Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері

  1. Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.

Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.

Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен практикалық психология көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін құрайды.

Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.

Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:

Клиникалық психология (ең көне бағыт);

Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;

Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;

Сот психологиялық эксперитиза;

Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.

Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.

Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.

«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.

Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.

Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.

Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.

Имидж (жарнама мен қоғаммен байланыс) психологиялық пәні – адамның немесе ұйымның қалдыратын әсерді қалыптастыру процесін, кейбір басқа әдістерді, тренингтерді оқытуды кеңес беру жолын басқару, сондай-ақ оларға маңызды адамдарға, нарыққа, шығарылатын іс — әрекеттерінің (идеяларының, тауарларының, қызметтерінің) нәтижелері. Бұл бағыт көбінде жаппай проблемалармен істес. Сондай –ақ «қолданбалы психология» және «практикалық психология» ұғымдарыныңи қазіргі заманғы әдебиетте теңдестірілетінін ойдан шығармаған дұрыс. Оның өзіндік негізі бар. Қолданбалы тікелей міндеттері бойынша практикалық болып бөлінеді.

Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтерін ұсынады: балалардың мектепке даярлығын анықтау, бизнесті, соның ішінде маркетинг пен жарнаманы психологиялық қамтамасыз ету, адамдардың топтық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде үйлесуін болжау. Олар саясаткерлер мен шаруа бастықтарына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, милиция қызметкерлері мен архитекторларға, жол қозғалысын ұйымдастырушыларға және де шешім психологиялық факторлардың ескерілуін болжайтын әскери мәселелер бойынша ұсыныстар береді.

Практикалық психология теориялық психологиядан да ерекшелінеді. Теориялық (академиялық) психология психика бөліміндегі заңдылықтармен ғылыми деректерді анықтаумен, адамның ішкі әлемі мен адамдардың өзара қатынастардағы «картаның» ақтаңдақтарды анықтап, оның орнын толтырумен айналсысады.

Оның мақсаты – адам жайында заңды сенімді білім алу. Психология саласындағы теориялық білімдер ұзақ уақыт бойы ешкімге керексіз болып, мамандардың тек шектеулі шеңберін ғана қызықтыруы мүмкін. Олардың қатарына практикалық психолог жатады: ол теориялық психологиялық білімдерге ие болып, оларды нақты өмірлік ситуацияны зерттеуде сәйкес ықпалдардың жоспары мен процедурасын құрастыруда қолдануы тиіс. Жалпыланған ғылыми теория бұл психлогияға қарағанда сенімділігі тексерілетін практикалық психологтың ойлау тәсілі. Теорияда психологиялық көмек көрсетудің идеялары, ұйымдастырушы, өзекті ұстанымдары қамтылған. Сіз теорияны, әдістемелерді алып оларды тікелей клиентпен жұмыс барысында қолдансаңыз тәжірибені сөз етуге болады. Егер де сіздің әдістемелердің ауқымды қорыңыз әрі теория жайлы түсінігіңіз бар болса, сізді терапия мен кеңес берудің тәжірибесіне дайындығыңыз бар деп айтуға болады.

Сондай-ақ практикалық психология тек тәжірибелі емес, оны теориялық-тәжірибелі деп атауға болар еді, себебі оның өзіне тән әдістемелік негізі бар, әрі ол дербес теориялық зерттеулерді жүргізуді қамтиды. Академиялық психология үшін тәжірибелеуші психологтардың алатын психологиялық ақпараты өте пайдалы, жалпыланған психологиялық білімнің едәуір жоғары теориялық деңгейге жетуіне ықпал етіп, оны тексереді, толықтырады және нақтылайды. Ол адамдардың рухани өмірінің оқиғалары мен деректерін баяндауға бағытталғандықтан баршаның қызығушылығын тудыруда. Практикалық психология психологиялық ғылымдардың тұтастай жүйесі үшін қуатты қозғаушы ретінде қызмет етеді.

