- Ертеде және феодализм дәуірінде еңбек туралы білімдер мынадай жазбаша емес тәсілдермен назарға алынған:
мифологиялық білім:
көп құдайлар еңбек әрекетімен байланысты болған (жүзім, егін шаруашылығы құдайлары);
еңбек құралдарын табиғаттан тыс тылсым күштермен байланыстырған;
ертегілер, аңыздар, ырым дуалары:
шебер- Марья образы;
Василиса сұлу образы.
бейнелеу тәсілдері: жануарлар бейнелері (аңшылық объекті), аңшылық құру сценалары;
өлеңдер мен ырғақтар — адамның еңбектегі жай-күйін басқару құралы; ырғақ өндірістік әрекетте және одан тыс жерде ерекше көңіл-күйді жаратудың маңызды шарты ретінде қаралады;
халық мақал-мәтелдері:
«Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ» — еңбектің міндеттілігін дәлелдейді;
« Бақыттың кілтіеңбекте» — еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы;
«Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды» — еңбек өнімсіздігін қаралау және т.б.
Барлық мифтер мен мақал-мәтелдердіңмәніеңбеккедеген құрметке тәрбиелеу.
- Еңбек туралы ұғымға идеологиялық және діни тұжырымдамалар да әсерін тигізді:
қазіргі заманғы европа-америкалық мәдениет көп жағдайда реформация идеяларына негізделген:
жұмысшы өзінің еңбектегі ролін жоғарыдан берілген борыш (құдайдан) деп сезінеді;
өте ынталы орындау міндеттері қызметтік борыш ретінде қаралады.