Дау-дамай психологиясындағы топтастырудың негізгі түрлерін және дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық,әлеуметтік- психологиялық және тұлғалық себептерімен таныстыру
Лекциямєтіні
Кез-келген ғылымның маңызды міндеті оның зерттеу нысаны болатын құбылыстардың жиынтығы жайлы білімдерді жүйеге келтіру болып табылады. Топтастырудың (классификацияның) негізділігі, әр түрлілігі мен детальдылығы ғылымның даму дәрежесінің өлшемі қызметін атқарады. Топтастыру – барлық көпшілік нысандарды ажырататын және содан кейін бір белгі негізінде оларды топтарға біріктіретін ғылыми әдіс. Нысанның қандай да бір топқа қатыстылығының өлшемі ретіндегі белгісі немесе көріну шамасы топтастыру негізі деп аталады.
Дау-дамайларды топтастыру олардың маңызды белгілерін, байланыстарын, қызметтерін, қатынастарын, деңгейлерін және т.с.с. салыстырмалы зерттеу мақсатында қажет.
Топтастырудың негізгі түрлері: типология, систематика және токсономия болып табылады.
Жүйелеу – дау-дамайлардың кейбір жиынтығы жайлы түсініктерді жүйеге келтірумен сипатталады.
Токсономия – әдетте иерархиялық құрлымы бар нысандардың топтарын топтастыру және жүйелеу теориясы болып табылады. Дау-дамай психологиясында токсономиялық топтастырудың мұндай құбылысы мүмкін болғанымен әзірге жоқ. Бүгінгі күнде дау-дамай психологиясында ең кең тараған типология түріндегі топтастыру болып табылады.
Типология деп дау-дамайдың маңызды белгісі негіз болатын жіктелу аталады. Бұл – жіктелудің ең бағалы және күрделі түрі. Типологияның нәтижесінде дау-дамайлардың бірқатар түрлерін бөліп көрсетуге болады. Түрдің өзі көптеген дау-дамайларды топтастырудың таңдалған негізі бойынша бөлу бірлігі болып табылады. Дау-дамайлардың базистік типологиясының 4-суретте көрсетілгендей түрлері бар.
4-суреттен байқағанымыздай, ол адамның қатысуымен болатын дау-дамайлардан: әлеуметтік және тұлғаішілік, сондай-ақ, жануарларға тән дау-дамайлардан тұрады. Әлеуметтік дау-дамайлардың жеті түрі дау-дамай психологиясының негізгі нысаны болып табылады. Тұлға аралық дау-дамайлар дегеніміз бұл – екі адамның мүдделерінің қақтығысуы. Егер бөлім бастығы өзін бағынушылар тобына қарсы қойса, онда бұл «тұлға – топ» түріндегі дау-дамай болады. Орта мектептің мұғалімдер ұжымындағы директордың жақтаушылары мен оның қарсыластары арасындағы күрес шағын топтар арасындағы дау-дамай болып табылады. Сондай-ақ, топтар арасындағы дау-дамай бар. Егер дау-дамайға қатысушылар саны бірнеше жүз адамнан көп болса, онда бұл үлкен әлеуметтік топтар арасындағы дау-дамай болады. Мемлекетаралық дау-дамайлар екі мемлекет немесе олардың коалициялары арасындағы күрес болып табылады. Дау-дамайдың маңызды сипаттамасы оған қатысушы жақтардың бір-біріне қарсы әрекеттерінің шиелінісуі болып табылады. Батыс конфликтологиясында бұл сипаттама дау-дамайдың қарқындылығы деп аталады. Аталмыш негізге байланысты дау-дамайларды төмен, орта және жоғары қарқынды деп бөледі. Қарқындылығы төмен дау-дамай оппоненттер арасындағы талас, керіс, келіспеушілік, қағытпа сөздер айту түрінде өтеді. Ең жоғары қарқындылықтағы дау-дамай екі жақтың бірін дене күші арқылы жоюмен аяқталады.
Адамның өмір сүру сферасына байланысты болып жататын дау-дамайларды – отбасылық, тұрмыстық, өндірістік, экономикалық, саяси, педагогикалық және т.б. деп бөледі .
Дау-дамайдың конструктивті және деструктивті функциялары бар. Дау-дамайлардағы жағымды және жағымсыз элементтердің ара қатынасына байланысты оларды конструктивті, деструктивті және жағымсыз салдарлы бар деп анықтауға болады.
Дау-дамайлардың әр түрлілігі көп жағдайда олардағы себепті-мотивациялық байланыстармен анықталады. Осыны ескере келе, Н.В.Гришина өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде мынадай дау-дамай түрлерін бөліп көрсетті:
- еңбек іс-әрекетінің алғашқы мақсаттарына жету барысындағы кедергіге қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
- бірлескен еңбек іс-әрекетінің екінші жеке сипаты бар мақсаттарына жету барысындағы кедергіге қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
- қарым-қатынас нормаларына сәйкес келмейтін немесе адамдардың күткен талаптарына жауап бермейтін мінез-құлыққа қарсылық ретінде пайда болатын дау-дамайлар;
- еңбек ұжымы мүшелерінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайда болатын тұлғалық дау-дамайлар.
