Қазіргі нарық экономикалық жағдайында шетел тілін меңгеру қажеттілігі туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Шетел тілін білу өзекті мәселесіне айналды.
Сондықтан өскелең ұрпақты шетел тілін оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа әдістерді түрлендіре ,күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай әр ұстаз шетел тілін оқытуда жаңа әдістемелік технологияларды қолданып жас ұрпақтың тілге деген ынтасын , көзқарасын біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Әрине , тілді меңгертуде әліде көптеген қиыншылықтар жетерлік . Соның бірі сөйлеу әрекеті . Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен туындайды.
Бәрімізге мәлім шетел тілін оқытудың өмірдің негізгі мақсаты – коммуникативтік қатынасты дамыту . тілді меңгертудің негізі –есту , көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып , оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. Яғни жеке тұлғаны қалыптастыру жолы.
Шетел тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген . Бұл принцптің негізі: оқытуда ең бірінші негізгі түйіні –оқытушы , ал ұстаз –оқытушы ғана емес –ол тану әрекетінің дамытушысы.
Әлемдік тәжірибеде жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін шешудің түрлі жолдары белгілі.
Қазіргі заманға сай педагогика –психологилық оқулықтары оқытудың 3 түрлі-дидактикалық жүйесін бағытқа алады:
- Ашық мектеп;
- Жеке тұлғаны оқыту:
- Бірлестікте оқыту;
Бірлесіп біліктілікке оқыту әдісіне тоқталатын болсақ ол- Американдық педагогтармен толығымен құрастырылған . Яғни – Джон Хопкин университетінен Р. Славин, Р. Джонсоном. Минесота штатындағы университетінен Д. Джонсон , Калифорния университетінен А.Аронсон тобы.
Бұл технологияның негізі-оқыту процесінде түрлі жағдайларда кездесетін бірлесіп біліктілікке оқыту әрекеті жүйесін құру. Шетел тілін оқытуда оқушылардың қабылдау қабілеті әр түрлі , кейбіреулері ұстаздың түсіндіруін тез қабылдаса , ал кейбіреулері – ұстаздың қосымша , қайта толықтыра түсіндіруін қажет етеді. Аленді біреулеріне уақыт тапшы болып қосымша уақыт қажет болады.
Бірлесіп біліктілікке оқыту әдісі , әсіресе алыс ауылдардан келген студентерге өте тиімді. Жасыратыны жоқ, кейбір ауылдан келген студенттерге жоғарғы оқу аудиториясында шетел тілінде сөйлеу , өз ойын жете жеткізіп , не түсіндіру қиынға соғады. Сондықтан студенттердің бастапқы сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын топпен бірге қалыптастыру тиімді.
Сонымен топ ішіндегі кейбір мәселелерді ұстаздың көмегінсіз бірлесіп шешіп , жақсы нәтижелерге жетуге болады.
Яғни білім деңгейі төмен студенттер , білім деңгейі жоғары әріптестерінен білмейтінін сұрап , туындаған кейбір мәселелерді бірлесіп шешіп сөйлеу әрекетінің дамуына жақсы жағдай жасалынып , өз бетінше жұмыс істеу дағдысының нәтижесін арттырады. Сонымен жұмыла бірлесіп біліктілікке оқыту яғни , шетел тілін меңгеруде топпен бірге сөйлеу тиімді және жемісті әдістің бірі болып табылады.
Жоғарыда атап өткендей топпен бірге оқу жеңіл , қызық және тиімді.Әрине бірлесіп біліктілікке оқытуда әр түрлі бағыттарды қолдануға болады. Бірақ олар төменде көрсетілген принциптерден ауытқымауы керек.
1.Ұстаз көмегімен сабаққа дейін психологиялық ерекшеліктеріне , мінез-құлығына байланысты топтар құрылады. Әрине топта білім деңгейі жоғары , орташа ,төмен студенттер – мейлінше ұл бала, қыз бала болуы қажет.
