- Жариалылық кезеңі қоршаған ортаның көптеген “ақтаңдақтарын” ашып көрсетті. Солардың бірі-отбасынан тыс мекмелерде тәрбиеленіп жатқан балалар мәселелері.
- Жетім балаларды тәрбиелейтін интернат типтес мекемелерде тәрбиеленген жасөспірімдер үшін ең соңғы кезеңі. Әрі қарай олар өзімдік өмірге аяқ басады. Әдеттегі қамқорлық пен өмір арнасынан айырылған олар бұған дайын емес болып шығады. Міне сондықтан да балалар үйінің 14-15 жасар бітірушілерінің сұрақтарының арасында өзінің болашағы туралы субъективті ойы бірінші орында тұрады.
- Көпшілік мектептегі оқушылары мен интенат жасөспірімдерінің әлуметтік дамуының айырмашылығы тек, мысалы: біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс интернат типтес балалар мекемелерінде тәрбиеленуінде емес, сондай-ақ, “олардың қоғамда қол жеткізген дәрежедегі орнын иеленуінде” . Осыған байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленген жасөспірім тұлғасының психологиялық даму мәселелеріне ерекше тоқталып, жан-жақты зерттеу қажеттілігін туындатады.
- Балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшелітерін даму өзгншелігін шет ел (А.Адлер, А.Фрейд,М.Винце) және отандық (М.Лисина, М. Мещерякова) психолог зерттеушілер белсенді түде қатысады.
- Ағылшын зерттеушісі Л.Ярроу балалар үйінде тәрбиеленушілердің даму жағдайының 4 түрін анықтайды.
- Аналық депривация баланың билогиялық анасымен байланысының жоқтығы;
- Сенсорлық депривация балада әсерлердің әртүрлілігі және қабылдау айқындылығының кенеттен төмендеуі
- Әлуметтік депривация баланың басқа адамдармен қарым-қатынастың азаюы;
- Эмоциялық депривация қоршаған ортамен қарым-қатынаста эмоцияның әлсізденуі, айналаны әлсіз сезінуі.
- Әсіресе осындай депиренцияың жетіспеушілігінен отбаснда өскен жасөспірімдерге қарағанда балалар үйінде тәрбиелен жасөспірімдер жалғыздықты қатты сезінеді.Жасөспірім барлық уақытын жалғыздықта өтізеді, тіпті кейде басқалардан бөлектеніп тамақтанады, аянышты әуенді тыңдау арқылы ойға шомып, қиялға беріледі.Ішкі жан дүниесінің мазасыздығына күйзеледі, олардың оның орнын бір нәрсемен толтырғысы келеді. Кейде наркотиктер немесе ішімдік ішу арқылы өзінің көңілдерін жұбатады.Осыған байланысты бұл жерде қарым-қатынас қажеттіліктері ұлғаяды.
- Ағылшын психологы Р.Бернес “ана дипревациясы” мәселесін талдап келе: “Жеке адамның сезімсіз аграссивті Мен тұжырымдамасының жағымсыз дамуы баланың ата-анаға немесе ата-ана рөліндегі адамға бауыр басуын қалыптастырудағы сәтсіздіктерден пайда болады.”-деп жазады.
- Психолог Т.И.Юферева арнайы зерттеулер жүргізіп, интернат тәрбиеленушілердің психологиялық жыныстықтың қалыптасуында белгілі бір анықталған қажеттілік жүйесі, мотивін, құндылық мақсатын, этолонднрды, мінез-құлықтың өзгеше амалдарын қарастырған.Мұны Юферева интернат жасөспірімдері мен әдеттегі мектептердің “Мен қазіргі әйел мен ер адамды қалай елестетемін” деген тақырып бойынша шығарма жаздыру арқылы тексереді. Зерттеу қортындысында отбасында өскен жасөспірімдерде әйел мен ер адам бейнесінде және сонымен идеялы ретінде бірінші орында отбасы туралы түсінік тұрады және бұл ұғымдар көптеген жағымды сипатқа толы.
- А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых, М.И. Лисина жүргізген зерттеулер қорытындысы бойынша, егер әдеттегі отбасында тәрбиеленген жасөспірім өз әдемілігі туралы қарсы жыныс өкілеріне айту сирек кездессе, интернатта мұндай фактілерден көзаша алмайсыз. Сондықтан да жыныстық кезеңдерді ерте бастап, одан ұялмайды, қайта мақтан етеді.Егер белгілі себептерге байланысты жігіт пен қыз сексуалды партнер ретінде”бір-біріне кезек болмаған жағдайда” бұл әжептеуір әңгімеге айналады.
- В.С. Мухина мұндай жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептері “сүйіспеншілікке қажеттіліктің” орындалмауы, бұл баланың жеке тұлғасының дефермациялануына әкеледі.Ата-ананың сүйіспеншілігіне қанықпаған бала тәрбиеге көнбейтін, даму барысындағы тұлғалық қиындықтарға, эмоциялық қысымға әкеледі, ол өтірік айту мен көре алмаушылық сезімдердің дамуына әсер етеді. Мұндай аффективті реакциялар Л.С. Славианның пікірінше , баланың қоршағыш реакциясы болып табылады, ол сол арқылы өз мүмкіндіктерінің бағасын төмендетпеуге тырысады.