Ересектердің отбасындағы рөлі.
Кекселік шақ- өмірдің барлық сапасында өнімділік пен тиімділікке жететін. Ересек адамның маңызды міндеттерінің бірі- өзінің балаларын өсіріп- жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері болады бұл жерде әр түрлі жағдайларкға байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешүші жағдай- әр бір ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынастар базасына байланысты болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың үш вариянты қарастырылады: Эмоционалдықтың негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік, негізделген сүйіспеншілік және баланы қабылдамау.
Аналық шартсыз сүйіспеншілікті Э.Фроле былайша сипаттаған: “Аналық сүйіспеншілік-бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі. Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады. Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар мен сүйіспеншілігін” деген түсінікте бірігеді. “Мен әдемімін, мен қайталанбас адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ”.
Баланың әдемілігінен немесе ұсқынсыздығына, қабілеттілігіне қарамастан сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік қажет.
Негізделген сүйіспеншілік-шынайы махаббат емес. Баласы мұндай жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне жауап берген жағдайлардағана сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш, проблема әкелмейтін, жақсы оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда ғана сүйіспеншілікке ие болады.
Негізделген сүйіспеншілікбала бойында өзіне-өзі сенімсіздік, мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді.
-Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте, оның психологиялық жасының динамикасы мен байланысты болып келеді. Бір-бірі мен тығыз байланысты, бірақ бір-бірі мен сәйкес емес жастың үш түрін топтастыруға болады:
- Хронологиялық (паспорттық)
- Физикалық (не биологиялық)
- Психологиляқ
Физикалық жас паспорттық жастан онша ерекшеленбейді. Мысалы, 40 жаста 20 жасар болып көрінүге болады және бүкіл ағза денсаулығы да сәйкес келүі мүмкін, нмесе кәріліктің белгілеріне де ие болуға болады.
Психологиялық жас, бұл адам өзін-өзі қалай сезінүді қалай қабылдайды саған байланысты. Бұл жас ерекшелігі көбіне физикалық жасқа әсер етеді.
Психологиялық жас-бұл жас ерекшелік идентификация, яғни өзін-өзі қабылдаудың әр түрлі деңгейіне де тәуелді болуы мүмкін.
Психологилық жас, жас ерекшелік идентификация-уақыт ұғымдары туралы түсініктер мен байланысты өзіндік сана аспекті болып табылады.
Уақытты қабылдау, жас туралы түсініктердің қалыптасуын жеке тұлғаның ес процесінің қосылуына тәуелді болып келеді. Мәселен, үш жасқа дейін бала “қазірғі нақты уақытпен” өмір сүреді, қазіргі мезетте қабылданған заттарға ғана эмоционалды қатынас жасайды.
Кемелдік кезеңде психологилық жас көбіне жеке-тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, сондай-ақ оның тұлғалық бағыт-бағдарына өмірлік мақсаты мен оны жүзеге асыруды спецификатсына да байланысты болыпкеледі.