Коллективтегі ( ұжымдағы ) психологиялық климат

  1. Ұжымның психологиялық климаты — эмоциялық жағдайлардың үстемдік етуші комплексі, іс-әрекеттің, қатынаcудың жәнеұжымның қарым-қатынастың бүкіл жүйесіне өтетін салыстырмалы түрде тұрақты эмоционалды күйге келтіру.

Психологиялық мықты коллективке тән сипаттар:

жоғары адамгершілікті атмосфера;

достық қалып;

парыз бен жауапкершілік сезімдері;

өзара қаталдық.

Үйренушіұжымның тіршілік әрекетінде эмоциялық жағдай мынадай қызметтер атқарады:

интегралды ( біріктіруші ) функция — коллективтің бірігуі;

ынталандырушы ( жандандырушы ) функция — коллектив мүшелерінің жалпы өмірлік тонусын көтеру, коллектив алдында тұрған міндеттерді орындауға жұмылдыру;

әлеуметтік – танымдық функция — өз еңбегінің нәтижелерін дұрыс бағалауға, жақсы сезінуге және шешілген, шешілмеген мәселелер мен сұрақтарды бөлуге көмектеседі;

тұрақтандырушы функция — ұжымдағы тұрақты психологиялық атмосфераны қалыптастыру, жаңа адамдардың бейімделуін маңызды түрде жеңілдету;

стиль жасаушы функция — солұжымның басқа ұжымдардан ажыратып тұратынөмірлік стилін анықтайды.

  1. Психологиялық климат мынадай категориялармен сипатталынады:

көіл-күй – жиі қайталанып тұратынұжымның жеткілікті дәрежедегі тұрақты эмоциялы жай-күйі;

күйге келтіру — ұжымдық өмірде жақында болып өткен немесе болатын оқиғаны

( жағдайды ) көрсететін, уақыттың белгілі бір сәтінде туындаған эмоциялық жағдай.