Еңбектегі стресс

  1. Стресс — үйреншікті өмір салты мен іс-әрекетін бұзушы факторлардың әсерінен организмнің өмірлік функцияларының бұзылу жағдайы ( дезорганизация ).

Кәсіптік стрестің мынадай негізгі түрлері бар:

ақпараттық стресс — уақыт лимитінің ( шегінің ) қатаңдығы жағдайларында шығады және тапсырманың жоғарғы жауапкершілікті жағдайларында күшейеді;

эмоциялық стресс— нақты немесе болуы күтілген қауіпте шығады: орындалмаған жұмыс үшін өзін кінәлі сезіну, әріптестермен қарым-қатынас және т.б.

коммуникативті стресс — іскерлік қатынастың нақты проблемаларымен байланысқан: жоғары дау-дамайлық, өзін-өзі бақылау жасай алмау, бір нәрседен әдепті түрде бас тарта алмаушылық (қарсылық білдіре алмау).

Стресс жағдайларында өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері:

өз-өзіне бақылау жасау;

өзін-өзі «тоқтату» тәсілдерін іздеу;

өзінің энергиясын әрекеттің басқа формасына аудару.

  1. Еңбектің маңызды сипаттарының бірі — жұмыс беделі, ол еңбекке деген жоғары қанағатшылықпен байланысты.

Жұмысқа деген қанағаттанушылықтың төменгі дәрежесіне және өндірістік стрескеалып келетінәдеттегі факторлар:

еңбек жағдайы (шарттары) — жұмысшының қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың бар болуы;

берілген темптің қарқындылығы және үлкен физикалық ауыртпалықтар;

кешкі және түнгі ауысымдар;

міндеттердің анық болмауы;

еңбек маңызы:

дағдылар мен қабілеттіліктерді жеткіліксіз дәрежеде пайдалану;

тек біренше операцияларды ішіне алған, қайталанып отыратын міндеттердің шамалы ұсақталуы;

ұжым:

әріптестермен өзара әрекет жасау мүмкіндіктерінің болмауы;

өзара әрекеті жеткіліксіз үлкен топтар;

әріттестердің шығыспауы (сыйыспауы);

басшылық:

шешім қабылдау процесінен оқшаулау;

басшылармен кері байланыс түзудің мүмкіндігінің болмауы;

жақсы орындалған істің бағаланбауы;

басшы тарапынан өзара түсіністік пен көңіл аударудың жеткіліксіздігі;

ұйым ерекшеліктері:

деңгейлік топтарға бөлінген үлкен ұйымдар;

жұмысқа қабылдау барысындағы дискриминация (құқықтың шектелуі);

еңбекақы және қызмет бабымен ілгерілеу:

төменгі материалдық сыйақы;

күтілгендегі еңбек ақы мен жалақының субъективті ұғынылатын сәйкездігі;

қызмет бабымен ілгерілеудің перспективасының (келешегінің) болмауы;

Өндірістік стрестің келіп шығуының алдын алатын мынадай еңбек жағдайлары көрсетіледі:

жұмыс еңбек процесінде барынша беріліп және оның нәтижелеріне жеке қызығушылық танытуға алып келетіндей жағдайда болуы керек;

жұмыс шамадан тыс қажытатындай дәрежеде болмауы керек;

еңбек үшін сыйақы әділ , хабарландырылатын және сонымен бірге мақсатқа сай болуы керек;

еңбек жағдайлары физикалық мүмкіндіктермен үйлесімді болуы қажет;

жұмыс адамды өзін-өзі жоғары бағалауға алып келуі керек және қоғамда өзін-өзі көрсетудіңтәсілі болуы қажет.

3.Жұмысшылардың стресс жағдайларын бақылау дағдыларының қалыптасуының негізгі варианттары:

  • белсенді реттеу дағысы ретіндегі релаксация — активті релаксацияның «пассивті релаксациядан» айырмашылығы оның жұмысшылардың саналы күш жұмсауыншамалауында;
  • әлеуметтік дағдыларды жаттықтыру;
  • проблемаларды шешу дағдыларын жаттықтыру.

Жұмысшының стресс жағдайларындағы мәселелерін шешуге үйретудің бес кезеңі болады:

проблемалық жағдайды бағдарлау;

проблеманы тұжырымдау;

ішінен бірнешеуі пайдаға асуы мүмкін болған көптеген варианттардың атап көрсетілуі:

әрекеттің нақты бір тәсілін таңдау жөніндегі шешімді қабылдау;

қабылданған шешімді іске асыру жетістіктері.

Еңбек жағдайындағы стрестің алдын алу және бақылау мәселелері соншалықты стресті болдырмаумен байланысты емес (ол мүмкін емес жағдай). Мәселе психиканың ауыр бұзылған кезіндегі стрестің күшейіп кету мүмкіндігін қаншалықты төмендетуі мен оны басқаруында.