Тұлғааралық дау-дамайларды оппоненттер арасындағы бағыныштылық қатынастардың сипатына байланысты «тігінен», «көлденеңінен» және «диагональ» бойынша, яғни оппоненттер жанама бағыныштылық қатынастарында болған кездегі дау-дамайлар деп бөлуге болады.
Дау-дамайларды топтастырудың көп түрлі болуы жоғарыда сипатталған типологиялармен бітпеді. Топтастырудың негізінде дау-дамайдың кез-келген белгісі жатуы мүмкін. Дәл сондықтан дау-дамайларды бірегей топтастыру өте қиын. Бұл – қазіргі дау-дамай психологиясындағы шешімін таппаған мәселелердің бірі.
- Дау-дамайлардың объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері
Дау-дамайлардың пайда болу себептерін анықтау мәселесі олардың алдын алу мен конструктивті шешу жолдарын іздеуде айрықша орын алады. Дау-дамайлар дамуының қозғаушы күштерін білмей отырып, оларға тиімді реттеуші ықпал ету қиын.
Дау-дамай пайда болуының объективті факторлары. Дау-дамайлардың дамуына факторлар мен себептердің төрт тобының әсері болады: объективті, ұйымдастыру-басқарушылық, әлеуметті-психологиялық және тұлғалық. Дау-дамайлардың пайда болу факторларының алғашқы тобы объективті сипат алады. Ұйымдастыру-басқарушылық себептердің объективті-субъективтік шарттары бар. Дау-дамайлардың әлеуметті-психологиялық себептері субъективті-объективтік, ал даулы жағдайлардың тұлғалық себептері субъективті болады.
Дау-дамайлар себептерінің объективті-субъективтік сипатын түсіну олардың алдын алу тәсілдерін анықтау үшін белгілі бір түрдегі дауларда адамдардың мінез-құлықтарының қолайлы стратегиясын жасау үшін пайдалы. Дау-дамайлардың объективті себептеріне субъективті факторлардың ықпалы аз болған жағдайда адамдардың мүдделері мен пікірлерінің, бағдарларының қақтығысуына әкелетін өзараәрекеттесу жағдайлары жатады. Объективті себептер дау-дамай алдындағы жағдайдың объективті компонентінің пайда болуына әкеледі.
Дау-дамайлардың субъективті себептері – оппоненттердің жеке психологиялық ерекшеліктерінен туындаған, олардың дау-дамайларды шешудің қандай да бір басқа тәсілінің орнына дәл осы даулы тәсілдітаңдауына әкелетін қарама-қайшылық.
Дау-дамайлардың объективті және субъективті себептерінің арасындағы өзара байланыстардың сипаты жайлы төмендегідей айтуға болады. Біріншіден, дау-дамайлардың объективті және субъективті себептерінқатаң бөлу, сонымен қатар оларды бір-біріне қарама-қарсы қою заңсыз. Екіншіден, сірә субъективті және объективті себептерге негізделмейтін дау-дамайлар жоқ шығар. Сондай-ақ даусыз тәсілмен шешуге болатын, объективті жағдайларға байланысты пайда болатын дау-дамай алдындағы жағдайды табу қиын. Кез-келген тұлғааралық дау-дамайда үнемі субъективті фактор қандай да бір рөл атқарады.
Орта буын басшыларының өзара қатынастарындағы тұлға аралық дау-дамайлардың 2000-нан астамын талдау дау-дамайдың көптеген объективті себептері бар екенін көрсетеді. Олардың ішінде анағұрлым жиікездесетіндеріне төмендегілерді жатқызуға болады.
- 1. Адамдардың мәнді материалдық және рухани мүдделерінің олардың өмір сүру үрдісінде табиғи қақтығысуы. Бір ұжымда қызмет ететін қызметкерлер әдетте көптеген қызметтік міндеттерді бірлесіп шеше отырып, бір-бірімен өзара тығыз байланысады. Олардың еріктері мен қалауларына қатысы шамалы болғанымен, қызығушылықтары үшін болған бұл қақтығысу даулы жағдаяттар үшін объективті негіз туғызады.
- 2. Адамдардың өзара әрекеттесу процесінде пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешудің құқықтық және басқа да нормативтік процедураларының нашар жасалуы. Мысалы, егер бастық бағынушыны қорласа, онда соңғысы көбінесе абыройын қорғау үшін даулы мінез-құлыққажүгінуге мәжбүр болады. Біздіңқоғамда бағынушылардың мүдделерін бастықтардың зорлық-зомбылығынан қорғаудың тиімді, стандартты, бәріне белгілі даусыз тәсілдері әзірге жасалған жоқ.
- Адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін маңызы зор материалдық және рухани құндылықтардың жетіспеушілігі. Пәтер, үй, сыйақы, шетелге іс-сапар, басқа да материалдық және рухани ресурстарды бөлу объективті түрдегі даулы үрдіс болып табылады.