2.Ұстаз басшылығымен топқа бірдей тапсырма беріледі, бірақ әр студент өз шамасына қарай өз рөлін өзі таңдауға болады.
- Тапсырма нәтижесін жеке дара емес, топпен бағалау қажет. Яғни топ мүшелерінің бәріне бірдей ортақ баға беріледі.
4.Ұстаз тапсырманың қортынды жауабын беруші студентті өз таңдауы тиіс. Ол білім деңгейі төмен студентте болуы мүмкін . Себебі әрбір тапсырманы немқұрайлы , ат-үсті , орындау ғана емес топтағы студенттерге жаңа материалды толық меңгерту – оның негізгі мақсаты болып табылады.
Енді бірлесіп біліктілікке оқытудың жолдарына тоқталмақпыз:
1.Топта оқыту
Біріншіден ,топтың жұмыс істеу барысына және жетістіктеріне назар аудару керек. Алдын-ала берілген тақырып немесе мәселені шешу барысында әрбір топ мүшесі жеке және топпен бірге жұмыс істеуге қабілетті болуы тиіс.
Топ басшының міндеті- түсінбеген сұрақтарға жауап беріп , қосымша түсіндіру.
Егер сабақ топта емес , жеке немесе фронтальдіы жүргізілсе ұстаз жеке студенттің білім деңгейі мен сөз әрекетінің түрлерін меңгеруіне байланысты нақты баға бере алады.
Мұндай тәсілдерді төмендегідей сипаттауға болады.
А) жеке-топта
ә) топтық ойындар
б) ұстаз жеке тест алудың орнына әр аптада топ аралық жарыстар ұйымдастырады.
2.Бірлестікте оқытудың келесі түрін 1978 жылы Э. Арсон құрастырған . Бұл әдісті «fine saw» деп атаған .
Педагогикалық тәжірибеде бұл әдісті «Machine hacksaw» деп атайды.
Бірнеше фрагменттерге бөлінген оқу материалдармен жұмыс істеу үшін студенттер арасынан 4-6 адамнан тұратын топ құрылады. Әрбір топ мүшесі берілген тақырып бойынша өз бетінше материал іздестіріп , сол тақырып бойынша жұмыс істейтін басқа топ мүшелерімен пікір алмасады. Бұл әдіс-тәсілді «Сарапшылар кездесуі» деп атайды. Сосын студенттер өз топтарына оралып , білген-түйгендерін бір-біріне айтып ой-пікір алмасу процесі жүреді. Сабақ соңында ұстаз берілген тақырып бойынша әр топ мүшесінен әртүрлі сұрақтар сұрап , жауап алады.
Saw 2 варианты 4-5 адамнан тұратын топтар жұмысының негізін құрайды. Барлық топ мүшелері белгілі бір тақырыпта бірлесіп жұмыс жасайды. Бірақ , сонымен қатар топтардың жеке мүшелеріне арнайы жеке тақырыптар беріліп , сол тақырып бойынша жұмыс жасалынып , тапсырманы барынша жақсы меңгеруге тырысады.
3.Бірлесіп біліктілікке оқытудағы үшінші вариантты бірге оқу деп атайды. Бұл тәсілде ұжым 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді Ұжымға түгелдей бірдей тақырып беріліп , ал ұжымдағы әр топқа сол тақырыпты бірнеше бөлімдерге бөліп береді. Топтардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде берілген тақырып толығымен меңгеріледі.
Шетел тілін бірлесіп оқытуда мынандай амал – тәсілдерді қолдануға болады.
1.Біріншіден жеке сөздермен сөз тіркестерін тексеруге бағытталған жұп жұмысы.
2.Жаңа мәтінмен бірлесіп жұмыс істеу. Бір студент мәтінді оқумен айналысады, ал екінші студент жаңа сөзбен , сөз тіркестерін тақтаға жазады.
- Жаңа мәтіннің оқылуы мен аударуылын , қасында отырған алдын-ала аудармасымен таныс болған студент арқылы қадағалау .
4.Топтарға әр түрлі мәтіндер беріліп , серіктесі арұылы мәтіннің оұылуы , аударылуы тексеріледі. Қысқаша айтқанда топтағылар үстаз рөлін атқарады.
5.Мәтінмен жұмыс істеу үшін ғылыми және философиялық әдебиеттерді зеріктеуге арналған А.Г. Ризимнің методикасын пайдалануға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы сатысына абзацтармен емес, тек абзацтағы жеке сөйлемдермен жұмыс істеуді жатқызуға болады.
Мысалы, студент кітаптан 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін немесе әңгімені таңдайды. Басқа да студенттерге де осы көлемге сай келетін мәтіндер беріледі. Жұмыс қалай жүргізіледі ? Бірінші студент қасында отырған серігімен бірігіп сөйлемдерді талдайды.
Қасында отырған көрші сөйлемді де толық меңгеріп түсінгеннен кейін , келесі басқа көршіге өтеді де , үйренген сөйлемін талдап береді. Сосын келесі басқа сөйлем алынып , жоғарыда айтылған жұмыстар қайта жүргізіледі. Келесі үшінші көршіге бастапқы екі сөйлем оқып беріледі де үшінші сөйлеммен жұмыс басталады.
Соңғы көршіге бірінші студент мәтінді оқуды, аударуды, сұрақтар қоюды және түсінгенін айтуды тапсырады. Үлгерімі жақсы студент кеңес беруші және бақылаушы рөлінде болады.
6.А.Г.Ривин әдістемесінің негізі мәтінмен абзац ьойынша жұмыс жасау . бұл әдісті тек шетел тілді жақсы терең меңгерген студенттерге ғана пайдалануға болады.
7.ұжымдық жұмыс үшін карточка жүйесін құруға болады. Сонымен , берілген негізгі ой-пікірлер бірлестікте оқытудың барлық әдістеріне : мақсаттары мен міндеттерінің бірлігі , жеке жауапкершілігінің артуы және жетістікке жетудің бәріне бірдей мүмеіншіліктердің болуы, ұстазға әр студентті жеке бағалауға мүмкіндік туғызады. Міне, осылай жеке-тұлғаны қалыптастыратын тиімді әдіс-бірлесіп біліктілікке оқыту әдісі болып табылады.
Қазіргі таңда оқыту процесін неғұрлым тиімді етіп ұйымдастырудың заман талабына сай жаңа әдістемелері іске асырылып отыр. Бірнеше жылдар бойы білімнің сапасын біз саралап оқыту арқылы анықтап отырмыз.
Саралай оқыту барысында оқытушы өзіне төмендегідей жүктемелер қоюы тиіс:
. Әр студенттің жеке бас ерекшеліктерінің ескерілуі мен қатар оқытушы өз ісінің шебері болуға қол жеткізу.
.Студенттің мүмкіншіліктерінің дамуына жағдай жасау.
. Көкірегі ояу , ой-өрісі кең ,терең ойлауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқу жүйесінің негізі саралай оқыту студенттің жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып , оның мүмкіндіктерінің дамуына және білім алу барысында жіберілген олқылықтарының орнын толтыруына жағдай жасап, шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік тудырады. Қазіргі таңда саралай оқыту жүйесінің бірізділігі қалыптасқан. Олар:
-Оқу материалын анықтау.
-Оқу материалын топқа бөлу арқылы
-Түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру үшін құрал жабдықтар қалыптастыру.
-Тақырыптық ауызша сынақ.
-Жазбаша сынақ.
-Нәтижелерді сараптау.
Саралау барысында студент өз мүмкіншіліктерін , білім деңгейін , қызығушылықтарын анықтай отырып ,өзіне тікелей бағытты таңдауға мүмкіндік алады. Оқытуда студентке әр деңгейдегі тапсырмалар бере отырып, оқыту процесінің мазмұнын өзгерткенмен мақсатын , формаларын өзгертпейді.
Саралай оқытудың төмендегідей формалары бар :
-Білімді толық меңгерудің үлгісі.
-Деңгейлік саралау.
-Үйірмелерді ұйымдастыру.
