Кәсіптік деструкциялар (құрылымның бұзылуы )

1.Кәсіптік деструкциялар — бұл еңбек өнімділігіне және осы процеске қатысушы басқа адамдармен болған өзара әрекетіне, сонымен бірге өзінің тұлғалық дамуына кері әсерін тигізуші жеке тұлғаның және іс — әрекеттің қалыпты құрылымының бірте — бірте бұзылуы.

А. К. Маркова кәсіптік деструкциялар дамуының мынадай негізгі үрдістерін атап көрсетеді:

жас және әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда кәсіптік дамудың артта қалуы мен кешеуілдеуі;

кәсіптік әрекеттің қалыптаспауы;

кәсіптік дамудың дезинтеграциясы (бұзылуы), мақсаттың нақты болмауының және кәсіптік келіспеушіліктердің салдарынан кәсіптік сананың құлдырауы;

кәсіптікоңтайлылықтың төмендігі, еңбектің жаңа жағдайларына көндіге алмау және дезадаптация ( бейімделе алмау );

бір сфера алға шығып, екіншісі арта қалып қойған кезде пайда болатын кәсіптік дамудың кейбір звеноларының (буындарының ) келіспеушілігі;

кәсіптік қабілеттің азайуы, кәсіптік ойлаудың әлсіреуі;

кәсіптік дамудың бұрмалануы; бұрын болмаған жағымсыз қасиеттердің пайда болуы, кәсіптік дамудың әлеуметтік және даралық нормалардан ауытқуы арқылы адам кескінінің (профилінің) өзгеруі;

тұлғалық деормацияның пайда болуы;

еңбек қабілеттілігін жоғалту немесе кәсіби ауруларға байланысты кәсіптік дамудыңтоқтауы.

Кәсіптік деформациялар тұлғаның біртұтастығын бұзады, оның тұрақтылығы мен бейімділігін төмендетеді, әрекет өнімділігіне кері әсер етеді.

  1. Кәсіптік деструкцияларды детерминдеуші факторлардың негізгі топтарыәлеуметтік- кәсіптік ортамен байланысқан объективтік, кәсіптік өзара әрекет сипаттарымен және тұлғалық ерекшеліктермен шектелген субъективтік, жетекшілердің кәсіпқойлығы мен басқару сапасының, кәсіптік процесті ұйымдастыру мен жүйесінің арқасында туындаған объективті-субъективтіктоптар болып табылады.
  2. Кәсіптік деструкциялардыңмынадай типтері бөліп көрсетілген:

белгілі бір кәсіптің жұмысшыларына тән болған жалпы кәсіптік деструкциялар;

мамандандыру процесінде туындаған арнайы кәсіптік деструкциялар;

кәсіптік – типологиялық деструкциялар ( тұлғаның дара – психологиялық ерекшеліктерін кәсіптік әрекеттің психологиялық құрылымына жатқызуменкеліп шыққан);

әртүрлі кәсіп иелерінің ерекшеліктерінен келіп шыққан даралықдеструкциялар: кейбір кәсіптік маңызы бар сапа шамадан тыс дамып кетеді де, ол ең жоғарғы сапаның келіп шығуына себепші болады.

Педагогтыңкәсіптік деструкцияларының мысалы:

педагоикалық агрессия. Себептері:

даралық ерекшеліктер;

психологиялық қорғаныс;

кез – келген тәртіп ережелерінің ауытқуынан туындаған шыдамсыздық;

өктемдік (авторитарность). Себептері:

психологиялық қорғаныс;

өзін-өзі тым жоғары бағалау;

өктемдік;

оқушыларды типтерге нобайлау;

дидактикалық. Себептері:

ойлаудың стереотиптері;

сөйлеу үлгілері;

кәсіптік акцентуация;

педагогикалықдогматизм; Себептері:

ойлаудың стереотиптері;

теңсіздік;

оқушылардың кемшіліктеріне төзбеушілік;

мінез акцентуациясы;

педагогикалық енжарлық. Себептері:

әлеуметтік кедергілер;

педагогикалық әрекеттің жүктемесінің шамадан тыс көп болуы;

синдром «эмоциянального сгорания»