Лекция оқытудың негізгі әдістемесі

Лекцияға негізгі және жан-жақты дайындық бұл лекцияның жақсы оқытылуы потенциалды мүмкіндігі. Лекция дегеніміз бұл тек тыңдаушылардың көз алдында іске асырылатын іс-әрекет, ол лекцияның қалай өтуі тыңдаушылардың назарын өзіне аудартып, зейінін қалыптастыруы тиіс. Кейінгі кезде лекцияның мақсаты баяндалып. Жоспар беріледі. Жаңа тақырып беру барысында өтілген тақырып пен жаңа тақ ырыпты байланыстырып отырған тиімді. Лекцияның кіріспе бөлімі жылдам оқылуы қажет. Бұл студентердің ойын психологиялық түрде жинақталуға көмектеседі. Лекцияның бұ л бөлімі әдетте 5-7 минут уақытқы созылады. Лекцияның негізгі бөлімі лекцияның бірінші сұрағынан өткенде міндетті түрде үзіліс болуы тиіс.О сы уақытта лектор студентердің лекцияны тыңдауға дайындығын тексеріп алуға болады. Көптеген оқу орындары оқытушының көқарастары бойынша қазіргі жоғарғы оқу орындарының негізгі кемшіліктері- лекцияны тыңдаудағы, студенттердің енжарлығы, пассивтілігі. Бұл кемшіліктерді жою үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып студенттердің қызығушылығын оятатын проблемалық жағдай туғызып, пікірталастар ұ йымдастыру керек. Мұндай белсенді әдістерге мыналар жатады:

  • Студентерге тақырыптың негізгі ойы туралы түсінік қалыптастыратын сұрақтар қою.
  • Индивидуалдық стиль материалдың мазмұны.
  • Кері байланысты қамтамасыз ету.

Оқу процесінде аудиторияда сенімнің, көңіл-күйдің де елеулі маңызы бар. Аудиторияны түгелдей бақылауда ұстауы, үнемі олардың қабылдау мүмкіндіктеріне ескертуі. Лектор әрқашанда лекцияның мағанасы мен формасына мән беруі, уақыт үнемдділігін пайдалану керек.

Лектордың ауызекі сөзі лекцияны оқу процесінде үлкен рөл атқарады. Оның нақтылығы,эмоционалдылығы, оқу материлын түсінуі мен меңгеруі. Лектордың шеберлігінің маңызды белгісі- бұл сөйлеу темпі. Көптеген жас мамандар тез сөйлейді, соның салдарынан студенттер қазір естігендерін түйіндеп, қабылдап ала алмайды. Жасы үлкен адамдардың жарты бөлігінен астамы есту қабілеті бойынша есте сақтауы 13 сөзден апайтыны бізге белгілі. Ұзын сөйлемдерді аудиторияның 15 проценті ғана меңгереді. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша лекцияны оқудың максималды жылдамдығы 1 секунт ішінде 2 сөзден аспауы керек. Дегенмен де леция динамикалық болуы керек. Лекциядағы маңызды бөліктер жай оқылуы тиіс, қажет болған жағдайда қайталанып отыруы тиіс. Бұл студенттердің маңызды, негізгі материлды жаза алуына мүмкіндік алады. Бірақ студенттер жай жазуға үйретіп , жететіндей дәрежеде қайта оқу. Леция оқуда тағы ескерілетін мәселе – оның дауысы өте жоғары дауыс тыңдаушыладың жүйке жүйесін жұқартуы мүмкін. Тіпті олардың жұмысқа қабілеті қысқа уақытқа жоғ алы мүмкін. Қысқаша сөйлеуде ескерілетідер – интоннация, логикалық екпіндер және үзілістер. Оқытушының жақсы әдістемелік қабілетіне – нақтылық, өз-өзіне сенімділік және достық қарым-қатынас жатады.

Лекциядғы вербальді емес компоненттері:

Шебер лектор аударма мен қарым-қатынаста вербальді емес қатынастарды қолданады. Бұ лар мимика, пантамимика т.б.

Бет келбеті- қызығушылығы жоғары тыңдаушылар әдетте лектордың яғни сойлеушінің бет келбетіне қарап тыңдайды. Сондықтан оның бет келбеті бірқалыпта болуы керек.

Көзқарас – аудиториямен көзбен көру қатынасы нәтижесі әрбір тыңдаушымен жеке-жек, көзбен-көз байланыс жасауға болады. Осы әдісті қолдану арқылы лектор өзіне бағытталған көптеген көзқарастардан туындаған ыңғайсыз жағдайлардан құтылуынан мүмкіндік алады.

Көрініс – сениділік, нақтылық, бостық т.б. түрінде болуы мүмкін. П.Сопердің пікірі бойынша дұрыс еркін тұруға жаттығыңдар, бүкіл өң бойың тиянақты тепе-тең және жеңіл сезінеді.

Жест – адамның қол және саусақ, бас, мойын, иық, бел және аяқ қимылдарымен негізделеді. Студенттер лекцияны тыңдау барысында лекторға үлкен мән береді: оның тұруына, оның бет әлпетіне, қандай екендігіне, жүріс-тұрысына, қолы арқылы жасалатын қимылдарына т.б. Жест қимылдары үзілісі де болмауы керек. Және оны түрлі коріністерде, жаңартып отыру керек.

Қорытынды – лектор лекция оқу процесінде оны қалай анықтау , қорытындылауды ескеру. Лекцияны аяқтамай тақтап қоймай, уақытты үнемді пайдалану керек. Тақырыпты қорытындылауға 5-7 минуттың өзі жеткілікті. Лекцияны қорытындылау барысында оқытушы студенттердің сұрақтарына жауап береді, қорытынды жасайды , оларға өзіндік жұмыстарына әдістемелік бағыт беріп, әдебиеттер тізімін ұсынады. Лектордың кемшіліктері: Лектор студенттерге оқу материалдарын түсіндіре кезінде жіберуі мүмкін мынандай кемшіліктерді бөліп көрсетуге болады:

Сабаққа қатысы жоқ термин сөздерді жиі қолдану.

Нақтылығы жоқ , ауыр және құрғақ сө йлеу тілі.

Аудитория алдындағы қорқыныш.

Мен-меншілдік.