Жоспарлау және дайындау

Сабаққа дайындалу- күрделі жұмыс, ол мұғалімнің өзінше бір шығармашылық лабораториясы сияқты. Сабақ шығармашылық жұмыс дәрежесіне жету үшін әдістеме, бойынша, соның ішінде сабақты дайындау және жоспарлау бойынша жақсы теориялық дайындық қажет. Жоспарлау жүйесі жылдық немесе жарты жылдық, тақырыптық және сабақты жоспарлаудан тұрады. Осы жүйеге сәйкес сабаққа дайындалудың үш кезеңі көрсетуге болады. Олар: жаңа оқу жылына дайындық, оқу тақырыбы бойынша сабақтар жүйесін дайындау және кезекті сабаққа дайындалу бірінші кезеңде берілген сынып оқушыларының неге, не үшін, қалай оқыту мәселелері жалпы түрде шешіледі. Мұнда олардың өткен сыныптарда оқытылу болашағын бағдарлап отырудың маңызы зор мұғалімнің сабақ дайындалуының екінші кезеңінде тақырып бойынша жоспарлау шешуі рөл атқарады. Тақырыптың жоспар негізінде және өзінің білімін тәжірибесін оқушылардың сынып айырмашылықтары мен математикалық дайындығын, сабақ өту жағдайларын ескере отырып мұғалім кезекті сабақ жоспарын жасайды. Сабақ жоспары мұғалім үшін міндетті құжат (іс қағазы). МҰндай жоспардың бір ізгі келтірілген пішіні жоқ. Әдістемелік әдебиеттерде, әдетте, қысқа немесе толық жоспардың үлгілері сабақтардың конспектілері беріледі. Сабаққа дайындалуда оқушының алдында ең әуелі сабақтың мазмұнын анықтап, дәлдей түсу, оны өткізу әдістемесін егжей-тегжейіне дейін дайындау міндеті тұрады. Бұл тұрғыда мұғалім шешуге тура келетін мәселердің ең маңызды дегендерін атап кетейік. Есепке материал қалай іріктеліп алынады? Оқулықпен оқу құралдарында әрбір тақырып бойынша оқудың барлық түрін қамтитындай есептер жеткілікті түрде келтірілген. Оқушушы, әсіресе, мұғалімдің жұмысты жаңа бастағандар мынадай жұмыстар атқаруға тиіс. Оқулықтың сәйкес пунктерінде берілген барлық есептерді шығарып, олардың әрқайсысының міндет-мақсатын пайымдап алу; тақырыпты өтуге бір емес бірнеше сабақ арналған жағдайда есептерді сабақтарға бөлу; сабаққа таңдап алынған есептерді қиындық дәрежесіне қарай реттеу; үлгере алмай жүрген оқушылардың білім кемістіктерін толтыру үшін жеке математикадан озат оқушыларға қосымша тапсырма беру үшін сабаққа қосымша есептер дайындап әкелу.