1.Ұйымдастыру-психологиялық жұмыс
Мектеп психологы ұйымдастыру-психологиялық іс-әрекетті орындау барысында келесі жұмыстарды жүргізеді:
- Балаларды мектепке қабылдау және сыныптарды жинақтау;
- Мектептегі психологиялық қызметтің іс-әрекет бағдарламасын немесе жоспарын оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып жасау.
- Оқу-тәрбие жұмыс жоспарлары мен құжаттарына, мектеп әкімшілігінің не педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімдеріне және іс-әрекеттердің тиімділігін болжамдауға психологиялық талдау.
- Мектеп оқушыларын аттестациялауға қатысу.
- Жаңа мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ұжымда болатын кикілжіңдерді шешу, оқу топтарын құру, мектеп ұжымындағы психологиялық ахуалды орнықтыру, сауықтыру, оқыту-тәрбиелеу ісіне инновациялық үрдістерді енгізу, т. б. Мәселелер бойынша ұсыныстар беру. Бір сөзбен айтқанда, белсенді болу, алғы шепте болу, қамқоршы болу…
- Әкімшілікке, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға әртүрлі мәселелер бойынша кеңес беру.
- Әртүрлі мәселелер бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмысына қатысу.
- Түрлі семинарлар, конференциялар жұмысына, әдістемелік бірлестіктер отырыстары мен іс-шараларына қатысу, басқа мектеп психологтарымен, психология кафедраларымен, практикалық психологтар ассоциацияларымен байланыс орнату, белсенді араласу, сақтау.
- Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс
- Психолог тұлғалық даму, шығармашылық және кәсіби қабілеттілік, т.б. мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
- Педагогтарға оқытудың және тәрбиелеудің әдістемелерін таңдау кезінде көмек көрсету.
- (Әкімшілік-педагогтар, педагогтар-педагогтар, педагогтар-оқушылар, оқушылар-оқушылар, ата-ана-оқушы) сияқты тұлға аралық өзара қарым-қатынастың барлық деңгейін талдау, қате тұғырнамаларды түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Тұлғаның дамуындағы кедергілерді анықтау және жоба бойынша жұмыстар жүргізу.
- Тұлғалық және кәсіби даму мәселелері бойынша мониторинг өткізу.
- Тұлғаның даму деңгейіне таңдамды бақылау жүргізу.
- Мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, ата-аналармен, оқушылармен өзіндік білім алу және өз-өзін тәрбиелеу мәселелері, тұлға дамуы мен оның жекелеген жақтары туралы кеңес жүргізу.
- Мектеп әкімшілігін және педагогтарды педагогиканың психологиялық негіздерімен, ынтымақтастықтың және оқыту мен дамытудың белсенді әдістерімен таныстыру және оқыту.
- Психопрофилактикалық жұмыс
- Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың арасында психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттау.
- Мектеп оқушыларына арналған психологиялық үйірмеге жетекшілік жасай алады.
- Психологиялық диагностика көмегімен тұлғалық дамудағы кері өзгерістерді анықтайды және анықталған өзгерістерді болдырмау мен бейтараптандыру жөнінде педагогикалық ұжымға ұсыныстар әзірлейді.
- Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен балаларды анықтайды және оқытушыға олардың дамуын түзетудің жеке жоспарын жасауға көмектеседі.
- Мектептің педагогикалық кеңесі мен ата-аналар үшін нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу, токсикомания, жыныстық бұзылушылық, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді, кеңес береді.
- Мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға психологиялық артық жүктемені болдырмау, жүйке ауруларына ұшырамау туралы, олардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес береді.
- Мектеп ұжымында жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады.
- Кітапхана қызметкерлеріне психологиялық-педагогикалық әдебиетті жинақтауға көмектеседі.
- Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс
Мектеп психологы бұл іс-әрекеттің ерекше түрінде :
- Педагогикалық кеңеске қатысушылардың барлығының тілдесу диагностикасын жүргізеді.
- Психологиялық даму барысын немесе оның жекелеген жақтарын анықтау мақсатында оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді.
- Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақсатында олардың қабілеттерін, мүдделерін, бейімдіктерін зерттеуді жүргізеді.
- Сынып жетекшілерімен әкімшілік өкілдерімен және басқа да тұлғалармен бірлесе отырып, психикалық дамудағы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған психикалық түзету бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады.
- Психологиялық тәсілдерді аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа ерекшеліктерді ескере отырып жасайды, қолданады және бейімдейді.
Баќылау с±раќтары:
- Мектеп психологы ұйымдастыру-психологиялық іс-әрекетті орындау барысында қандай жұмыстарды жүргізеді ?
- Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс неше түрі бар?
- Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс?