Лекция орта ғасырларда оқулықтар сирек кездесетін уақыттарда пайда болған және сол кезден бастап жоғарғы оқу орнындағы оқыту процесінде жетекші рол атқарады. Лекция сөзі оқу деген мағананы білдіреді.Ресейде лекцияны қолдану М.В.Ломоносовтың заманынан басталған. Лекция деген қарсы пікірлер болғанымен қазірге дейін лекция оқыту формасының ең тиімді түрі болып табылады. Әсіресе лекция оқулықтар жетіспейтін жағдайларда өте қажет.
Лекцияның білімді үйрету функциясы: Лекция білім алудың ең экономикалық тиімді жолы болып табылады.Оның экономикалық тиімділігі-оны көп тыңдарманға бір уақыт ішінде оқуға болады. Лекция студенттердің ойлау мәдениетін жоғарылатады. Лектор тыңдаушылардың ой-өрісін қалыптастырады. Методикалық шеберлігіне байланысты лектор бір информацияны әртүрлі жолмен жеткізе алады. Кез-келген жақсы лекция тыңдаушыларды едәуір эмоциялды әсер қалдырып, олардың пәнге деген қызығушылығын , көзқарасы мен сенімін қалыптастырады. Әсіресе гуманитарлық соның ішінде психология лекцияларына тән. Лекция әсер ету жағынан басқа әдістерден жоғары тұрады . Лекция студенттерді ғылыммен және оның ғылыми теориялық жайлары мен таныстырады.
Лекцияның мазмұнына дайындық: Жақсы лекция бұл алдын-ала дайындалған лекция . Дегенмен де лекция оқыту формасының ең күрделісі екенін ұмытпау керек. Лекция оқудағы лектор әртүрлі рөл атқарады:
Көрініспен факторларды сараптаушы ғалым және тыңдаушыларға сенімді фактор ретінде.
Көзқарас тәрбиеленуші педагог ретінде.
Барлық тыңдаушылармен және таңдаушылармен бір мақсатқа біріктіруші психолог ретінде.
Жоғарғы оқу орнындағы лекцияға деген талап та жоғары болады:
- Мақсаты анықталады
- Лекцияның тақырыптағы нақты орны анықталады.
- Студенттердің дайындық деңгейі анықталады.
- Теориялық және факторлық құралдар іріктелініп алынады.
Бұл этаптағы материалдар лектордың жұмыс жобалары болып жинақталады. Бұл этапта негізгі мән берілетіні – лекцияның мазмұ ны. Ғылымилық тұрғыда қазіргі замандағы білімге негізделуі керек. Бұл дәстүрлі теориялық және практикалық проблеамаларды , заңдылықтарды салытырмалы түрде қарайды. Мұндай лекцияның мазмұнына бұрынғы және қазіргі заманға белгілі зерттеулер, ғылыми нәтижелер , эксперименттер енгізіледі. Лекция студенттердің ғылыми ойлауын дамытатын оқыту формасы . Сондықтан лекция жай ғана сенімге емес ,нақты оның ғылыми мәселелеріне негізделу керек.
Игерілуі: Мұнда аудиторияның дайындық деңгейіне, жасына , кәсіби ерекшеліктеріне , әсіресе терминдер жүйесіне көңіл бөлу керек. Психолоиялық терминдер өте күрделі. Сондықтан лекция дайындау барысында терминдер мен ерекше жұмыс істеу керек. Психологиялық көріністер негізгі заңдылықтар да түсіндіру лектордың шеберлігіне байланысты. Тиімді мысалдар лекцияны қызықты етеді. Барлық келтірілетін мысалдар мынандай болуы тиіс:
- Жекелеген
- Жай ғана алынғын
- Оқытылатын тақырыпқа байланысы жоқ.
- өте күрделі.
Екінші этапта лекцияның құрамы анықталады. Тарихи қалыптасқан түрде лекция 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспеде тақырып іріктеліп, бағдарлама жасалынады. Студенттерді негізгі идеямен таныстырып,бұрын алған және енді алатын білімін байланыстырады. Өте қысқа және нақты мақсата болуы керек. Негізгі бөлімде барлық өзекті сұрақтар, олар сүйенетән анықтамалар және негізгі теориялар жайлары баяндалады. Қорытынды бөлім негізгі идеяны қысқыша баяндайды. Бұл бөлімде тақырыпты игеру жолдары туралы нұсқаулар беруге болады. Лекцияның барлық бөлімін дамытатын, ғылыми әдебиетті талап етеді.
Лекцияның түрлері:
Баяндалатын тақырыптың мазмұнына байланысты лекцияны бірнеші түрге бөледі:
- Хабарлама лекция
- Түсініктеме лекция. Мұнда тек қана оқулықтағы материалды ғана қамтып қооймай, сонмен қатар келтірілген құбылыстардың , түсініктердің , заңдылықтардың себептік нәтижелік байланыстарын ашып беру.
Әрбір лекцияның мазмұнында әлемдегі атақты психологтар туралы тарихи деректер,олардың шығармаларымен жеке қасиеттері туралы қызықты мәліметтер лайықты орын алуы керек. Мұндай лекциялар жақсы меңгеріледі.
Лекцияның текстін өңдеу:
Бұл этапта лекцияның жоспары кескінделеді. Жоспар мен жұмыс барысында оқушы мыналарды есекеру керек:
Лекцияның мақсатын айқындау.
Жоспардың бөлімдерін айқындаудың нақтылығы.
Лекцияның эффективтілігі қамтамасыз ететін жоспарлар.
Лекцияға дайындық барысында оқытушы жазбаша әдіске қарағанда жазбаша әдістің заңдылықтары басқаша болатынын ұмытпау керек.