- Лидер — әсер ету орталығы болып табылатын, топтың негізгі құндылықтары менмүдделерін қорғаушы ( білдіруші ) сыртқы ортадағы өкілі.
Д. Мак-Грегорудың айтуы бойынша көшбасшылық көшбасшының өзінің сипаттарымен, оның ізбасарларының ұстанымдары, қажеттіліктері және сипаттарымен, ұйымның сипаттарымен және әлеуметтік, экономикалық, саяси ортамен анықталады.
Менеджер мен көшбасшының фүнкциялары әр түрлі болады. Лидер қозғалыс бағытын анықтайды, менеджер таңдалған бағыттың қозғалыс жоспары мен графигін жасап шығарады.
Лидер қызметкерлер құрамын негіздейді, менеджер адамдардың атқарушылығын және орындалып жатқан жұмыс тлаптарының сақталуын қадағалайды.
Лидер жоспардың орындалу барысында адамдарды ынталандырады, менеджер аралық мақсаттарға қол жеткізуді қадағалайды.
Көшбасшы жаңа жұмыс жоспарларын түзе бастайды; менеджер қол жеткізілген нәтижелерді хаттайды, өзінің қосымша басымдықтары негізінде дегеніне жетеді.
Басқарушылық қызметтің даралық стилінің мынадай вариантары атап көрсетіледі:
міндетке ең жоғары мөлшерде, ал адамдарға ең аз мөлшерде бағытталған стиль;
адамдарға ең жоғары мөлшерде, ал міндетке ең аз мөлшерде бағытталған стиль;
адамдар мен міндетке бірдей аз мөлшерде бағытталған стиль: жетекші тыныштықтың бұзушысы болып шықпау үшін формалды мәртебесін сақтауға тырысады;
адамдар мен жұмысқа деген қызығушылығының орташа дәрежесін көрсететін стиль: бұл стильде жетекшіалқалық шешім қабылдауды бағытқа алады;
патернализм стилі — бұл стильде қолдау мотивтері мен формалды емес құрылым бөлігінде қол жеткізген жоғары мәртебе жетешілік етеді.
2.Басқарудың мынадай негізгі стильдері болады :
әмірлі (директивті);
демократиялық ( алқалық );
либералдық (салғырттық );
аралас ( икемді, құрамдас ).
Ұйымдарда болатын билік түрлері:
қысымға негізделген билік, — айбар арқылы әсер ету;
марапатқа (сыйақыға ) негізделген билік;
сарапшы билік — атқарушының өз жетекшісіне деген сеніміненегізделген билік түрі;
эталонды билік — үлгілі билік;
заңды ( дәстүрлі ) билік — атқарушы жетекшінің белгілі бір бұйрықтарды беруге заңды құқығы бар екедігіне сенеді.
- Француз психологы Б. Гурней жетекшінің жекемақсаттарының төрт типін атап көрсетті:
- Жеке басының қауіпсіздігіне, тәуекел мен қауіп – қатерді болдырмауға ұмтылады.
- Өмір деңгейінің жоғары болуына ұмтылады: жұмысшылардың өз жалақыларына қанағаттанулары олардың алған сыйақысының мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар әріптестерінің, ұйымның басқа да жұмысшыларының, тіпті бұрынғы мектептес, жоғарғы оқу орнындағы достарының жалақыларына да байланысты болады.
- Билікке ұмтылу: өзінің өкілеттілігінің кеңейуіне, автономия (өзін-өзі билеу) жетістіктеріне, қыметі бойынша жоғарылауға, иерархиялық бақылаудан және сыртқы қысым көрсетуші әрекеттерден құтылуға ұмтылу.
- Беделді көтеру мен нығайтуға ұмтылыс: жеке басының беделін нығайту,ұйымның беделін нығайту.