Психолог іс-әрекетіндегі негізгі принцптер

Біз мектептегі психологиялық қызметті жүргізуге төмендегі жұмыс кезеңдерін ұсынамыз:

1.1. І-ші кезең — Мектеп мұғалімдеріне қажетті психологиялық көмек көрсету — мамыр айы.

1.2. 2-ші кезең — МПҚ-тің жұмысын жоспарлау — тамыз айы.

1.3. 3-ші кезең — Мектептің алдына қойған мақсатты ескеріп, педагогикалық үрдістерге қатысушылардың қажеттілігін анықтап, жұмыстың негізгі бағыттарын іске асыру — оқу жылының аяғына дейін.

1.4. 4-ші кезең — Нәтижелерді қортындылау, жалпыламалау -есептік кезең.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

2.1. Психологиялық диагаостика —

Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.

2.2.Психологиялық профилактика —

Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

2.3.Психотүзету (психокоррекция) және дамыту —

Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту.

2.4. Психологиялық консультация (кеңес) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу —

Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

2.5.Психологиялық білімді көтеру —

Мақсаты; Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

ПСИХОЛОГТЫҢ ЖҰМЫС БӨЛІКТЕРІ.

-оқушылармен жұмысы;

-оқытушылармен жұмысы;

-ата-аналармен жұмысы;

-әкімшілікпен жұмысы.

КӘСІПТІК ПСИХОГРАММА

(психологқа арналған)

Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі.
1. Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы.
2. Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы.
3. Жетекші болуға қабілеттілігі.
4. Әдептілігі, сыпайылығы.
5. Дұрыс ақыл-оймен басқаруы.
6. Жарқын жүзділігі.
7. Шыдамдылығы, төзімділігі.
8. Үлкен жауапкершілікті сезуі.
9. Әртүрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі.
10. Еңбек іс-әрекетіне ынтасы.
11. Әрекеттегі ұқыптылығы.
12. Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркіндігі.
13. Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі.
14. Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі.
15. Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі.
16. Есте сақтауы.
17. Өзгелерді оқытуға қабілетгілігі.
18. Ауруларға қамқорлық жасай білуі
19. Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі