Еңбек әрекетінің тұлғалық стилінің қалыптасуы

  1. Қалыптасқан немесе төселген кәсіпқойдың іс-әрекетінің тұлғалық стилі – ішкі немесе сыртқы жағдайларда адамның ең үздік мақсаттарға жету үшін жұмсаған күш-жігерінің нәтижесінде жинақталған, іс-әрекеттің бейімделген салыстырмалы түрде тұрақты ұйымдастырылуы.

әрекеттің тұлғалық стилінің жақсаруына ұсыныстар: адам өзінде кәсіпқой ретінде нені өзгерткісі келеді — өзін-өзі реттеудің тәсілдерін, өнімнің жоғарғы талаптарын білу, өз ұжымындағы адамдары өте жақсы білу.

  1. Еңбек әрекетінің тұлғалық стилінің мынадай белгілері берілген:

нақты адамның жұмысының өзіндік жақтарының айқындалуы:

ортадағы бағдардың кең көлемділігі немесе қысқалығы;

жиі немесе сирек ағымдағы бақылау;

предметтік, әлеуметтік немесе өзінің жай-күйіне бағдар жасау;

орындалатын істің ағымы — асығыстық немесе баяулық;

жиі байқау мен түзету немесе орындау дәлдігі, қарқындылық, байсалдылық немесе басқа да байқау нәтижесінде алынған ерекшеліктер;

әрекет нәтижелері — орташа сападағы көп өнім немесе , керісінше , аз ,бірақ сапасы жоғары;

бақылаудағы стилдің себептері:

ішкі жағдайлар аумағында — психикалық қабаттың тұрақты ерекшеліктері,хабардар болду, тәжірибе, дағдылардың, өзін-өзі реттеу тәсілдері болуы;

сыртқы предметтік жағдайлар аумағында — өнімнің жақсы үлгілерінің болуы немесе болмауы, құрал-жабдықтардың, материалдардың болуы немесе болмауы;

сыртқы әлеуметтік жағдайлар аумағында — тәжірибе алмасу дәстүрлері, еңбекке қатысушылардың, әріптестердің топтарының ұйымшылдығы немесе бөлектенуі, тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктері;