Оқыту – шәкіртпен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту — мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкіртің дүниені танып білуге басты әрекет болса, оқу шәкірттің дүниені танып білуге бағытталған өзіндік әрекеті. Оқыту процесінің әртүрлі қырларын жекелеген методикалар қарастырады. Шәкірттердің оқу мазмұнын ұғынып, әртүрлі тапсырмалаарды қалайша орындай алу мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттердің оқуға талпынысы мен ынтасын қалыптастыру жолдарын, оның түрлі білім , дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп отыратындықтарын әртүрлі мазмұндағы материалдарды игеру ерекшеліктері –нәтижені жоғарылату объектісі болып табылады. Оқу материалдары адам психорлогиясына зор талап қоятыны белгілі. Шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Мұның өзі қазіргі заманда бірнеше кезеңнен тұратыны белгілі. Мәселен оқушының сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Содан соң тәжірибеде сынап көреді. Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде оларын ойына ұстап тұрады да, бесін,ші кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс туралы белгі ұғымы қалыптасатын болады. Ақыл ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық бірлестіктерін үйренеді. Мұғашлім шәкірт ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондай оқушы материалдың бір-бірі мен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді. Сондай ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, берілген мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады. Материалды өз күйінше жаттап алу , оның ішкі мәніне бара бермеу, балада жаттампаздық, яғни оны құрғақ жаттап алуға әуес болуға жетелейді. Шәкірттің білім меңгеуі , мұғалімнің сабақ оқуы, екеуі де инемен құдық қазғандай қиын нәрсе. Мәселен мұғалім оқушыға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдайда ақыл ой кернеуалығын, кейде оқудан жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әт шәкірттің рухани тілектерін, таным белсенділігін, оны ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамыту қажет. Мынандай кез әрқашан есте болуы керек. Егер жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай айналаны танып-білуге құштарлығының біртіндеп сөнуіне , самарқаулыққа салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл ойын жүйелілік пен дамыту үшін оқытудың тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Шәкірттерің ойлау қабілетін дамытуға оқытудың проблемалы сипата болуы ерекше әсер етеді.Проблемалық оқу оқушыға беретін білімнің бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына сұрау салып, мәселе қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау. Білім жүйелерін меңгеру күрделі ой жұмысның нәтижесіБұл ойлау формалары мен тәсілдері арқылы жүзегре асады. Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді пайдалануда шәкіртердің өздері ұғынуға тиісті заттар мен факторларды саралап, салыстырып , жекелеген құбылыстадың не себептен туындайтынын, себебін іздестіретін болады. Еліміздің озат, жаңашыл ұстаздары өз тәжірибесінде методика, педагогика,психология ғылымдарының соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану арқылы сабақ процессін жетілдіре түседі Атап айтқанда бұл біріншеден –ұстаздың сабақты терең және жан-жақты түсіндіруі, екіншіден- оқу материалын тірек плакаттарына ойластыра қысқаша баяндай білу. Оның арқасында шәкірт тірек белгілері бар беттерінің мәнісін ұғынады. Осылайша балалардың барлық қырларын зерттеп, сабақтарды қызықты өткізу арқылы балаларды қызықтыра түсеміз.