Кәсіп

  1. Е. А. Климов «профессия» ұғымына мынадай түсінік береді:

бірдей өмір салтын ұстанған және ұқсас мәселелермен айналысатын адамдар

қауымы ретінде;

жеке тұлғаның іс-әрекеті менайқындалу аумағыретінде;

тарихи дамушы жүйе ретінде;

еңбек субъекті тарапынан шығармашылықпен қалыптасқан нақтылық (ақиқат) ретінде.

Көптеген кәсіптер мамандықтарға бөлінеді. Мамандық — еңбектің түрлі салаларға бөлінуінен келіп шыққан, адамның физикалық және рухани күш-жігерін жұмсайтыншектелген бір сала.

  1. Профессиография — кәсіпті зерттеудің негізгі әдісі.

Профессиография кәсіптік еңбектің нақты бір түрінің міндеттері мен мақсаттарын; еңбек процесінің жекеленгенкезеңдерінің орындалуының ұйымдастырылуын және шарттарын; кәсіптің психо-физиологиялық жүйесін зерттейді.

Профессиография көмегімен профессиограмма мен психограмма түзіледі.

Профессиограмма — кәсіп туралы және адамға қойылатын кәсіби талаптар жүйесі туралы білім жайындағы мәлімет.

Психограмма — адам психикасына қойылатын талаптарды анықтау мақсатындағы әрекетке психологиялық талдау жасау.