Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, түрлері қандай деген мәселені қарастырайық. Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.
Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:
- әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
- -білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;
- -білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;
- білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;
- балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;
- мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;
- үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық — педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;
- білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
- білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы оқулықтардан оқып-біле аласыздар (Берілген әдебиеттер тізімін қараңыз). Ал кейбіріне қысқаша тоқталсақ…
- Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері. Мектеп психологының құқықтық мәртебесі
- Мектеп психологы – жоғары психологиялық білімі бар маман.
- Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.
- Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір мектепте – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.
- Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.
- Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.
- Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.
- Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.
- Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.
- Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.
- Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
- Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.
П с и х о л о г:
- оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;
- оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;
- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-үйренуге;
- оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;
- педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;
- тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;
- әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;
- мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.
П с и х о л о г:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
- Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
- Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
- Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
- Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
- Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
- Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;
- Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
- Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауғам і н д е т т і.
Ал қазір біз мектеп психологының ж а у а п к е р ш і -л і г і н е тоқталайық.
— Психолог психологиялық көрсеткіштердің сауаттылығына, қолданылынатын болжам жасау және түзету әдістердің тиімді екеніне, ұсынылатын пікір-ұсыныстардың ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.
— Психолог психологиялық зерттеулер хаттамаларының сақталуына, құжаттардың жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады.
Осыдан, келесі практик-психолог жұмысының дәстүрлі қалыптасқан қағидалары. Психологтың ұстаным әдебі туындайды:
- Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!
- Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!
- Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.
- Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.
- Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
- Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама!
- Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!
- Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.
- Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
- Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.
- Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
- Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.
- Өзіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте!
Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері:
- Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау.
- Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.
- «Қиын» сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.
- Жеткіншектермен жұмыс.
- Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.
- Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру.
- Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
- Оқушының танымдық қабілетін арттыру.
- Психологиялық кеңес беру.
- Мамандық таңдауға көмек.
Мектеп психологы :1 жылдың ішінде шамамен 100-150-ге дейін баланы зерттеуден өткізуі тиіс.
10-20 (топ) сынып зерттелуі керек.
100-150-ге дейін жеке кеңес беру.
Семинар, тренингтер, жеке жұмыс – 100-150.
Топтық сабақ (ата-ана, мұғалімдер) – 200-ге дейін.
Ағартушылық жұмыс (ересек адамдармен) – 40.
Консилиум, комиссия – 10 шақты жиналыс.
Мектеп психологының негізгі зерттеу әдістері:
Бақылау, сұхбат, тест, сауалнама, байқау, эксперимент (табиғи) тәжірибе
Оқушыларды зерттеу 4 түрлі шкала бойынша жүргізіледі:
1.Оқушылардың мектепке деген қатынасын;.
2.Оқушының қызығушылығы ( интерес);
3.Оқушының жеке қасиеттерін.;
- Оқушының ойлау қабілетін анықтау.