Білімді меңгеру білік және дағдыны қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Білім тексерудің оқу процесіндегі орнын анықтау үшін оның атқаратын қызметін білу қажет математиканы оқыту кезінде білім тексерудің үйретуді, диагностикалық, бақылаушылық, бағалаушылық, бағдарлаушылық, тәрбиелік жөніндегі қызметі бой көр-і.

Білім тексерудің үйретушілік қызметі бұрын меңгерген материалдар мен игерген іскерліктің басын қосып жинақтайтын, қайталайтын және одан әрі пысықтай түсетін жаттығулар мен есептер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Білім тексеру оқу материалдағы ең негізгісін, өзектісін бөліп алуға, оларды қорытып, жүйелеуге үйретеді.

Ал диогностықалық қызметі білімдегі жетістіктер мен кемістіктерді дер кезіндегі анықтауға, соның нәтижесінде тапсырмаларға түзету енгізуге, сабақтың барысы мен мазмұнын өзгертуге, жалпы оқу процесінің барлық сатыларында іске асырылады және ол оқытудағы жетістіктері мен келшіліктерін анықтау мен қатар, осы нәтижеге әкелген себептерді де талдайды.

Бақылаушық қызметі оқушылар білімнің күй-жайын, олардың ойлау қыз-ң даму деңгейін анықтауға танымдық әрекеттің тәсілдерін, оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру машықтарын зертеуге мүмкіндік береді.

Бақылау арқылы білімнің алғашқы деңгейін сонымен бірге меңгерілген білімнің тереңдігі мен көлемі айқындалып, алғашқы білім мен меңгерілген білім салыстырылады. Сондай-ақ бақылау жолымен оқытудың әдістері, дидактикалық және бақылаушылық қызметтер тығыз байланыста қатар іске асырылады.

Алдымен білім тексеру нысаналы болуы керек. Қандай нақты міндеттердің қандай тәсілдердің көмегімен шешілетінін мұғалім анық білуі тиіс.Осыған орай, оқу материалын игерудің әр алуан іскерліктері дараланады. Білім тексеруге қойылатын маңызды талаптардың бірі- оның әділдігі. Тексеру әділдігі деп оның нәтижесінің шындыққа сәйкес келуін түсіну.

Тексерудің әділдігі тексеру мазмұны мен тәсілдерін тексерілетін білімнің сиаптына сәйкестендіру арқылы қамтамасыз етеді.Мұның мәні- оқушыларға берілген білім ғана тексерілуі тиіс. Бұл талапты сақталмау алынған нәтижелердің дұрыс болмауына соқтырады.

Білім тексеру жан-жақты болуы тиіс. Тексерудің жан-жақтылығы, тексерудің тиімді жүйесін қамтамасыз ететін бақылаудың неғұрылым пәрменді түрлері мен тәсілдерін пайдалану арқылы іске асырылады. Мұнда оқушылар пайдалану арқылы іске асырылады. Мұнда оқушылар неғұрлым көбірек қамтылса, нәтижелер соғұрлым дәл болады.

Білім тексеруге қойылатын талаптардың бірі оның жүйелілігі, әдетте, білім тексеру мынандай белгілер бойынша жүргізіледі.