Практик психологтардың іс-әрекетінің кәсіби-әдептік қағидалары

Кәсіби-әдептік қағидалар практикалық психологтың іс-әрекетінде маңызды рөл ойнайды. Қоғамдастықтың кәсіби психологтары психологтың білуі тиіс және қызметінде бағдарланатын нормалардың жүйесін қадағалайды. Кәсіби –әдептік нормалар бұл – психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс-әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммен, сондай-ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар.

Бұндай қағидалар психологтың жауапкершлігін, оның психотерапевтік процестің басқа мүшелерімен қатынастарының сипатын нығайтады. Маман еместердің психологиялық тәжірибесі, сондай-ақ кейбір психологтардың әдептік нормаларды елмеуі, көбінде психотерапевтің және кеңесшінің әлеуметтік беделін жоюда. Мәселен, Қазақстанда әлі де практикалық психология бөліміндегі іс-әрекетті тиімді әдептік қадағалау қызметтерін орындайтын беделді қоғам жеткіліксіз.

Психолог пен клиенттің қатынастарын реттеудің әдептік реттеудің ерекшеліктері соңғысының арнайы хұқықтарының заңмен қорғалмауында. Әлі де болса психотерапевтік, кеңес беруші процесс мүшелері хұқығының бұзылуы жайлы істерді қарайтын сот тәжірибесі жоқ. Мұндай жағдайда әдептік нормалар өз механизмін сақтап қалса да олардың маңызы одан сайын артуда. Шет елдегі практикалық психологтар тәжірибесінің пайдалануы, сондай-ақ отандық тәжірибенің жалпылануы, практикалық пихологиядағы кәсіби әдепті ұстануды қамтамасыз ететін неғұрлым ортақ қағидаларды ұсынуға мүмкіндік береді.

  1. Жауапкершілік. Психолог психологиялық көмектің ұйымдастырылуына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты. Клиенттің қызығушылықтары оның іс-әрекетінің бастапқы пункті болып табылады. Сол қызығушылықтарды дұрыс түсінген маңызды. Егер психолог клиент сезімінің шынайы табиғатын және қажеттіліктерін түсінбесе, психотерапияның алға жылжуы күмансыз.

Алайда, психотерапевтің клиенттің проблемаларын шешудегі жаапкершілігін асыра бағалауға болмайды, – оның өзіндік шегі бар. Клиентті оның күйіндегі прогрестің ең алдымен оның өзіне байланысты екенідігіне әрі ондай қиын жолды психологтың біліміне, тәжірибесі мен арқауына сүйеніп, оның өзі өтуі тиіс екендігіне көзін жеткізу қажет.

Психолог жауапкершілігінің танымдық қыры да маңызды. Бұл психологтың өзінің теориялық және әдістемелік білімдеріне жауап беріп, кәсіби біліктілігінің шекарасын түсінетінін білдіреді. Мәселен, ол өзіне нақты психиатриялық диагнозды қойып, оның негізінде түзету жұмыстарын жүргізу қызметтерін орындауды мойнына ала алмайды. Психолог нақты саланың маманы бола тұра, алынған кәсіби даярлықтың негізінде білікті әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл шығармашылық ізденісті жоққа шығармайды. Тек ізденістің өнімді болғаны, жағдайдың терең ойластырылуы, арнайы даярлыққа сүйенгені қажет.

Ережеге сәйкес психологтар тәжірибелерін куәландыратын сертифиатқа ие болады. Психотерапияда мамандану жағдайы жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогтық, медициналық психологиядағы, патопсихологиядағы, психодиагностикадағы және т.с.с. білімдерді болжайды. Психотерапевтке теориялық даярлықтан басқа, арнайы дағдылар мен іскерліктер қажет. Сонымен, ол нақты жеке-дара сипаттамаларға ие болуы тиіс. Ең алдымен психолог өзінің проблемаларын шеше алуы тиіс, өйткені олар қызметіндегі қателерді арандатады. Психологтың өзінің тереңдегі қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру іскерліктерін дамытқаны маңызды. Егер психолог өз проблемаларының орнын толтырса, ол клиенттің түсінігінен алшақ қалады. Психотеоапевт клиент үшін үлгі болып табылады, сондықтан оның жағдайы көбінде болып жатқан өзгерістердің негізін анықтайды. Мәселен, қабылдаудың ерте тәжірибес жоқ кеңесші әркез мойындауды күтеді әрі оған клиенттердің таңып қоятын «керемет доктор» ойынына қуана –қуана қатысатын болады.

Жауапкершілік қағидасы психологты клиентпен жұмысының аяқталуының орындылығы оны жалғастырудың орындылығынан асып түссе, ол оны аяқтауға итермелейді. Бұл тұрғының экономикалық, қисынды әрі адамгершілікті негіздемесі бар. Нақты жағдайда тұлғаның толықтай түзетілуі ойға қонымсыз болса, сеанстардың жалғастырылуы уақыт пен құралдардың қосымша және орынсыз шығынына әкеледі. Егер клиентті басқа маманға, мәселен психиатрға бағдарлауға міндеттесе психологтың жұмысы аяқталуы мүмкін.

Психологтың жауапкершлігі оның клиенттің тарапынан негізссіз үміттер мен сенімдерді тудырмауында анықталады.

