- Дау – дамай — өзінің шешілуін талап ететін және оны жеңуге бағытталған белсенділікті келіп шығаратын адам үшін маңызды психологиялық мәселе ретінде қабылданатын қарама — қайшылық.
Дау – дамай -жақтардың (тараптардың) өзара әрекет процесінде келіп шығатын маңызды қайшылықтардың шешілуінің ең өткір тәсілі.
Дау – дамайдың негізгі функциялары:
белгілі бір психологиялық жүйенің (адамның, топтың, ұйымның, қоғамның), әлеуметтік субъекттің тіршілік әрекетіндегі проблемалар мен қайшылықтардың айқындалуы;
берілген әлеуметтік субъекттің (психологиялық жүйенің) қайшылықтары мен оның дамуының шешу жолдарын анықтау.
Дау – дамайдың басқа функциялары:
белгі беруші функция — дау – дамайды қоғамның белгілі бір жағдайының көрсеткіші ретінде сипаттайды;
ақпаратты функция — жүйедегі сәтсіздіктің себептерінің көрінуі және айқындалуы;
дифференциялаушы функция — әлеуметтік күштердің дауындағы әрекетке қатысушыларды қайта топтау мен қайта бағыттауды көрсететін әлеуметтік дифференциация процесі;
динамикалық функция — әлеуметтік прогреске мүмкіндік туғызу; мұнда дау жиналған қайшылықтардыңдамуының бастапқы нүктесі және оның шешу тәсілдері ретінде қаралады.
Дау – дамайдың объекті үш түрге бөлінеді:
бөліктерге бөліне алмайтын объектілер;
дау – дамайдың қатысушыларының арасында түрлі пропорцияларға бөліне алатын объектілер;
дау – дамайдың екі қатысушысы да бірге иелік ете алатын объектілер — «алдамшы дау – дамай» жағдайы;
Дау – дамай мынадай белгілермен сипатталады:
қайшылықтардың болуы;
қайшылықты жеңуге бағытталған белсенділік;
қайшылықты шешуді талап ететін маңызды мәселе ретінде түйсіну.
Дау – дамайдың негізгі элементтері:
инцидент (ақпаратты) — өзара әрекеттесуші субъекттердің ең болмаса біреуіне өз мүддесінің басқа қатысушылардың мүддесінен айырмашылығын көрсетуге көмектесетін жағдаят;
инцидент (әрекеттік) — бағыт-бағдар құндылықтары мен мүдделерінің әртүрлілігі үшін қарсы тұрушы әрекеттерді жариялау үшін сылтау;
дау — дамай жағдаяты — нақты бір уақыт кезеңінде даудың дамуы;
дау — дамайдың субъекті — индивид немесе индивид тобы болып табылатындаулы өзара әрекетке қатысушылар;
дау — дамайдың предметі — даулы өзара әрекеттер тудыратын айырмашылықтары бар, нақты мүдделер мен бағыт – бағдар құндылықтары.
Дау – дамайдың жағдаяттарын анықтайтыншарттар:
техникалық шарттар: топтағы лидерлер саны, топтардың ұйымдастырылуы мен бірігуі дәрежесі және т. Б,;
саяси шарттар: тәуелділік пен билік қарым-қатынастары арқылы анықталады;
әлеуметтік шарттар: топ ішіндегі коммуникация жүйесі, өзара түсіністік деңгейі;
психологиялық шарттар: дауласушы жақтардың тұлғалық ерекшеліктері.
- Дау – дамайлар жіктеледі:
қатысушылар саны бойынша — жаппай және жұп;
ұзақтығы бойынша — қысқа мерзімді және ұзаққа созылған;
көлемі бойынша — кең көлемді қамтитын, дауға кім қатыса алса, соның бәрі тартылады (барлық тұрғындар, ұйымның барлық жұмысшылар), және парциалды, дауға небәрі бірнеше субъект ғана қатысады (ұйымның екіжұмысшысының арасындағы дау);
даулар мәртебесінің ара қатынасы бойынша — вертикальді және горизонтальді;
танылу сипаты бойынша — іскерлік (көңіл көбірек кофликт предметінебөлінеді) және эмоциялық, бұл жағдайда даудың предметі қарсы тараптың жазғырулары, реніштері, шамданушылықтарына «батады»;
қарсы әрекет өріс алатын іс-әрекет немесе қарым –қатынас сферасы бойынша — өндірістік (іскелік, қызметтік), тұрмыстық, отбасылық, саяси, әскери, қылмыстық даулар;
жеңу үшін қажетті шарттары боынша — оңай шешілетін даулардан шешілмейтін дауларға;
салдарлары бойынша — асқынулармен және асқынуларсыз.
- Дау – дамайдың себептерінің түрлері:
әлеуметтік психологиялық себептер: топтағы, ұйымдағы кейбірадамдардың өзінің тұрмыс жағдайына қанағаттанбаушылығы;
моральдік – этикалық себептер: берілген топтар мен ұйымдардың құндылықтары мен қоғамдық нормаларын мойындамау;
ұйымдық сипаттағы себптер:қол астындағылар мен басшылардың өзара қарым – қатынасы мәселелері;ақпаратты факторлар бойынша даулардың себептері:
бір объект жайындағы толық емес дәйектер;
ақпаратты орынсыз жария ету;
еріксіз (немесе саналы) қате ақпарат;
құрылымдық факторлар бойынша даулардың себептері:
билік заңдылығы мәселелерінің екіұштылығы;
субординация мәселелерінің екіұштылығы;
меншік мәселеріндегі түсініксіздіктер;
дау – дамай факторларының құндылықтары:
топтардың мінез – құлықнормаларының бұзылуы;
кәсіби құндылықтардың бұзылуы;
қарым – қатынас факторлары:
арадағы бар қарым – қатынасқа қанағаттанбаушылық;
өзара қарым – қатынастар мақсатының сәкессіздіктері;
мінез – құлық факторлары біреудің мінез – құлқы біреудің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, біреулер үшін ыңғайсыздық тудырады.
