Маманның кәсіби біліктіліктің ерекшеліктерін –
талқылаудың қажеттілігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі, мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Осыған орай, көптеген мәселелер психологтардың барлық елдерде кеңінен таралуы кәсіби және әдептік кодекстері арқылы шешіледі. Практикалық психологгардың іс-тәжірибесініңн мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айырықшаланып тұратын, он түрлі негізгі сапасы арқылы сипатталады. Төменде сипатталып отырған практикалық психологтың негізгі кәсіби қызметінің сапасы, біздің ойымызша, оның жеке басының алатын орнын нақты анықтауға және оның кәсіби дайындық барысындағы «Мен-тұжырымдамасын» белгілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен өз ісіне білікті психологтың кәсіби қызметінің негізгі сапасы білікті емес психологтың қызметінен төмендегідей белгілермен айырықшаланатынын тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттеріндегі материалдарға сүйендік.
Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлқының болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікгі психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда, өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.
Өз ісіне білікгі емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.
Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне көңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог — бұл өз мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің айтқан ойларын ескермей, өз пікірін қолданып, клиенттің қобалжуына, мазасыздануынаалыпкеледі. Сондықтан «Мен-тұжырымдамасын» (клиенттің) жоққа мүмкіндік береді.