- Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады.
Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды.
Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды.
Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті.
Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады.
Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды.
Клиенттің мінез–құлқына реакциясын ұмытқан психолог қарым–қатынас процесінде оларға жауап бергенімен, олар қате ьолып көрінгендіктен түйсіктерін қалпына келтіре алмайды. Мәселен,клиент оған ұнамайды, алайда ол оны мойындаудан қорқады: сірә, олол адамдарға көмектескісі келгендіктен психолог болған шығар, бірақ олар көмек сұрай келгенде ол адамдарды жек көріп кетеді. Бұл танымдық диссонанс әрі психолог оны өзі үшін де мойындағысы келмейді. Психотерапияның кейбір мектептерінде «терапевт проблемалары оның өзі де шеше алмайтын болса науқаспен жұмыс жасамауы тиіс; әрі науқас терапевтің өзі жасай алмағанын істей алатынын күтуге болмайды» деген ереже бар.
Кейде психолог өзін қауқарсыз да, бліксіз сезінеді. Осындай реакцияны сезініп, түсінген өте маңызды: шын мәнінде дәл осы клиент оның себебі болды ма? Оның сезініп, өз–өзіңе мойындау үшін ерлік қажет. Онсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Осы тектес реакцияда есеп беруге қабілетті, түйсіктерін сезінуге ерік–жігері бар психологтар әрқашан сеанс кезінде айтылғандарды еске түсіруге қабілетті болады. Олардың мамандықтарында нығаюдың мүмкіндіктері болғанымен, оларға қиынырақ. Тәжірибесінің басында олар едәуір байсалды қызметтестеріне қарағанда аса білікті көріне қоймайды. Алайд жауап беру қабілеті – психолог үшін бірінші кезекте тұрады. Оған ие болғандар ақырында жақсы мамандарға айналады. Бастапқыда олар өз–өздеріне аса сенімді болып көріне қоймаса да, тұрғыларымен олар өмірге деген зейінді қатынастың маңызын дәлелдейді.
Психологқа ақыл мен ерлік қажет–ақ. Ол науқаспен жақсы қатынастарды сақтап қалу үшін ымыраға ұмтылмай, қажет те дұрыс деп есептегенін жасауға тиіс. Клиенттің қанағаттану–қанағаттанбауынан тәуелсіз құат беруге көмектесетін науқасқа деген жауапкершілік сезімі қажет. Психотерапевт икемді болуы тиіс, бір әдістен басқасына көше алуы тиіс, адамның тұлғасын романтикалай алуы тиіс. Үлгіде ол өмірдің керемет қырларымен қатар, оның аса тартымды емес жақтарын да қабылдай алуы, бірегейлігін көре алуы тиіс.
Кейде психологтар тым көп теорялайтын жағдайлар да кездеседі. Олар өмірдің сиқырынан қорқып оны теориялық шеңберлерменшектеуге тырысады. Адамдардың өміріндегі маңызды оқиғаларды түйсінуге, оларды көріп, рахаттануға көмектесуі тиіс.
Адамдар өздерінің психологиялық проблемаларын шешу үшін: рухани ізденісті тереңдету үшін, өзі немесе өзінің айналадығалармен қатынастары жайлы өмірлік маңызды мәселелердің жауабын табу үшін психологтың мамандығын таңдайтын жағдайлар да кездеседі. Әдетте бұл балалық шағында махабаттың обьектісі болмаған, ешкім мақтамаған, масаттанбаған адамдар. Үлгілі психолог, үлгілі клиент сияқты туысқандарынан басқа, достары, қайсібір басқа адамдар енетін үлкен бір жанұяның мүшесі ретінде сезінуі тиіс. Егер психотерапевтің ондай сезімі болмаса,оның клиенттерге ішкіштің, нашақордың немесе «маргиналды тұлғаның» жарлықтарын таңып, сол мезетте ақ алғыр тәсілдермен қорлай бастайтыны күмансыз. Парасатты психолог қорытындылауға асыға қоймайды, өйткені диагностикалық анықтамалар мен психологиялық ықпал ету әдістерінің өзара байланысы аса біртекті емес.
Сонымен бірге, психолог өзінің табиғи артықшылықтары жайында ұмытпауы тиіс. Табиғатынан психолог пен клиенттің қатынастары – жетістік пен сәтсіздіктің арасындағы қатынастар. Өмірін жөнге салған, сірә күрделі проблемалары жоқ психолог, клиентпен оның жұмысты, отбасын немесе өмірдің мәнін табудағы қабілетісіздігі жайлы әңгімелесекенде, өзін клиенттің толымсыздығын езінбейтіндей ұстайы тиіс.
Еліруге, кекіреюге, ауқымды байланыстарды ойға салуға, өзі мен клиенттің арасындағы айырмашылықты ұюға болмайды. Солай бола тұрса да, салыстырулар өздігінен туындаса, психолог мүмкіндіктерінен ұялуға немесе оларды жасыруға, негізгісі клиенттің едәуір қайғылы жағдайда екенін естен шығармаған жөн. Оның жетістіктерін анықтап, бағалай алу, оларға нұсқауда клиенттің оларды азайту ұмтылысын көзден таса қылмауы қажет. Ашық –жарқындылықпен үйлескен осындай мархабатты қатынас практикалық психологияның негізі болып табылады.