- 4. Тұлға аралық дау-дамайлар бөлігінің объективті себебі болып табылатын жағдайлар: адамдардың материалдық-тұрмыстық жайсыздығы, кейде отбасының қарапайым мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті қаржының жетіспеушілігі, адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына шектеу туғызатын, өз қабілеттерін үнемі жүзеге асыра бермейтін іс-әрекетімен байланысты өмір сүру қалпы.
- Соңғы ғасырда, тіпті одан да көп уақыт бұрын қалыптасқан еліміздің азаматтарының дау-дамайлардың пайда болуына мүмкіндік беретін тұлға аралық және топ аралық қатынастарының кейбір едәуір тұрақты таптаурындары бар. Адамдардың өздері мемлекет, көбінесе қоршаған адамдар тарапынан жиі қорлық пен жәбір көретіндіктен, олар дау-дамайға оңай және ойланбастан барады.
Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері. Дау-дамайлардың объективті себептерінің екінші тобы ұйымдық-басқарушылық сипат алады. Бұл себептерге алғашқы топтық себептермен салыстырғанда субъективизм элементі көбірек тән. Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері ұйымдардың, ұжымдардың, топтардың құрылуымен және қызмет етуімен байланысты.
Дау-дамайлардың құрылымдық-ұйымдық себептері ұйым құрылымының ол шұғылданатын іс-әрекет талаптарына сәйкес келмеуімен сипатталады.
Дау-дамайлардың функционалды-ұйымдық себептері функционалды байланыстардың, яғни ұйымның сыртқы ортамен; ұйымның құрылымдық элементттері және жеке қызметкерлер арасындағы байланыстардың қолайсыздығынан туындайды. Мысалы, сапасыз шикізат жеткізу ұсынушы мен тапсырыс беруші арасында объективті түрде дау-дамай алдындағы жағдаятты туғызады.
Дау-дамайлардың тұлғалық-функционалдық себептері қызметкердің кәсіби, адамгершілік және басқа да сапаларының атқаратын қызметтің талаптарына толық сәйкес келмеуімен байланысты.
Дау-дамайлардың жағдаятты-басқарушылық себептері басшылар мен бағынушылардың басқару және басқа да міндеттерді шешу үрдісінде жіберетін қателіктеріне негізделеді. Өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде басшының кінәсінен, оның қате де конфликтіге итермелейтін шешімдері үшін — 52%, сәйкессіздік себебінен -33%, кадрларды дұрыс таңдамау себебінен — 15% даулы жағдаят пайда болатындығы анықталған (Рубахин, Филиппов,1972). Бұл мәліметтер ұйымдық-басқарушылық факторлардың еңбек ұжымдарындағы дау-дамайлардың 67%-ң себебі бола алатындығын көрсетеді.
Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептері. Дау-дамайлардың пайда болуындағы әлеуметтік-психологиялық себептердің рөлі жайлы әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі былайша сипатталады: «…дау-дамайға бірінші кезекте объективті әлеуметтік-экономикалық детерминанттар себепші болады.» Сонымен қатар, бір жағынан барлық дау-дамайларда қарсы жақтардың әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің болатындығы, ал екінші жағынан әлеуметтік-психологиялық факторлардан туындайтын дау-дамайлардың жекелеген топтарыны бар екендігі айқын (Петровская, 1977.). Әлеуметтік-психологиялық себептің қатарына адамдардың тікелей өзара әрекеттесуіне, олардың әлеуметтік топтарға ену факторларына негізделген дау-дамайлардың себептері жатады.
Дау-дамайлардың тұлғалық себептері. Дау-дамайлардың тұлғалық себептері оған қатысушылардың жеке -психологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Олар адамның басқа адамдармен және қоршаған ортамен өзараәрекеттесуі кезінде психикасында болып жатқан үрдістердің ерекшеліктеріне негізделген .
Әлеуметтік өзара әрекеттесу үрдісінде адам серіктес болып табылатын басқа адам тарапынан күтілетін мінез-құлық, қарым-қатынас, іс-әрекеттің бірнеше нұсқаларының диапозонына ие болады. Күтілетін әрекеттердің нұсқалары қалаулы, рұқсат етілген, қалаусыз, рұқсат етілмеген болуы мүмкін. Қалаусыз әрекеттер дау-дамайалды жағдайға әкелуі мүмкін болса, рұқсат етілмеген әрекеттер дау-дамайға әкеледі. Көбінесе мүмкін емес әрекеттерге оппоненттердің басқыншылық әрекеті себепші болады. Басқыншылық (агрессия) – бұл дене немесе психологиялық зиян, залал келтіруге не болмаса басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған жеке немесе ұжымдық мінез-құлық.
Дау-дамайлардың тұлғалық себебі адамда эмпатияға деген қабілеттіліктің, яғни басқа адамның эмоционалдық күйін түсіну, бірге сезіну және оған жанашырлықтың нашар дамуынан көрінеді. Жеке адамның басқа адамдар мен топты жек көруінен, жылы шырайдың жоқтығынан, салқындық пен теріс ниеттілігінен көрініс табатын тұрақты жағымсыз эмоционалдық қатынас ретіндегі антипатия да даулы жағдайдың пайда болуы мен дамуына себеп бола алады.