Инстинкт – бұл түрдің тәжірибесі, ал үйрену – индивидуалды тәжірибе болып табылады. Инстинкттивті қозғалыстар табиғи таңдаудың нәтижесі болып табылады, бұл түрдің жинағы. Инстинктивті жүріс-тұрыс өз кезегінде инстинктивті қозғалыстардан (позалардан) тұртын инстинктивті әрекеттерден (актілер) жинақталады. Бірнеше негізгі инстинктер бар, олар: тамақтың, өзіндік сақтану, ұрпақ жалғастыру, ата-аналық жүріс-тұрыс. Олар тұқым қуалаушылықпен беріледі (тектік жолмен) және түрге тән болып табылады. Егер инстинктті шартсыз рефлекспен салыстыратын болсақ, онда ол шартсыз рефлекске қарағанда өзінің құрылымы бойынша күрделі болып табылады деп айтуға болады. Инстинкттің құрылымы оған үйнеудің элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін иілгіштік береді, ал жеке шартсыз рефлекстер қатал бағдарламаланған болып келеді.
Инстинктивті қозғалыстардың сипаты организмнің морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
Инстинкттің ішкі және сыртқы факотрлары. Р.Декарт – истинктивті жүріс-тұрысты ішкі факторлар түріндегі қозғалмалы күштердің әсерімен түсіндіретін механистикалық бағыттың негізін салушы болған.
Мистикалық бағыт инстинкттің ішкі себептерінен шыға отырып оның мақсатқа бағытталғандығын түсіндіреді. Шын мәнінде кез келген истинкттің көрінуінің себептері сыртқы да, ішкі де факторлар боып табылады. Инстинкттің ішкі ортасының тұрақтылығы, оның өмірлік іс-әрекеті үшін қажетті жағдайы екендігі мәлім. Теңдіктен кез келген ауытқу гомеостазды қайта қалпына келтіру үшін өзіндік реттеудің физиологиялық механизмдерін (қызметтік жүйелер) әрекетке келтіреді. Теңдіктен осы ауытқулар инстинкттердің ішкі факторлары боылп табылады, олар жүріс-тұрыстың қанағаттандыруға бағытталған қажеттіліктерінің көрінуінде байқалады.
Табиғат ырғақты болып келеді және ол организмдегі түрлі үрдістер де ырғақтар түрінде өтеді. Ырғақтар тәуліктік, айлық, мезгілдік, космостық және т.б. болады. Мысалы, тәуліктік ырғақтар ОНЖ ырғағында көрінеді – ол жүріс-тұрыстың уақыт бойынша бейімделуін қамтамасыз ететін биологиялық сағаттар. Қалыпты жағдайларда ішкі ырғақтардың ағымы инстинкттің сыртқы факотрлары болып табылатын сыртқы әсерлердің әсерінен өзгереді.
Инстинкттің сыртқы факторлары инстинктивті реакцияны жіберетін негізгі стимулдар боып табылады, бірақ негізгі стимулдарды тануды қамтамасыз ету үшін «туа берілген басталу механизмі» (ТБМ) («врожденный пусковой механизм» ВПМ) бар, ол – ортаның биологиялық белсенді жағдайларына жүріс-тұрыстың үйренгіштігін қамтамасыз етеді, одан кейін одақтасуды «алып тастау» өтеді. ТБМ-нің өзіне тән ерекшелігі – сыртқы стимулдарға, тіпті тітіркендіргіштердің белгілі –бір комбинациясына әсерленудің таңдамалылығы болып табылады.
Жануарлар негізгі тітіркендіргіштерге жүріс-тұрыстың туа берілген формаларының индивидуалды тәжірибесіне тәуелсіз әсерленеді.
Голландиялық зоолог Н.Тинбергеннің тәжірибелерінде күміс түстес шағаланың балапандары тіпті ата-аналық особтың негізгі белгілері бар макетке де әсерленген. Болашақ балапандарын басып жатқан үлкен шағалалар жұмыртқаларды ағаш, әйнек, тас, батпақтан жасалған көлемі, түсі және салмағы әртүрлі жұмыртқаларға алмастырғанды байқамаған, тек олар дөңгелек және тегіс болуы қажет. Негізгі стимулдар ұзақ уақытты эволюция үрдісі барысында негізгі бола бастады және оған біршама қарапайым, бірақ үнемі стимулдар енді. Мысалы, пингвиндер ешқашанда адамнан қорықпайды, себебі адам пигвиндердің жанында ешқашанда өмір сүрмеген.
Инстинкттің құрылымы. Американдық зерттеуші У.Крейг инстинкттің екі фазасын бөліп көрсетті, олар: іздеу және аяқтау фазалары.
Іздеу фазасы инстинкттің иілгіш фазасы болып табылады және айқын көрінетін бейімділік-зерттеу іс-әрекетімен сипатталады. Аяқтау фазасы, керісінше, қатал фаза және бір түрге жататын барлық өкілдері бірдей өтеді.
Инстинкт және қарым-қатынас. Қарым-қатынасқа қабілеттілік эволюция үрдісінде тек жануардың кейбір әрекеттері (қозғалыстары) сигналдық мәнге ие болған кезде ғана, яғни ақпаратты бере бастаған кезде пайда болды. Коммуникативті әрекеттердің ақпараттық мазмұны зоосемантика деп аталады, ал әрекет механизмі – зоопрагматика деп аталады.
Позалар, мимика және басқа да дене қозғалыстары үлкен ақпараттық мәнге ие болып табылады. Демонстрациялық жүріс-тұрыс – арнайы сигналдық мәні бар дененің белгілі-бір бөліктерін (дененің айқын бөліктері, өрнектер, жел толқу, қанатты немесе жүндерді тікірейту) демонстрациялау зейін аударады. Жануарлардың қозғалыстары бірінші және екінші болып екіге бөлінеді. Бірінші қозғалыстар – бірте-бірте сигналдық қызмет атқара бастаған «аллохтонды» қозғалыстар. Оларға диалог түрінде орындалатын рәсімденген қозғалыстар жатады.