Мектептегі психология өзінің теориялық құраушысын төмендегіше сипаттайды. Ғылыми аспект мектептегі психологиялық қызметтің әдістемелік мәселерінің құралуын болжайды. Оның негізгі міндеті зерттеулерді жүргізуде, теориялық негіздемеде және мектептегі психологиялық қызметтің психодиагностикалық, психологиялық дамытушы әдістері мен бағдарламаларын құрастыруда. Бұл зерттеулердің академиялық зерттеушілерден айырмашылығы, оның қайсыбір психологиялық механизмдерді немесе заңдылықтарды анықтауында ғана емес, сондай-ақ сол механизмдер мен заңдылықтардың нақты бір баланың тұлғасын тұтастай қалыптастырудың аясында қалыптастыруының психологиялық жағдайларын анықтауында. Осындай зерттеулерді орындаушылығы мен қызметкер өзінің негізгі тапсырушысы ретінде практикалық психологқа бағдарлануы тиіс. Осылайша мектептегі психологиялық қызметтің эпитии аспектісі, оның іс-әрекетінің негізгі мақсатын ұсынады:

Оқушының мектептегі бітіру мерзіміне орай ересек өмірде өз бетінше қамтамасыз ететін психикалық тұлғалық және жеке дара дамуына барынша жоғары ықпал ету.

Практикалық психология айналысатын мәселелер психологиялық деп аталады. Психологиялық мәселе бұл клиенттің психологиялық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған үйлесімдік күйі. Психологиялық мәселелер жеке даралық немесе өмірлік, ұжымдық–топтық және іс-әрекеттік деп жіктеледі.

Жеке-даралық мәселелер бұл адамдардың жеке-дара дамуына кедергі келтіретін, олардың адами және психикалық денсаулықтарын, хал жағдайлары мен жалпы өнімділігіне нұқсан келтіретін қиындықтар.

Топтық-ұжымдық мәселелер бұл топта қатынасу үрдістерінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалының нашарлауы және топ дамуының бәсеңдеуі. Деструктивті кикілжің ұжымдық проблеманың мысалы ретіне алынуы мүмкін. Адамдардың қасиеттері мен күйлерінің мамандықтың талаптарына сәйкес келмеуінен олардың кәсіби іс-әрекетінде туындайтын мәселелер іс-әрекеттік деп аталады. Олар әрі жеке-даралық, әрі топтық болуы мүмкін. Жұмысқа қызығушылықтың жоғалуы шешіліп жатқан міндетке шоғырлана алмауының қызметтегі сәтсіздіктерге ауыр эмоциялы реакция – іс-әрекеттік немесе психологиялық проблемалардың мысалы.

Психологиялық мәселелердің көбісінің негізінде тұлғаішілік немесе тұлғааралық кикілжің жатыр. Кикілжің әртүрлі адамдардың қарама-қарсы әрекеттерінің көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жоспарларының немесе бір адамның пікірлерінің, қажеттіліктерінің қақтығысуындағы психикалық күй үстіртін, ұғымдар бөлімінде бұл кикілжің, әртүрлі алатуы мүмкін. Бұл жәйт кикілжіңдердің әртүрлі типтері жайлы немесе оның қайта аталуын айғақтайды.

Практикалық психологияның өзіндік тарихи тамырлары бар. Психологияның өзі алғашқыда практикалық психология деп тіршілік еткен ілкі заманнан бері психологиялық қызметтердің шеңбері кең әрі әртекті болды. (көрегенділіктер өмірлік даналықты қиын жағдайлардан шығу жолын іздеу, діні жаралар және окультты процедуралар, йога, буддизм және т.б). Адамдарға психологиялық көмек көрсетудің кейбір жағдайлары құранда сипатталған. Кәсіби психологқа жатпайтын адамдардың көпшілігі психологиялық арқауға зәру адамдарға тиімді көмек көрсетуге қажет қабілетерге ие.

ХХ ғасырдың басында В.Штерке, Г.Мюнстерберг және басқалардың ықпалымен дамыған психотехника. Практикалық психология негізін салушы ғылымдардың бірі болып табылады. Психотехниканың негізгі міндеттері кәсіби іріктеу мен бағдарлауды жүзеге асыруда, іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне даярлауда психикалық қызметтерді жаттықтыруда, жарнама тиімділігінің психологиялық жағдайларын зерттеуде байқалды. Қазіргі таңда «психотехника» сөзі кейде практикалық психологияның қайсыбір саласында қолданылатын тәсілдердің жүйесін белгілеуде қолданылады.

