Психологиялық ағарту жұмыстары мен психологиялық дайындаудағы материалдық жабдықтар

Психологиялық ағарту жұмыстары мен психологиялық дайындаудағы материалдық жабдықтар:

  1. Осы ауданға қатысты барлық мамандықтардың кәсіптік кестесін білуі керек.
  2. Кәсіби кеңес беру кезінде міндетті түрде барлық маамандықтардың қолданбады оң және теріс жақтарын, әр түрлі диагностикалық әдістемелерін білуі қажет және керек болған жағдайда пайдалану керек.
  3. Кәсіби кеңес кезінде өзіңдік бағаны дамытуға және жеке тұлғаның барлық оңтайлы (жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек
  4. Кеңес беру кезінде сенімділік жағдай туғызу және кеңесті әдепті, өнеглі түрде айтылуы керек. Жеке адамды — қоғамның қажетгілігі мен талаптарына сай бағыттау керек.
  5. Психолог әрбір оқушының жеке адам екенін, оның өзіндік жеке ерекшеліктері, қабілеті, мінез-құлық ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, оқушының барлық көрсеткіштік мүмкіндіктерін дамыту керек.
  6. Психолог жалпылап, жүйелі түрде жауап ала алатындай етіп, сұрақ қояды; ал кеңесші — жауапкершілігін сезіне отырып беруші керек.

Психолог — жеке адамның барлық кешендік негіздеріне сүйене отырып, қорытынды жасайды.