“Психологияны оқыту әдістемесінің”пәні, мақсаты мен міндеті

Психология білімінің жедел дамуы, қоғамның талабы болып табылады.Бірақ қоғам психология білімін қолдануды білмейді, сондықтан практикалық психологияны міндеті барлық адамдардың психологиялық сауаттылығын артыру.Бұл мақсатқа жету үшін квалафикациясы жоғары жақсы дайындығы бар мамандар қажет.Қазіргі заманғы психология білім жаңа әдістемелік бағдарламаларды талап етеді.Біз осы әдістемелік ғылыми зерттеу нәтижелері болу үшін практиалық тенденциядан өту керек.Психолгияны оқыту әдістемесі – оқыту пәні және жеке ғылым ретінде ,бұл ғылымға көптеген белгілі психологтар көңіл аударғанына қарамастан әлі жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

Психологиялық білім ұзақ уақыт бойы жаратылыстану ғылымдаррының бірі болғанмен қазіргі таңда гуманитарлық болып табылады.Басқа ғылымдарға қарағанда психологиялық білім психологияны оқыту процесінде міндетті түрде есепке алу қажет.

— Психология ғылымының пәні үнемі қатысты жекелік болып табылады.

Ол адамдардың жасына , мінез-құлқы мен іс — әрекетіне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтанда жеке тұлғаның қабылдауының нақтылығы басқа ғылымдар сияқты емес.

  • Психологиялық білім әрбір жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты дамиды. Бұнддай ерекшеліктер психология ғылымдарынан басқа кездеспейді.
  • Психология көріністерді меңеру процесі тек қана логикалық емес, бейнелік- көркемдік,ойлауды сонмен қатар дамыған ой-өрісті талап етеді.Студент – психолог беейнелді ойлауды және оларды орынды үйлестіре білу екрек.Сондай-кақ психолог –кеңесші өзінің жұмыс барысында клиенттің ой-өрісін жобалап, жағдайға дұрыс бейімделуіне дұрыс бағыт беріп отыру керек. Бұл мүмкіндік психолог –кеңесшінің клиентті дұрыс түсініп, жағдайдан дұрыс шығуына көмектеседі.
  • Психологиялық білімді нақты бір ғылым ретінде емес, әдістемелік мақсаттарда қолдануға болады. Психологиялық көріністерді толық сипаттау үшін мына жағдайларды анықтау қажет.
    1. Түсініктер жүйесі ( анықтауыш , бейнелеуіш)
    2. Психологиялық көріністердің функциясы.
    3. Механизмдер ( көріністің пайда болуы және құбылысты жүйелеу)
    4. Түрлер ( классифиациясы )
    5. Заңдылықтары.
    6. Индивидуалды, жас және жыныстық ерекшеліктері.
    7. Өсіп жетілу заңдылықтары.( онтагенез немесе филогенез)
    8. Бұзылуы.
    9. Психологиялық теориялар.
    10. Меңгеру әдістері.

Психологияны оқыту әдістемесінің пәні — әдістер , психологияны оқыту құралдары және олардың ерекшеліктері болып табылады.

Оқыту әдісі:

Әдіс грек тілінен аударғанда оқып, игеру және іс-әрекетте пайдалану деген мағананы білдіреді.

Оқыту әдісі дегеніміз – бұл бір-бірімен байланысты, мұғаліммен оқушның меңгеру іс-әрекеттері.Оның 3 түрлі қызметі бар: Оқыту мақсаты, мазмұнын игеру мүмкіндіктерін және оқушы мен мұғалімнің дұрыс қарым – қатынасын орнату.

Дүние жүзлік педагогикалық практикада әртүрлі оқыту әдістері бар. Дүние жүзік педагогикалық практиканың талаптарына белгілі педагог Ю.К.Бабанский жасаған үйрету әдістеріне классификациясы сәйкес келеді.Ол барлық үйрету әдістерін 3 түрге бөлген, олардың әр қаисысының өз сипаты бар.

Ұйымдастыру әдітері және оқып үйрену іс-әрекетін болдыру. Бұған кіретіндер:

Сөздік ( лекция, түсіндіру, әңгімелесу.)

Көрнекі-құралдар ( тәжірибие, демонстрация,иллюстрация )

Практикалық (жаттығулар, тапсырмалар шешу және т.б )

Оқуға ынтландыру әдістері. Оған кіретіндер:

Меңгеру ойындары

Оқыту дискуссиялары.

әртүрлі оқу жағдайларын жасау.

3.Оқытудағы бақылау және өзін — өзі бақылау әдістері. Бұған кіретіндері: жеке және жаппай сұрау, зерттеулер, емтихандар т.б.

Психологияны оқыту әдісінің ішінен мыналарды бөліп көруге болады.

1.дәстүрлі.

2.дәстүрлі емес.

Дәтүрлі оқытудығ негізгі қалыптасқан эталондарды пайдалануға болады. Бұл жағдайда оқытушы стандартты Психологияны оқыту әдістемесіның материалдың операторы позициясында болады. Және де мұғалім мен оқушының оқу процесінде позитивті- эмоциалды көрінісболады.

Дәстүрлі емес оқыту әдістеріне кіретіндер: дискуциялық ойындар және тапсырмалар және интаративті әдістер. Бұл әдістер оқыту мүмкіндіктерін дамытады. Дәстүрлі емес әдістерді оқыту мамандарды үретуде дүрыс болып табылады.

Оқыту формалары.

Форма латын тілінен аударғанда “сыртқы көрініс» деген мағананы білдіреді. Оқыту формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушының біріккен іс -әрекетінің сыртқы көрінісі. Педагогикада мынандай оқыту формаларына бөлінеді:

  1. Фронтальді- оқудың мұндай түрі лекцияда өтіледі.
  2. Топтық – мұндай оқыту формасы семинар сабақтарында өтіледі.Практикалықсабақтарда оқыту ойындарын ұйымдастыруда, тренингтерде, сабақ үстіндегі жаттығуларда қолданылады.
  3. Жеке ( курстық, бақылау, диплом жұмыстары, жеке тапсырмалар )

Оқыту құралдары:

Оқыту құралдары – оқыту сапасын жақсартатын құралдар. Бұған кіретіндер :

  1. Көрнекі – құралдар.
  2. Техникалық құралдар.
  3. Баспа әдістемелік оқулықтар.

Барлық оқыту әдістері, формалары және құралдары оқу пәнінің тақырыбына байланысты іріктеу.

Психологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.

Психологияны оқыту мыналарға бағытталады:

Жеке тұлғаның қабылдау мүмкіндіктері мен басқа адамдардың іс-әрекетін игеру.

Адамға өзін-өзі өзгерту мүмкіндігін қалыптастыру.

Пәннің мақсаты:

Психология пәнін үйрету сапасын психологтың әртүрлі ортадағы іс-әрекетіне байланысты көрсету.

Пәннің міндетті:

Студенттерге психология нәнінің ерекшеліктерін үйрету.

Студенттер педагогикалық процесті басқарумүмкіндіктерін қалыптастыру.

Студентке педагогикалық қабілетін жетілдіру.

Ағарту іске қабілетін дұрыс ұйымдастыруталабын дамыту.

Студенттерге профисионалдық білімді жетілдіруге және өз-өзін тәрбиелеуге көмектесу.