Ресейде практикалық психология соңғы 25-30 жылда дами бастады. Отбасылық психологиялық – педагогикалық, дәрігерлік-психологиялық, кәсіби бағдарлаушы психологиялық қызметкер пайда болады. Практикалық психологтар мұғалімдермен, психиатрлармен, невропатологтармен әлеуметтік қызметкерлермен өзара әрекет етеді. Олар өндірісте де, клиникаларда да, әрі қарттар үйлерінде де қызмет етеді.

Өмірдің қиын жағдайларын тап болған адамдарға дәрігерлік емес көмек көрсету және мінез-құлықтағы ауытқуларды психологиялық түзету практикалық психологтың міндеттерінің бірі болып табылады.

  1. 2. Практикалық психолог психологиялық ғылымдардың жүйесіндегі маңызды үзбелі. Оның қолданылуы мен дамуы тұтастай психологияның жетілу дәрежесін, оның өмірдің шынайы міндеттерін шешу қабілетін дәлелдейді.

Ол психологиялық білімнің бүкіл жүйесінің ерекше өзгерісін білдіреді. Сол себептен академиялық мекемелерден тыс қызмет ететін психолог психологияның қайсыбір тармақтары мен тақырыптары психологияның академиялық саласына жататындықтан, әрі оның өзінің нақты күнделікті қызметінде іздеген шешімдерге селқос болғандай көрінгендіктен алдын-ала олардан бас тарта алмайды.

Практикалық психолог психологиялық ғылымның жалпы пихлогия және дифференциалды психология сияқты салаларына арқау етеді. Әлеуметтік психология тұлға психикасының топтар және адамдар басқа да қоғамдастықтарының психологиясының дамуындағы әлеуметтік себептелген құбылыстарын зерттейді.

Оның өзегі – адамдар қарым-қатынастарының механизмдері – психологтың клиентпен және басқа да адамдармен кәсіби өзара әрекеттестігінің негізін құрайды. Әлеуметтік психологияның практикалық психологиямен байланысы «қолданбалы әлеуметтік психологияның» көркемделуінде дәлелденеді. Оны әлеуметтік психологияның диагностиканың, кеңес беру мен ықпалдың немесе әлеуметтік технологиялардың жиынтығы ретінде анықтайды.

Дифференциалы психология индивид пен топтардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейді. Психологияның осы саласының тәжірибелі міндеттерімен байланысы тым тығыз. Оның барлық бөлімдері іс-жетекшінің әртүрлі салаларында пайда болған. Мектепке оқуға келген балалардың ішінен дамуы тежелген балаларды анықтап, оларға арнайы сыныптарды құру, қайсыбір мамандықты меңгеруге едәуір жарамдыларды іріктеу, психотерапияның түзету мен кеңес берудің даралық бағдарланған тәсілдерін құру сияқты сұраныстардың ықпалында қалыптасады.

Психотерапия практикалық психологияның қалыптасуының эмпирикалық базасы болып табылады. Психотерапияның медициналық аумағынан біршама оқшаулануы бұл процестегі елеулі оқиға болды. Зигмунд Фрейдтің кейбір психикалық аурулардың себептері медицинаның аумағынан тыс жататыны және емдеудің таза медициналық әдістері мен жазылмайтыны жайлы идеясы біршама рөл ойнайды.

Сезілмейтін кешендер ұмыт болған балалық шақтағы дау-дамайлар, ығыстырылған әуестіктер және т.с.с. Патологиялық болып табылмаса да, көптеген қайғы мен кикілжіңдердің себептеріне айналады.

Психологиялық қызмет бұл практиканың құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі. Бұл әрқилы әлеуметтік институттардың (өндіріс, медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдары) іс-әрекетін психологиялық қамтамасыздандыру жүйесі.

Дифференцияланудың екінші ішкі факторы негізінен қолданылатын әдістер мен міндеттермен байланысты. Осының негізінде психодиагностика, психотерапия, психологиялық түзету және кеңес беру ерекшеленеді.

Кейде жас ерекшелік факторлардың қолданылуынан балалар (дұрысы мектептег) практикалық психология және геронтопсихология ерекшеленеді.

Мектептегі психологияның басты міндеті бала тұлғасының дамуына ықпал етуде, оқыту және тәрбие процестерін психологиялық қамтамасыз етуде. Герантох егде тартқан адамның арнайы қиыншылықтарымен айналысады.