  1. Конфиденциялдылық (жасырындылық, құпиялылық). Сеанстың кезінде орын алған барлық жағдайларды құпияда ұстау іскерлігі практикалық психологияның маңызды қағидасы болып табылады. Практикалық психологтың іс-әрекетіне іс-әрекеттің басқа түрлеріндегідей кәсіби құпия тән, яғни нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану қажет. Оны клиенттің, сондай-ақ, психологтың өзінің қызығушылықтары да талап етеді.

Бұл қарапайым міндет емес. Психологтың қатынасу жүйесіндегі орны мен мәртебесі оның нақты психологиялық ақпаратты ұсынуында. Оның астарында жеке-дара ақпаратқа да қатысты талаптар ұсынылуы мүмкін. Психологтың кәсіби борышы оның клиент жайлы ақпаратты қайсібір қызметтегі адамға айтуға мүмкіндік бермейді. Ата–аналардың өзі баланың көмек сұрай келгенінің себепшісі болса да, ол қағиданы ұстану қажет. Психолог ең алдымен, клиентінің хұқықтарын қорғайды, сондықтан да конфиденциялдылық олардың маңызды бөлімі болып табылады. Конфиденциялдылық қағидасының сақталуы маманға деген сенімді қалыптастырады әрі өнімді қатынастардың орнығуына ықпал етеді.

Сонымен бірге, конфиденциялдылықтың өзіндік шеңбері бар әрі ол жайында клиенттке жұмыстың басында–ақ ескертуі тиіс. Егер клиент өз өміріне, денсалығына, есендігіне немесе басқа адамдардың өміріне ықтималды қауіптің төнгендігі жайлы ақпаратты хабарласа, психолог оның алдын алу шараларын жасайды. Ал ол басқа адамдардың кірісуін және ақпараттың жария етілуін талап ету мүмкін. Мәселен, психолог адамның өз өзіне қол жұмсауды ойластырғаны, қылмыс немее баланың үйінен қашуы жайлы хабарларды назарынан тыс қалдыра алмайды. Клиенттің қызметтестермен, ең алдымен супервизормен талқылау мүмкіндігі де жұмыстың бастапқы сатысында хабарланады. Топпен жұмыс барысындағы конфиденциялдылық ерекше қарастырылуы тиіс. Психолог топта орын алған жағдайлар оның шеңберінен шықпайтын сенімділік ахуалын орната алатындай топтық нормаларды қалыптастыруға жауап береді.

  1. Эмпатия. Бұл қағида клиентті бар қалпында қабылдау қатынасына байланысты. Адам не айтса да барлығы назар аударуға лайық болуы тиіс. Психолог адамды және оның проблемаларын бар қалпында мойындайды. Сондай жағдайда ғана клиент өзін қабылдауға қабілетті болады. Осы ситуацияның парадоксалдылығы адамның өзін қабылдап ғана өзгеруге қабілетті болады.

Әрине, психологтың өзіндік адами, азаматтық және кәсіби құндылықтары мен идеалдары бар. Алайда, ол өз құндылықтарының әмбебап мәніне сенімді болған жағдайдың өзінде де, клиенттің құндылықтары оның өз қүндылықтарынан «нашар» болса да, оларды шеттемейді, клиентті өз сеніміне қарай бұрмайды, сектантқа немесе миссионерге айналмайды. Психолог «игі жолды» нұсқамайды. Практикалық психологтың жалғыз идеалы бар ол – дені сау қызмет ету идеалы мен дербес қорларының негізінде тұлғаның дамуын бетке алу идеалы. Психологтың ұстанымы кінаның уырлығын бағалауда, клиентті ақтауда, кеңес беруде емес, тұлғалық жетілуге көмектесуде.

  1. Зиян келтірмеу қағидасы – психологтың клиентпен өзара әрекеттестікте алған нәтижелері қандай жағдайда да оған зиян келтірмеуі тиіс екендігін болжайтын практикалық психологтардың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бұл принциптің шығу тегі медициналық болып табылады. Ол психологты ұстамдылыққа, тіптен адамның денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және проблемаларын шеше алу қабілеттерін қозғайтын нәрселердің барлығында кертартпалыққа шақырады. Клиент психологпен қарым – қатынас процесінде өзі және өзінің мінез-құлқы жайлы еш шара қолдана алмайтын естен тандырар ақпаратты алудың нәтижесінде ауыр соққы алуы мүмкін; ол қажет көмекті ала алмайтынына сенуы мүмкін; психологтың бұрыс әрекеттері клиенттің тәуелділігі мен енжарлығын қалыптастыруы мүмкін. Психологтың клиенттің алдында билігі бар және психологпен қарым – қатынасынан білгендерінің барлығын қастықпен пайдалануы мүмкін адамдармен мінез-құлқының салдарынан зиян келтірілуі мүмкін.

Психолог қазіргі заманғы ғылыми стандарттарға сәйкес келтін апробацияланған әдістемелерді ғана қолдануы тиіс.

Егер психолог зиян келтірмеу қағидасын бұлжытпай ұстанса, мұның барлығы жоққа шығарылады.

Психолог осындай жұмыстарыдң барлығын клиент тұлғасының мызғымайтындығы мен ар–намысын шартсыз сыйлаудың негізінде құрайды. Ол адам негізін қалайтын, адам хұқығының барлығына ортақ Декларациясымен анықталған хұқықтарын силайды.