М.Х.Мескон, М.Альберт және Ф.Хедоурндар өндірістік, ұйымдық даулардың негізгі себептерін көрсетеді:
ұйымдағы ресурстардың (қаржы) бөлінуі мәселелері:
мақсаттардағы айырмашылықтар: ұйымның ішінде мамандандыру қанша көп болса, өзара түсініспеушілік те соншакөп болады, демек әрбір құрылымдық бөлімшелердің өз мүдделері болады;
құндылықтарды түсіну айырмашылықтары;
өмірлік тәжірибе мен мінез – құлық мәнеріндегі айырмашылық;
қызметтес тараптардың өзара түсініспеушіліктеріне алып келетін қанағаттанарлықсыз коммуникация.
Дауды реттеу мәнісі — тоғысқан мүдделерді көру және қанағаттандыру немесе оларды ажырату.
Реттеу мақсатындағы дауды талдау үшін құрылымды элементтер болып табылады:
жанжалдасушы тараптар құрамы және басқа қатысушылар ( жанашырлар, шағыстырушылар, жарастырушылар, кеңес берушілер, кінәсіз құрбандар және т.б.);
келіспеушілік аймағы — даудың предметі, дәйек немесе наразылық тудырушы мәселе;
әр бір қатысушыға жазбаша түрде жағдай жөнінде мәлімдеме жасалады;
мотивтер (саналы, санасыз, рационалды, иррационалды);
дауласушы тараптар әрекеті — бір мезгілде орындалмайтын мотивтер мен мақсаттардың нәтижесі, наразылықтардың болуы.
Реттеу процесінің басталуы үшін бір қатар принциптер мен шарттарды сабақтау қажет. Бұларға жатады:
- реттеуге тараптардың өз еріктерімен қатысу принципі. Реттеу процесін қосуға немесе қолдауға мүмкіндік береді;
- құпиялық принципі — ізгі қатысушылардың (ниеті түзу) дауды реттеу барсында және даудың жайылып кетпеуін қалайтын шарттары ретінде;
- тараптардың белсенділік принципі — дауласушылардың шынайы мүдделеріне жетуге және сындарлы реттеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- делдалдың (медиатордың) бейтараптық және әділдік принциптері — реттеуге қол жеткізудің маңызды шарттары.
Дауды табысты реттеу ережелері:
- дау жағдайының бар екендігін мойындау, оппоненттің (қарсы сөйлесеуші)дәйек және құдылық ретінде бар екендігін мойындау. Бірақ бұл олар тарапынан ұсынылған талаптардың мүлдем әділдігін мойындауды білдірмейді;
- әр бір тараптардың қарсылық және келіспеушілік пен айырмашылық дәйектерін қабылдау;
- сәйкес келмейтін мүдделердің мазмұны жайында анық бір көрініс болуы керек (мүдделердің екіұшты, араласқан мәні дауды реттеуге жинақталуға (бір тотамға келуге) мүмкіндік бермейді);
- белгіленген жалпы мінез – құлық нормалары мен ережелерін қабылдауға тараптарды дайындау. Бұл нормаларды сақтау келіссөз барысында да, кейінгі жағдайларда да олардың арасындағы қарым – қатынасты қолду немесе сақтауды қамтамасыз етеді.
Конфликтолог даудағы келіссөз процесіне және делдалдыққа кіріспес бұрын мыналарды білуі қажет:
дауға тікелей кім қатысады (жеклеген адамдар, ұйымдар) және кім қандай жақтарды қолдайды;
дау — жанжал негізінде не жатыр, қарсы сөйлеушілерді не бөліп жатыр, олардың қандай талаптары бар және қарсы күрестің себептері қандай;
дау (оның тарихы) қайсы кезеңде тұр, реттеуге шара қолданылды ма, жоқ, әлде оған әрекет жасалындыма (егерде әрекет болған болса, оның орындалмауының себептері және қандай жақсы нәтижелер бар);
нақты жағдайдағы мүдделер, мәселелер, ұстанымдар мен ұсыныстар арасында қандай айырмашылық бар.
- Дау – жанжал динамикасында мынадай дәуірлер мен кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
объективті проблемалық жағдайлардың келіп шығуы:
өзара әрекет субъектінің объективті проблемалық жағдайды сезінуі;
бұл жағдайды жанжалсыз тәсілмен шешуге тараптардың әрекеті;
даудың алдындағы жағдайдың келіп шығуы;
инцидент — тараптардың алғашқы қақтығысы, мәселені өз пайдасына күшпен шешуге әрекет;
даудың ушығуы (эскалация) — қарсы сөйлеушілердің күресінің бірден қарқындылануы;
қарсы әрекетті баланстандыру — тараптар өзара әрекетті жалғастырады, бірақ күрестің қарқыны төмендейді;
даудың аяқталуы — даулы қарсы әрекеттен мәселенің шешімін қарастыруға және дауды бітіруге өту.