Еңбек психологиясының әдістері

  1. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс — әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

Еңбек психологиясында адам психикасын зерттейтін кеңінен таралған бірнеше әдістер бар. Олар:

эксперимент ( тәжірибе );

байқау;

сұрақ қою;

еңбек әдісі;

алгоритмдік анализ;

құрылымдық әдіс.

2.Тәжірибе – еңбек әрекеттерін психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.

Тәжірибе жасауда зерттеуші салыстырмалы түрде факторларды бақылауды толық жүзеге асырады, арнайы ұйымдастырылған зерттеу жағдайларын болжайды, психологиялық құбылыстың өзгеруші сыртқы жағдайларға тәуелділігін зерттеуге мүмкіндік жасайды және өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңінен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.

Еңбек психологиясында тәжірибенің мынадай түрлері бар:

лабораториялық — өңделген іс-әрекеттің негізінде;

табиғи – табиғи іс -әрекет негізінде;

ситуациялық – лабораториялық немесе табиғи жағдайлардағы субъективтік іс-әрекетке тән ең маңызды ситуациялардың көрсетілуі негізінде;

қалыптастырушы — әр түрлі психикалық процестердің ерекшеліктерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Лабораторияда жүргізілген эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағайларға байланысты болады:

1.Зерттелетін объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс.

  1. Тәжірибе түрінде лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу – сызу құралдарымен қамтамасыз ету).
  2. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу.
  3. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау.

Жақсы жақтары бола тұра тәжірибеге мынадай кемшіліктер де тән:

нәтижелердің бұрмалануы;

зерттеушінің қатысуы арқылы сыналушының мінез-құлқына әсер ету;

тәжірибені кез-келген зерттеу мәселелеріне қолдануға болмайтындығы.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын ( бет құбылысын ), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлықын, жалпы әрекетінбайқауға болады. Сондай-ақ адамның еріккүшін, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптарда қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. пайдаланылады.

Еңбек психологиясы саласында байқау әдісі адамның мінез-құлқын анализ жасауда, адам еңбегін бақылау барысында, бірдей жағдайдағы әр түрлі адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін қолданылады.

Байқау әдісінің кемшіліктері:

селқостық, енжарлық;

сырттай қараушылық.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

1.Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

  1. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет.
  2. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатыннегізгі талаптардың бірі.
  3. Асығыс жинақтап қорытынды жасауға жол бермеу;
  4. Зерттеу барысында басқа да зерттеу әдістерін үйлесімдіпайдалана білу.

Сұрақ — жауап — сұрақтарға жауап беру арқылы алынған ақпараттар жиынтығы бойынша қорытынды жасайтын психологиялық зерттеу әдісі.

Сұрақ – жауап әдісі мынадай жағдайларда қолданылады:

егер де ескерілген факторды бақылау жасау жақсы нәтиже бермесе;

зерттеліп жатқан факторды мұқият есепке алу ұзақ мерзімді және күрделізерттеуді қажет еткен жағдайда;

басқа әдістер жеткілікті дәрежде толық мәлімет бере алмаса.

Сұрақ – жауап әдісініңтүрлеріне сауалнама, интервью, әңгімелесу, социометриялық сұрақ – жауап әдістері жатады.

Сауалнама әдісі бойынша кісі күні бұрын парақтарға жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайтарады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжымның, оның жеке өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері ( талап – тілегі, мақсат – мүддесі, талғам – мұраты, қызығуы, бейімділігі т.б. ажыратылады).

Интервью – мазмұны мен сұрақтары алдын ала жоспарланған ( әңгімелесу) сұхбат.

Әңгімелесу әдісі — психолог белгілі бір жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтарқояды, зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбіне жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, соған орай тиісті қорытынды жасалады.

Социометриялық әдіс — топтық еңбек әрекеттерінің ерекшеліктерін сипаттайтын, аясы шектеулі мәселелерді шешуге бағытталған әдіс түрі.

Сұрақ – жауап әдісінің нәтижелі өтуі үшін қажетті шарттар:

сұрақ – жауап тым күрделі болмауы қажет;

сұрақтар зерттелушіге түсінікті болуы қажет;

жауаптардың сипатын алдын ала анықтап беретін жетекші сұрақтар болмауы қажет;

жауап беруші сұрақ — жауаптың орынды екендігіне сенімді болуы қажет;

жауаптардың жағымсыз салдарларынан қорықпау қажет;

мүмкіндігінше сұрақ – жауап (аноним) жасырын түрде өткізілуі қажет.

Еңбек әдісі – нақты еңбек әрекеті негізіндегі тәжірибеніңәр түрі.

Әдістің мәні – зерттеуші кәсіпті өзі меңгеріп, оған өзінің жеке көзқарастары мен алған әсерлері негізінде сипаттама береді.

Еңбек әдісі кәсіптерді меңгеру барысындағы қиындықтарды анықтап, іштей терең талдау жасап шығады.

Алгоритмдік анализ — алгоритмнің логикалық сызбасымен құрылған және әрекеттің алгоритмдік сипаттамасына негізделіп алынған мәліметтерді реттеу тәсілі.

Алгоритм — белгілі бір кластың мәселесін шешуге мүмкіндік беретін, қатаң түрде алдын-ала белгіленген операциялардың жүйелілігі.

Алгоритмдік анализдің беретін мүмкіндіктері:

әрекеттердің жиынтығын ықшам формада көруге;

әрекеттердің заңды байланыстарын ашуға;

Құрылымдық әдіс А. И. Губинский тарапынан ұсынылды.

Әдістің мәні — еңбек әрекеті негізгі және көмекші (жанама) операциялардан тұратын құрылым ретінде сипатталады.

Құрылымдық әдістің кемшіліктері:

құрылымның сыртқы орта факторларына тәуелділігін орнатуқиындықтары:

ой әрекетін«алгоритмдік» түсіндірудің болмауы. Бұл оның құрылымын сипаттауға мүмкіндік бермейді.