Білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі

Бала- бақшаларда, мектептерде және т.б. білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін барлық үлкен адамдар жалпы бір міндетті шешеді, яғни өсіп келе жатқан ұрпақты білім және тәрбиемен қамтамасыз етеді.Осыған байланысты олардың әр қайсысының оқу -тәрбие үрдісінде өзіндік орындары ерекше. Өздерінің жеке міндеттері, мақсаттары және әдістері болады. Мысалы, бала- бақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің нақты міндеттері мен әдістері, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Сол сияқты бастауыш сынып мұғалімдерінің, жоғарғы сыныптарда жеке пәндерді (тіл, әдебиет, математика, физика, химия, тарих, география және т.б.) оқытушы мұғалімдердің де өзіндік міндеттері мен әдістері болады.

Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.

Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.

Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.

Ал психолог ше?

Практик- психолог бала- бақшада, мектепте, интернатта және т.с.с. білім беру мекемелерін де жұмыс істей отырып, әртүрлі жас кезеңіндегі балалармен жұмыс істеуіне тура келеді. Мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншіктер және жоғарғы сынып оқушылары. Ол балалардың статистикалық жасына қарамйды, динамикасына қарайды оның көз алдында балалар өсіп, есейеді, яғни онтогенездің бір кезеңінен келесі күрделірек және мазмұнды кезеңіне өтеді. Сол себептен оның басты міндеті баланы оның өмірінде әрбір жаңа жас кезеңінде кездесетін өзгерістерге, психологиялық тұрғыда, яғни өзін- өзі анықтауға (самоанализ) дайындау.

Өзін- өзі анықтауға психологиялық дайындық (жеке тұлғалық, кәсіби, әлеуметтік) біртіндеп, өмірге келгенен бастап, үлкендермен және құрбыларымен қарым қатнас кезінде, ойын үстінде, еңбекте, және мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Сосын бала мектепке келеді 6-10-11жасаралығында үлкендер өміріне дайындалады, жеткілікті білім алу үшін, оқуға, жазуға, ойнауға, жұмыс істеуге, дос болуға үйренеді. Мектеп біру кезеңіне дейін, қалыпты даму үрдісі болған жағдайда әрбір мектеп бітірушінің мектептен тыс жаңа өмірге психологиялық дайындығы қалыптасу керек.

Психолог Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды –көпті тепе–тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата – аналар көптеген қиындықтарын шешуде психологқа сүйенеді.Олар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл –ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті.

Психолог маманның тәжірибесі психолог қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай –ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез –құлқының, қарым –қатынастарының және іс –әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады.

Мемлекет практикалық психологияның маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс.Бұл салада сәйкес мемлекеттік бағдарламаларсыз шешілмейтін көптеген күрделі негізінен жалпы ұлтқа ортақ проблемалар бар. Мәселен, АҚШ та санақтың мәліметтері бойынша стресстермен байланысты проблемаларды шешуге жыл сайын 75-90 миллиард доллар жұмсалады. Ол ұлттық жалпы өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өнімділіктің стерсстік күйзелістерден төмендеуінің шығындары шамамен 17 миллиардды құрайды; ішкілік 10 миллиардтармен есептелетін шығындардың себебі болып табылады (жұмыстан қалу және бос шығындалған дарындылық); нашақорлық жыл сайын 17 миллиардтың шығындалуын әкеледі.

Қазақстандағы әлеуметтік денсаулық мәселесі де қылмыскерліктің деңгейін, саяси алаңдағы конфронтациялықты төмендету үшін, билік пен халықтың, жұмыспен қамтамасыз етушілер мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы өзара қатынастарды жақсарту үшін, тұрғындардың барлық категорияларының күнделікті тұрмысын сауықтандыру үшін қуатты шешімдерге мұқтаж болар.

Қоғамдық –саяси қозғалыстар мен партиялар психологиялық қызметкерлердің ең жетекші тапсырыс берушілері болып табылады. Басшылық саяси процестегі психоло –гиялық факторлардың маңыздылығының және практикалық психологияның стратегиялық деңгейге көтерілгенінің қуатын сезген сайын, саяси –психологиялық сипаттағы тапсырыстар –дың саны арта түседі.

Осылайша, психолог –практиктердің іс –әрекетіне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы экономиканың, саясаттың, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің, сондай –ақ қоғамдық өмір мен іс –әрекеттің басқа да салаларының адамдар мінез –құлықтарының психологиялық заңдылықтарын түсіну мен ескерудің толққандылығына деген өспелі тәуелділігімен міндеттеледі. Тұрғындардың адам өмірінің құндылығын сезінумен байланысты психологиялық мәдениеттің артқан деңгейі психологиялық қызметтердің маңызды бастауы болып табылады.

Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.

Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.

Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.