалану ретінде анықталады. Ол адамның өндірістік циклға тікелей қатысуын елеулі түрде азайтады.

Автоматтандырудың үш деңгейі атап көрсетіледі (функциялардың адам мен техникалық жүйе арасында бөлінуі):

  • қолмен басқару — оператор бақарудың жабық циклына құрамдас бөлік ретінде қосылады;
  • ақпаратты қайта өңдеу жүйелерінің кіріспесі — басқарушы өзара әрекеттің бір бөлігі оператор арқылы, бір бөлігі машина арқылы іске асырылады;
  • жүйенің жұмысына бақылау жасау — техникалық жүйе толығымен машинаарқылы басқарылады, ал опратор оның жұмысын тек ғана бақылайды.

Жаңа технологиялар операторладың қатысуын аз мөлшерде қажет етуші техникалық жүйелердің жасалуына алып келеді.

Дегенмен операторлардан талап етілетін кәсіби дағдылар мен икемділіктер маңызды өзгеруде. Қозғалыс дағдыларымен салыстырғанда зияткерлік функциялардың ролі өсуде.