Еңбек мотивациясы

  1. 1. Еңбек мотивациясы — бұл жұмысшылар мен жұмысшылар тобын олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізу әрекетіне ынталандыру.

Мотив (ниет) — жұмысшының түрлі жағдайларда өзінің мінез-құлқын түсіндіру және негіздеу тәсілі.

Мотивтер мынадай еңбек жағдайларына байланысты:

мамандық немесе жұмыс орнын таңдау жағдайы;

белгілі бір мамандық бойынша нақты кәсіпорындағы күнделікті жұмыс дау-жанжал жағдайы;

жұмыс орнының өзгеруі немесе кәсіптің ауысуы жағдайлары;

еңбек әрекетішарттарының маңызды өзгерістерімен байланысқан инновациялық жағдай;

тағы басқа жағдайлар.

Еңбектің тәртібі ( жөн-жосығы ) мынадай мотивтерді сипаттайды:

қамтамасыз ету мотивтері — жұмысшының және оның отбасының жағдайының жақсы , жайлы болуы үшін қажетті материалдық жабдықтар жиынтығымен байланысты; материалдық қызығушылыққа негізделген, жалақыны бағытқа алған;

бейімділік мотиві — жұмысшының еңбек әрекеті процесіндегі ықтималды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылуы;

абырой мотиві — жұмысшылардың әлеуметтік мақсатын жүзеге асыруға , қоғамдық маңызды әрекеттерге қатысуға ұмтылуы.

  1. Мотивацияның негізгі рычагтары:

ынталандыру — еңбекақы;

мотивтер — адамның ішкі қалыптасуы:

Еңбекке деген қарым-қатынас былай анықталады:

адамның құндылықтарының жүйесімен;

кәсіпорында құрылған еңбек шарттарымен;

қолдануға болатын стимулдармен.

Кәсіпорын деңгейіндегі мотивация жүйесі төмендегілерге кепіл болуы тиіс:

барлық еңбекшілердің жүұмыспен қамтылуы;

кәсіптік және қызметтік көтерілуге тең мүмкіндік туғызу;

еңбекақы деңгейінің еңбек нәтижелерімен сәйкестігі;

еңбек қауіпсіздігі шарттарының құрылуы;

ұжымда жайлы психологиялық климаттың сақталуы.

Мотивация әдістері жіктеледі:

экономикалық ( тура ) — уақытша және келісімді еңбекақы; еңбектің сапалы және сандық көрсеткіштері үшін сыйақы; кәсіпорын кірістеріне қатысы; оқу үшін төлемақы:

экономикалық (тура емес ) — кәсіпорында тамақтануға, траспорттық қызметке, тұрғын үй төлемдеріне жеңілдіктер беру;

материалдық емес — еңбек тартымдылығынкөтеру, қызмет бабымен ілгерілеу, ең жоғары деңгейде шешім қабылдауға қатысу, біліктілікті арттыру, жұмысқа шығудың еркінграфигі .

Кәсіпорын жұмысшыларының мотивацияларының негізгі формалары:

еңбекақы — кәсіпорын әрекетінің нәтижесіндегі жұмысшының салымының объективті бағасы;

жұмысшыларға арналған ішкі фирмалық жеңілдіктерінің жүйесі — тиімді сыйақы беру; стажға төлем, кәсіорын есебінен жұмысшылардың денсаулығын сақтау, пайызсыз несие беру, жұмыс орнына барып келу жалақысын төлеу , жұмыс орнындағы тамақтануға жеңілдік және т.б.

ісшара, жұмысшының жауапкершілігі, тәелсіздігі, еңбегінің тартымдылығы мен маңыздылығы;

жұмысшылар арасындағы әкімшілік және психологиялық „кедергілерді” жою, ұжымда сенім мен өзара түсінушіліктің дамуы;

жұмысшыларды моральдік мадақтау;

жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен жұмыс барысында ілгерілеуі.

  1. Еңбек мотивациясы теориясының негізін қалаушы А. Маслоу, Д. МакКлеплавд және Ф. Герцбергтер болып табылады.

Еңбек мотивацияларының негізгі теориялары — бұл:

күту теориясы;

әділдік теориясы;

Портер-Лоулер мотивациясының моделі.

Күту теориясы 3 өзара байланысқа негізделеді:

еңбек шығыны — нәтижелері: жұмсалған күш пен алынған нәтижелердің қатынасы. Егер жұмысшы еңбек шығыны мен алыған нәтижелері арасында тікелей байланыстың жоқтығын сезінсе мотивация әлсірейді;

еңбек нәтижелері — сыйақы тағайындау: қол жеткізілген нәтиже арқылы тағайындалған мадақтау немесе сыйақыны күту. Егер алынған нәтиженің көлемі мен сыйақының арасында өзара байланыс болмаса онда әрекет мотивациясының салдары болмайды;

сыйақы — сыйақыға қанағаттану; сыйақының көлемі мен құндылығына салыстырмалы түрде қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі.

Әділдік теориясы алынған сыйақы мен жұмсалған күшті және ұқсас жұмыстарды атқарушы басқа да жұмысшылардың сыйақы көлеміменсубъективті салыстыруға негізделеді.

Әділдік теориясының негізгі қорытындысы:

Жұмыс нәтижесі сыйақы деңгейіне сәйкес теңбе-тең бағалануы тиіс, болмаса мотивацияның ынталандыру ролі төмендейді.

Портер-Лоулер моделі әділдік теориясы мен күту теориясының элементтерін өз ішіне алады.

Моделдің негізгі тезисі: адам өз қажеттілігін өзінің еңбек үлесі үшін тағайындалған лайықты сыйақы арқылы қанағаттандырады.