Психолог іс-әрекетінің –бағдарлары және принцптері

Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрежесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестерімен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының «Мен-тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.

Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.

Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істемеймін» -дегені оның өз ісін жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өзі үшін де, өзіне көңіл аударған адам үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.

Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, өзінің «Мен-тұжырымдамасын» психологиялық-ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: «Психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын»-деген сенімді ойда болады.

Нәтижелік критерийлерінің мәні іс-әрекет деңгейінің өлшемі ретінде.

Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады, және де, керісінше, клиенттің әсері оған да ықпалын тигізетіні түсінеді. Өзіне көңіл аударған адаммен өзара тигізетін әсер деп түсініп, клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей, ойындай және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өзі ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамның көңіл-күйін оның қобалжып қайта сұрай отырып, ашық және жабық сұрақтарды қолдану арқылы жүзеге асырады. Өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер етуі, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.

Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты ғана байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог өзінің «Мен-тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен-тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды