Психологтың этикалық кодексінде тіркелінетін ережелерді талдау

Этикалық кодекстің талаптары мен нұсқауларына сәйкес орындалатын психологиялық іс-әрекеттер:

  1. Конфеденциалдықты қамтамасыз ет
  2. Өзіңе шек қойып ұғуды ұмытпа.
  3. Иррелванттық детальдар туралы сұраудан қаш.
  4. Клиенттің саған қалай қарайғанын керек етсің, солай оған да қара.

Психодиагностикалың тестіц валидтігі және сенімділгі

Тестің психикалық қасиеті немесе сапасының шынайы деңгейін өлшей алу қабілетін сипаттау үшін «валидтілік» термині қолданылады. Тестің валидтілігі бағалауға арналған сапаны (қасиет, қабілет, мінездеме және т.б.) қандай өлшемде өлшейтінінкөрсетеді.Инвалидті,яғнивалидтіеместестертәжірибелік пайдалануға жарамайды.

Валидтілік және сенімділік — байланысты ұғымдар. Олардың байланысын мынадай мысалдан көре аламыз. Мысалы, А және В атты екі атқыш бар дейік. А атқышы 100-ден 90 ұпай, ал В атқышы 100-ден тек 70 ұпай жинады. Демек, А атқыштың сенімділігі 0,90, ал В атқышының сенімділігі 0,70. Алайда А атқышы әрдайым бөтен көздемеге атады, сондықтан оның ұпайлары жарыстарда саналмайды. Ал екінші атқыш көздемені дұрыс таңдайды. Сондықтан А атқышының валидтігі нолге тең, ал В атқышыніңкі 0,70, яғни мөлшері сенімділікке тең. Егер А атқышы көздемені дұрыс таңдаса, оның валидтігі мен сенімділігі тең болады. Ал кейде ол көздемені шатастырып алса, тек дұрыс таңдағаны есептеліп, валидтігі сенімділігінен төмен болады. Біздің мысалымызда сенімділік аналогы атқыштың дәл көздеп атуы болса, валидтігі атқыштың көздемені дұрыс таңдауы болады.

Бір қасиетті өлшеу үшін оқиғадағы белгілі жағдайда тест танылған инвалидті болады, ал басқалар үшін валидтілікті көрсетеді. Демек, валидтілікке қажет шарт — сенімділік. Сенімді тест валидті бола алмайды, керісінше валидтті тест әрдайым сенімді. Тестің сенімділігі валидтіліктен төмен болуы мүмкін емес, керісінше валидтілік сенімділіктен жоғары болуы мүмкін емес.

Қазіргі психометрияда үш негізгі валидтілік бар:

1) мазмұнды (логикалық);

2) эмпирикалық;

3)концептуалды.