Алайда практикалық психолог іс –әрекетінің тиімділігі оның тікелей жеке ұмтылыстарымн анықталып қоймайды. Тұлғалық ерекшеліктері әртүрлі адамдардың психотерапияның әрқилы түрлеріне мұқтаж болытыны, психотерапевтердің клиенттердің үртүрлі типтерімен жұмыс жасаудың тиімділігіне қатысты бір –бірінен жүйелі ерекшелінетіндері анықталды. Психолог нақты әлеуметтік, ұйымдастырушы, экономикалық және басқа да жағдайларда клиенттермен және тапсырыс берушілермен өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды. Сондықтан клиент кеңе беру мен психотерапия жүйесі тиімділігінің маңызды факторы болып табылады. Кейбір адамдардың психологтың қабылдауына бос қызықтаудан немесе оған нақты әлденені дәлелдеу үшін келетін жағдайлар да белгілі. Клиенттің бірлесіп жұмыс жасау, мінез –құлқында әлденені өзгерту ниетінің болмауы психологтың іс –әрекетін біршама қиындатады. Клиенттің лайықты мінез –құлқы, әрекеттерідң ортақ жоспарын ұстану, психологтың кеңестерін орындау практикалық психологтың тиімді іс –әрекеті факторларына енеді.
- Практикалық психологиядағы көптеген құбылыстар материалды жағдайлармен: ыңғайлы кабинетпен, сәйкес жабдықтармен т.с.с. анықталады.
Психологтың алдындағы міндеттерді шешу үшін оның диагностиканы және кеңес беруші немесе психотерапиялық іс –шараларды жүргізуге жететіндей қажет уақыты болуы тиіс. Кейде уақыт клиенттің қабілеті жетерлік өзгерістердің жеке – дар ырғағымен анықталады. Әрине, уақыт жөнінде психологтың, клиенттің, кеңес беруші қызметтер жасалынған мекеме басшысының арасында айырмашылықтар болуы мүмкін.
Алдымен диагноситкалық жұмыстың, кейін психологиялық ықпалдардың тиімділігі жөнінде мәселелерді талқылаған ыңғайлы.
Диагностикалық іс –әрекет тиімділігін шарттары мен көрсеткіштері. Іс –әрекеттің критерийлері психологтың ұстанған теориялық негіздерге, сондай –ақ психологиялық ақпараты алуда қолданылатын әдістерге байланысты. Қолданылған теория ғылым дамуының деңгейін және психологтың кәсіби ересектігінің дәрежесін сипаттайды. Психодиагностикалық әдістердің тиімділігі психолог пен тексерілуші адамдардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктеріне де байланысты. Психологтың алатын мәліметтері белгілі дәрежеде клиенттердің –мінез –құлықтарына да байланысты болады.
Стандартталған тесті қолданудың тиімділігі оның мақсаттар мен бастапқы жағдайға сәйкестігімен анықталады. Психолог тестің стандартталуына қатысқан таңдаулардың сипаттамаларын және тестік нормаларды білуі тиіс. Бұл шет ел тестерін қолдануда аса маңызды, өйткені тілдегі және мәдениеттердің арасындағы айырмашылықтар нәтижелер мен олардың талқылануын біршама бұрмалайды.
Психологида өлшеуші әдістерге қатысты нақты талаптар құрылған:
- мақсаттың, пән мен қолдану саласының бір мағыналы анықтамасы және теориялық негізділгі, текерілушілердің контингентін көрсеті;
- жорамалды және зерттеудің басқа да өлшемдерін білмейтін маманға ұсынуға болатын процедураның бір мағыналы алгоритм ретінде ұсынылуы;
- тестік ұпайды өңдеудің, есептеудің және стандарттаудың статистикалық негізделген әдістерінің болуы;
- тестік шкалалардың репрезентативтілікке, сенімділікке және валидтылыққа тексерілуі;
- өзі–өзіне есеп беру процедураларының сенімділікті қадағалау құралдарымен жабдықталуы.
Психодиагностиканың тиімділігі бағдарламаның даярлық сапасы мен әдістемелер батареясының іріктелуіне байланысты болады.
Диагностикалық бағдарламалардың даярлануы төмендегідей әрекеттерді қамтиды.
- Диагностикалау (айқындау) пәнін анықтау (тұлғаның қасиеттері, әрекет етуі, күйзелуі, танымдық процестері, әлеуметтік–психологиялық құбылыстар). Осының негізінде бара–бар әдістемені немесе олардың жиынтығын таңдауға болады.
- Таңдалған әдістің көмегімен сәйкес психикалық құбылыстың қалайша айқындалатынын нақтылау.
- Әдістің діттеген бағытта зерттегеніне көз жеткізу. Бұл әдістің валидтылығы жайлы мәселе.
