Шағын комплектілі мектепте оқушыларда білім ,біліктерін және дағдыларын қалыптастыру

Оқу — әдістемелік топтаманың құрамды біліктерінің ішіндегі ең негізгі оқу- құралы- оқулық. Онда беттерде берілген немесе бір-біріне тәуелсіз түрде номерленген.Әр сабаақтың үлесіне тиетін жаттығулар мына мәселерді қамтиды: бұрын өтілген білімді жүйелі түрде тиянақтауға бағытталған, қалыптастырылуы тиісті білік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған тікелей жаңа материалды өтуге дайындық сипатындағ түсіндірумен және бекітумен; қандай деңгейде игергендігін тексерумен байланысты және ілгеріде қарастырылуы тиісті қандайда бір жаңа мәселені оқып-үйренуге алдын –ала дайындауды жүзеге асыратын; қалыптан тыс (үйреншікті формада емес) түрде ұсынылатын және оқушылардың, тапсырмалқ немесе зерделік танытуын, әр алуан бағыттағы шығармашылық ізденісті талап ететін тапсрымаларды қамтиды. Кестелік қосу және азайтуға қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыру жүйелі түрде және біртіндеп қарастырылаты жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың игереген білімдері біршама өзгерген және жаңа шығармашылық іс-әрекет орындаумен байланысты жағдайларда қолданыс табады. Осындай жаттығулардың қатарында: санды өрнекті құру және мәнін табу; әріпті өрнекті құру және мәнін табу, теңдеуді шешу; өрнекті оқу және мәнін табу, бір және екі амалмен шығарылатын есептерді шығару; қосу мен азайтудың кестелік жағдайлармен байланысты теңдіктердің 100-дің көлемінде қолдануы аясын анықтау және т.б. бар.