XXI-ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III-съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл-уақыттың талабы»-деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.
Ертеде данышпан ойшылдарымыз айтқандай: «Тегінде, адам баласы-адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады»-деген пікіріне сәйкес, қазіргі таңда жаңа заман ағымына сай, өзіндік жаңа білім саласында түрлі дамыту істерінің дамып келе жатқанын ерекше атап көрсетуге болады.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау педагогтардың міндеті болып саналады. Әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей аламыз.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жүмысының нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі — бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды істердің бірі.
Еліміз Егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет.
Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу-тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтық материалдық-рухани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын-сауық, салт-дәстүр, тағы басқа музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.
К. Маркс: «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің керкемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Музыка сыншысы А. Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек»-дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шектеліп қана қоймайды. Жасөспірімдердің эстетикалық, көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық танымдарын дамыту үшін көптеген сыныптан тыс өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып, жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, икемділігін, қасиетін дамыту керек.
Қазіргі мектеп оқушылары өнердің қай түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласпен айналысады. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда, аспаптық үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би үйірмелері ұйымдастырылған.
Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөліп қарастырамыз: оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие, үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.
Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға бару,музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді.
Педагог-музыкант өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрлі үйірмелерді, сабақ пен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды байланыстырушы бола білуі қажет.
Солардың бірі-сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала, танымдық, тағылымдық мәні зор лекция-концерттер ұйымдастыру.
Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынуға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде педагог-музыканттың шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте тартымды жеткізе білу- педагог-музыканттан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. Міне, сондықтанда болашақ педагог-музыканттың жоғары оқу орны қабырғасында жүрген кезден-ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр, ансамбльдер), жаппай көпшілік формалары, мерекелер, мәдени тынығу. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін дұрыс ұйымдастыру-оқушыларды тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы.
Осындай үйірмелерде, клубтарда, бөлімдерде арнайы жүйелі жоспарланған жүмыстар жүргізілуі тиіс. Ондай үйірмелерге: хор үйірмелері, домбыра мектебі (баян, фортепиано, т.б), би үйірмелері т.б. жатады.
Ал сыныптан тыс жүргізілетін тақырыптық жұмыстарға: атаулы күндерге арналған мерекелік концерттер, ұлы композиторлардың шығармашылығына арналған концерттер, сынып сағаттары, белгілі өнер адамдарының шығармашылығына арналған кездесулер жатады.
Сыныптан тыс өткізілетін музыкалық білім беру оқушылардың ой-өрісін жетілдіруді, мәдениеттілігін, адамгершілік қасиетін дамытуды, қоғамға, Отанға, жанұяға деген сыйластық, сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жүмысы оқушыларды қоғамдық мәні бар музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру, ынталандыру, жеке тұлғалық музыкалық қызығушылығын арттыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы, мектептегі оқу-тәрбие іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды элементтерінің бірі ретінде, музыка сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыларын әрі қарай тереңдетіп жалғастырушы болып табылады.
Оқушылармен жеке жұмыс, жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда:
домбыра, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара және тағы басқа ойнап үйрену
және т.б. әуесқойлыққызығушылығын қанағаттандыру мақсатында музыкант-педагогтардың, музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады. Осындай жеке жұмыс балалардың болашақта топтық жұмысқа тартылуының алғашқы сатысы болып табылады.
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы педагог-музыканттың жетекшілігімен ұйымдастырылады. Оны жоспарлап ұйымдастыруда педагог-музыкант балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, музыкалық қабілет нышандарының даму деңгейлерін есепке алып, жергілікті жердегі балалардың шығармашылық орталықтарымен, театрлармен, музыкалық қоғамдармен және баска да музыкалық тәрбие беретін қоғамдық инфроқұрылымдармен, ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен бірге, педагог-музыкант оқушылардың сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың музыкалық іс-әрекеттері түсірілген бейне жазбаларды үздіксіз басылым беттеріндегі материалдарды, мақтау қағаздары мен дипломдарының көшірмесін жинастырып, фотоальбом, қабырға газетін, көрме ұйымдастыруына болады.
Сөз соңында айтарымыз, мектептегі педагог-музыканттың міндеті–мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын жай ғана өткізумен ғана емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің жеке басы үшін, сондай–ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып табылады. Педагог-музыканттың сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстары арқылы оқушыларға берер тағылымы, тәрбиесі мол екенін айтуымыз хақ