- әдістің қандай мақсатта ұсынылғанын анықтап алу (ғылыми зерттеулер үшін, практикалық диагностика үшін немесе кадрлерді іріктеу немесе үлестіру үшін). Диагностикалық әдістер міндетті түрде нәтижелердің құрылған нормалары мен түсінікті интерпретациясы ие болуы тиіс.
- Айқындау бағдарламасын кімнің жүзеге асыратынын анықтау; ол психолог болса әдістемелер күрделірек болуы мүмкін;
- Әдістің адамдардың қандай қатегориясына арналғанын анықтау (балаларнемемесе ересектер, ауру немесе дені сау адамдар, сауатты немесе сауатсыз сыналушылар; топтар немесе жеке индивидтер);
- Айқында ерзімі мен уақытын, сондай–ақ тестілеудің уақыт ьойындағы нормативтерін нақтылау;
- Әдістің үнемділігіне деген талаптарды бағалау: тексерудіжәне т.с.с. жүргізу үшін арнайы жабдықтарға, құралдарға қажетсіну.
Осындай мәселелер шешілгеннен кейін жеке тапсырмалардың теориялық негіздер мен нақты мақсаттарға сәйкестігін ескере отырып әдісті құра бастауа болады. Әдістің валидтылығы, яғни оның арналған міндетті шешудегі қабілеті немесе «тест өлшемекші болғанын өлшей ме» деген сұрақтың жағымды жауабы, сапасының негізгі критерийі болып табылады.
Кеңес беруші және психотерапевттік жұмыстың тиімділігі. Психологиялық көмек таралған сайын оның тиімділігі жайлы мәселе одан ары өзектелуде. Психолог қызметінің сапасына және ауқыт бойындағы аспектілерге деген талап артуда. Психотерапияның тиімділігі бірқатар жайғдайларыдың ескерілуімен жүзеге асырылады. Психологиялық көмектің тиімділігін сенімді бағалау үшін белгілі бір әдістің нақты сипаттамасы, сол әдісті қолданатын психологтың біліктілігі жайлы мәліметтер, сол әдіс шешуі тиіс проблемаладың сипаты қажет. Сондай–ақ клиенттердің жалпы санымен арақатынасқан нәтижелердің статистикалық мәнді саны да қажет.
Осыдан кейін кездейсоқ таңдау принципі бойынша іріктелген әдіс қолданылатын клиенттердің контингенті қалыптасады. Проблемды материал тым құрымағанда қайсібір гомогенділікпен сипатталса, тиімділік жайында сенімді материалдарды алуға болады.
Емдеудің тікелей және алшақ салыстырылуы қажет. Қайтара тексерілетін клиенттердің саны репрезентативті болуы тиіс (жалпы санының 90%).
Объективті баға үшін клиенттердің бақылау тобы қажет, өйткені психотерапия курсын өткен күдің өзгерісі қадағаланбайтын жағдайларда жалғасуы мүмкін.
Психологиялық ықпалдың тиімділігін бағалаудың сызбасы психологиялық эксперименттің стандартты жоспарларының біріне сәйкес құралады. Мәселен, алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары мен бақылау тобы. Мұндай жағдайда бірінші кезеңде экспериментті және бақылау топтарында айқындау өлшеуіштері жүргізіледі. Екінші кезеңде экспериментті топқа тәуелсіз айнымалы енгізіледі, яғни іріктелген әдіске сай ертерек белгіленген психологиялық ықпал жүзеге асады. Бақылау тобымен жұмыс үйреншікті әдістермен жүргізіледі. Экспериментті топта алдын ала және қорытынды тестілеуде алынған нәтижелердің, бақылау тобының мәліметтерімен салыстырылуы бағаланған әдістің енгізген айырмашылықтардың маңыздылығын, демек оның тиімділігін сынауға мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпалдардың тиімділігін қадағалау үшін нақты жаса ерекшелігіндегі топтың психикалық белсенділігінің динамикасын талдауға және онымен сол ықпалдар қолданылған адамның ішкі әлемінің динамикасын салыстыр мүмкіндік беретін лонгитюдті зерттеулер де пайдаланылады.
Тиімділіктің кез келген критерийінің талдануы төмендегідей нәтижелермен істес болады: клиенттің өз ойлауы мен мінез–құлқындағы субъективті бағаланған өзгерістер; оның ішкі әлесіндегі әртүрлі модальдылықтарындағы құралдармен тіркелген өзгерістер; адамның кейінгі өмірінд көрініс беретін жетістіктердің тұрақтылығы.
Адамның өз–өзін бағалауының динамикасы, басқа адамдарға қатынастары тұлғаның қайта өңделу үрдісін сипаттайды. Сол динамиканың қайтара тестіленуі клиенттің өз проблемаларына әрі психотерапия процесіне қатысты ұстанымдарының алмасқанын бақылауға мүмкіндік береді. Адамның мінез–құлқының қайта өңделуін сезінуімен байланысты өзгерістер маңызды болып табылады. Авторлардың көпшілігі клиникалық симптоматикалық жақсарудың психологиялық ықпал тиімділігінің аса маңызды крийтерийі болып табылатынына келіседі.
Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады.