Психологиялық зерттеулердің бірінші принцпы психиканы зерттеудің объективтілік принцпы болып табылады. Бұл принцп кез-келген құбылысты олар қандай болса, сол күйінде қарауды қажеттілігін білдіреді. Олар адам өмірінің сыртқы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зерттелуі мүмкін. Объектілік принцпы адамның психикалық ерекшеліктері жайлы оның нақтылы істері мен қылықтарына қарап ғана дұрыс пікірге келуге болатындықтан адамды қызмет үрдісінде зерттеуді талап етеді. Бұл принцпті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды сыртқы әсерлердің бейнелену ретінде ұғынылады. Әртүрлі жағдайларда, әртүрлі қызмет бабында, басқа адамдар мен қарым-қатынасында жеке адамның сан-саналы психикалық ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Сонымен бірге ақиқат өмірдің алуан салаларына қарамастан, әр адам өз күйінде қалады, тек өзіне ғана тән индивидуалды психикалық қасиеттерін сақтайды. Сондықтан психологиялық зерттеулерді құру принцптерінің бірі жеке адамды анализдік – синтездік зерттеу принцпі болып табылады. Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі және қызыметінің әртүрлі жағдайда тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық жеке психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принцпті ұстану қажеттілігі жеке адамды терең , жан-жақты зерттеу, танымдық , эмоциялық, ерік-жігерілік процестердің жеке жақтарын, жеке қасиеттерін зерттеу сияқты барлық осы сәттердің адамның тұтас психикалық бейнесіндегі өзара байланыстарын, өзара шарттылықтарын зерттеуді қажет ететіндігінен де болып отыр.Бұл екі бағыттың қатаң бірлікте болуы, бір жағынан, жеке көріністерін зерттеп мейлінше жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсінуге және дұрыс бағалауға болмайтындығынан, ал екінші жағынан жеке адамның ерекшеліктерін оларды бір-бірімен салыстырымайынша, олардың өзара тәуелділігі мен бірлігін ашпайынша үгіттеуге болмайды.
Психологиялық зерттеулерді құруда анализдік синтеззік принцпті басшылыққа алу әр адамның психикалық бейнесінде белгілі тарихи кезеңдегі барлық адамға немесе белгілі тапқа тән жалпы ұқсастық және ерекшелік, индивидуалды болатындықтан да қажет. Жеке адамды зерттеу процессі кезінде оның қандай жалпы типтік және индивидуалды қасиеттерге ие екенін, осы қасиеттерді қалай қалыптастыруда екендігін анықтау қажет.
Сонымен психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі принцптері: объективтілік принцпы, психикалық құбылыстарды оларды даму барысында зерттеу принцпі және жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принцпі болып табылады.
Қандай сабаққа анализ жасаса да мынандай психологиялық талдау жасау керек:
- Сабақтың оқу тәрбие жұмысының мақсатын жоспарлау бағасы.
- сабақ мазмұнының психологиялық – педагогикалық бағасы.
- Оқу материалының тәрбиелік мәні.
- Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқарудың әдістері мен құралдары.
- Мұғалімнің кері байланысын ұйымдастыру
- Мұғалімнің тәрбиелік ықпалы.
- Үй тапсырмасының көлемі, ерепкшелігі және жеке даралығы
- Сабақтың мақсатына жеткендігі жайлы қандай психологиялық көрсеткіштер арқылы нақтылауға болады.