Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет – ойын болып есептеледі.Оның жетекші іс әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойын мен алданып, үлкендердің еңбек әрекетінеаз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын бала психикасында сапалы өзгерістер туғызады:Онда мектеп жетекшісі болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды.бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлуметтік қарым- қатынасты да нақтылап көрсетеді.Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны үлкендер өміріне аралаудың айрықша түрі болып саналатын ролдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра правалар беретінін біледі.
Егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасмен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны бағалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.
Зейінді жинақтау , есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді.
Ойын ақыл- ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағанасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ойы әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады.Ролдік ойындардың психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі.мектепке дейінгі кешкентайлар ойынның негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс әрекеттерді жаңғарту болып табылады. Мысалы үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқ киім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту- мектепке дейінгі кешкентай ойынның негізгі мазмұны, міне осы. Ойын – адам әрекетінің ерекше түрі. Психологияда ойынға детерминомтты ішкі факторларға тұлғаның жеке және қасиеттілігіне байланысты қарастырады. Ойын ересек адамдарға да қажетті спонтанды қажеттіліктерін қуаныш , бақыт алуға ынталандырады. Ойынға қажетілерін әрбір дені сау ересек неесе бала болсын қажет етеді. Бұл қасиет жануарларға да тән. Жануарлар ата анасы ме , баласы мен, заттармен ойнайды, сонымен қатар жабайы аңдар да . Экологтардың зертеулері бойынша ойын әрекетінде кейбір шартты адамға қажетті басқалар мен қарым – қатынас жасау, өзге жыныстылар мен араласу, балаларға қалай төбелесу, күресу, жүгіру және жеңілу сияқты әрекеттер орындалады. Ойын әрекеті жануарлар әрекетінен ерекшеленеді, бала ойыны . Болашақ әрекеттері емес сонымен қатар әлументтік мінез – құлқын тәрбиелейді. Ойын әрекетінде кейбір элементтер мақсат, мотив, ойын әрекеттері болады. Ойын әректінде тұлғаның барлық экстровертті қасиеті көрінеді. Ойын түрлі көріністе болуы мүмкін. «Ойын » сөзі түрлі түсініктерде қолданыс тапқан, философия , педагогика, кибернетика, өнертану ғылым салаларында басқа түсіністе. Стратегиялық басқару балалар ойыны, актер ойыны, психокоррекциялық ойындар, қияли ойындар мүлдем басқаша түсінікте. Атақты педагог, психолог П.П.Бланскийдің тұжырымдауынша «ойын» абстрактілі котегория жоқ, жеке бөлім ойындар болады. Дәл осы негізде оқу процесінде ойынның қолдану мақсаты, мазмұнын түсініп болмайды (А.А.Вербицкий) Педагогикалық системада ойын, оқу процессінің бөлігі ғана. Мұндай педагогикалық ситемалар белгілі контекстті оқыту негізінде оқыту, оқу әрекеті концепциясын құрауғы болады. Бұл А.А.Вербицкийдің еңбегіне зерттеліп, оқу нәтижелері мен жоғарғы оқу орындарында қолданыста. Жоғарғы оқу орнының студентті бірінші біліктілік деңгейі , екінші профисионалды дағдарысын дамытады. Алдынғы айтылған ойындарды екі классқа бөлуге болады.
- Оқу
- Жұмыс
КЕз келген ойын С:А.шмакованың пікірінше келесілері мен ерекшеленеді;
- Ойын бұл нәтижеге қарамай адамның қиялын еркін дамытатын , іс-әрекеті арқылы қанағаттандырады.
- Ойын активті шығармашылық процес
- Ойын эмоционалдық күй жағдай
Ойынның құрамдас бөлігі ретінде қатысады, тұрақтылықты қажет етеді.