Мақсат мүддесіне қарай саралаудың ең төмен деңгейінде студенттерге сабақтан тыс кезде шығармашылық , зертханалық тапсырмалар беріледі. Тапсырма тәжірибе түрінде де берілуі мүмкін. Тақырыпты базалық негізде меңгеріп , сынақ тапсырғаннан соң студенттің екі тобы анықталады: тақырыптығ мазмұнын меңгергендер олармен тақырыпты ары қарай дамытуға арналған жұмыс түрлері жүргізіледі , және тақырыптың мазмұнын толық меңгермегендер олармен жаңа тақырып барысында туындаған қйындықтарды жоюға арналған жұмыс түрлері жүргізіледі.
Саралай оқытуға сараптама жасай келе оның әр түрлі үлгілерін атай кету керек:
1.Ағынның үлгісін анықтау (гуманитарлық, экономикалық, табиғи техникалық бағыттар.)
2.Топ құрамы ( пәндерге байланысты студенттер әр деңгейдегі топтарда шұғылданады).
3.Жеке тұлғаға бағытталған үлгі . (Білім беру барысында студенттің жеке тұлға ретінде дамуына , шығармашылықпен айналысуына көңіл беріледі).
Студенттермен жұмыс жасау барысында оқытушылар негізінен үш стратегия қолданылады:
1.Жеделдету стратегиясы : оқытудың қарқыны өзгергенмен, мақсаты өзгермейді , немесе студент оқу материалын белгіленген уақыттан неғұрлым ертерек , неғұрлым қысқарақ уақытта орындайды.
2.Молайту стратегиясы ; мәселелердің неғұрлым көп мөлшерде қамтылып , тереңірек оқытылуы.
3.Топтау стратегиясы: студенттерді топтарға бөле отырып , әр түрлі жоспармен және бағдарламалармен оқыту.
Топ ішіндегі сарала жоғары оқу орындарында кеңінен таралған . Топ ішіндегі саралаудың ең кең тараған түрі студенттердің білім деңгейіне қарай әр түрлі сатыда орындалатын тапсырмалар беру болып табылады. Бұл жағдайда оқыту процесі жұмыс түрлерінің , студенттің шығармашылық деңгейінің еүрделене түсуі арқылы іске асады.
Мысалы ең төмен деңгейде студент оқулықта берілген бөлімді оқып , мазмұнын айтып , негізгі ойды анықтау керек.
Сәл күрделендірілген деңгейде студент бөлімді оқып ,оған жоспар құруы керек , сұрақтар қоюы керек.
Ал күрделендірілген деңгейде бқлімді оқып, түсініктеме және ой-пікір жазуы керек.
“Electricity” тақырыбы бойынша саралау тапсырмалары төмендегідей болуы мүмкін:
Бірінші топ «Electricity» мәтінін оқып , аударып , «What is this text about? What industrial applications of electricity do you know? What home applications of electricity do you know? Where was the generator developed? Who invented the electric lamp ? Can you imagine our life without electricity? Why?” сұрақтарына жауап береді.
Екінші топ мәтіннің мазмұнын айтып , « The applications of electricity in the home and industry» тақырыбына диалог , ситуация құрайды.
Үшінші деп «Applications of electricity cover all fields of human activity”
Деңгейлік саралай оқыту барысында максимум бағдарынан минимум лу бағдарына ауысу ұсынылады.Сабақтың негізгі түйінін дәл анықтау керек, олай болмаған жағдайда студенттің шет тілін үйрену барысындағы ары қарай жетілу мүмндігі азайады.
Қорыта келе айтпақ ойымыз, бірлесіп шетел тілін оқытуда тиімді пайдаланғанда ғана жоғарыда айтылған қиындықтарды жойып ,шетел тілін оқытудың басты мақсаты-коммуникативті қатынастыдамыта аламыз.
Әдебиеттер :
- Methods of teaching English. Н.Д. Галькова. Москва 2005г.
- English teacher’s book. О.В.Афанасьева,И.В.Михеева. Москва
«Просвещение»2001г.